Шұжықтың құрамында не бар?

Пайдалы кеңестер /
1. Эмульсия. Мал терісі, ішек қарны, сіңір мен түрлі қалдықтар мұның бәрі арнайы химиялық қосындылар арқылы жібітіліп, ақшыл түсті не түссіз массаға айналғанша араласып езінді түрінде жасалады.

2. Соя белогы. Соя ұны, ақ түсті ұнтақ. Су қосса болды тұздап, бояп, дәмдеуіштер қосып, ет орнына шұжыққа қосуға болатын ботқаға айналады. Шұжықтың дәйекқағазында "өсімдік ақуызы қосылған" жеп жазылса, осы нақ соя ұны, соя изоляты, соя концентраты қосылған.

3. Ет, құс еті. Негізінен импортталатын брикеттелген ет. Көп жағдайда шағын кәсіпорындар MDM (ет өндірісінің қалдықтары пресс арқылы жаншылып, ұнтақталған сүйек пен ет қалдықтары пюреге айналады) қосады. Ең арзан шұжық жасайтын астыртын цехтар кез келген жануардың, аңның, құстың етін қосады.

4. Ұн мен крахмал. Жүгері және картоп ұны, өндірістік крахмал, олар ылғал ұстап, массаның көлемін көбейтіп, ісініп тұруын ұстап тұрады.

5. Дәмдеуіштер. Ылғал ұстауыштар, сұйылтқыш қоюлатқыштар, консерванттар(улы химиялық заттар да кездеседі.), антибиотиктер, «еттің дәмі», «түтін дәмі» тәрізді дәмдеуіштері, бояғыштар, тұз, қант, бұрыш.

45% — эмульсия
25%- соя белогы
15%- құс еті
7%- ет
5%- ұн, крахмал
3%- дәмдеуіш қосындылар.

10 пікір

khairbek
щужиктын құрамында щужык бар сол енды тагы не айтайын! еки жас бақытты болсын
qyrmyzy
Мал терісі, ішек қарны, сіңір мен түрлі қалдықтар мұның бәрі арнайы химиялық қосындылар арқылы жібітіліп, ақшыл түсті не түссіз массаға айналғанша араласып езінді түрінде жасалады
.
qyrmyzy
анда-санда сағынып жейтін әдетім бар еді, соны да көп кердіңіздер ма??
Jako
Қорқынышты екен, біздің ұйдегі апаларың аштан өллсе де «пирожки»жемейді, себебі өзі бұрын пирожки пісірген екен).
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.