Бақытты болу үшін

Пайдалы кеңестер /
Бірде бір шаруаның ескі құдығына кәрі есегі байқаусызда түсіп кетіпті. Шаруа терең құдықтан есегін қалаай шығарарын білмей әбден басы қатады да, ақыры шығара алмасын білген соң құдыққа келіп: «Еһ, кәрі есегім-ай! Бұл да бір маңдайыңа жазылған шығар… Сені қартайды ғой деп жастау есек алғалы жүр едім. Оның үстіне мына ескі құдықты да көміп тастап, басқасын қазуым керек еді. Енді амал жоқ, сені де, құдықты да көміп тастауыма тура келіп тұр. Кешір мені....» — дейді. Сөйтіп көршілерін шақырып құдықты көме бастайды.
Біраз уақыттан соң есектің егесі мына жәйға таң қалады. Құдық ішіндегі есек үстіне түскен топырақты сілкіп тастап, аяғымен таптай бастапты. Осылай әрекетін жалғастыра берген соң есек жер бетіне қарай көтеріле бастайды да, арқасы көрінген кезде ырғып шығып кетеді. Шаруа өз есегінің осыншалықты өмірді сүйетініне таң қалыпты.
Иә, өмірде кездесетін қиыншылық көп. Оның мағынасы тек қиыншылықпен күресіп, жеңіп шығуда ғана. Сондықтанда бақытты болғыңыз келсе:
— Жүрегіңізді баураған әлдекімге деген өкпе-наразылықты тастаңыз;
— Сенімсіздіктен, күмәнді ойлардан арылыңыз;
— Өзіңіздің осы қарапайым ғана өміріңізге риза болыңыз;
— Көп күш жұмсама;
— Аз нәрсе күт; (артығымен келсе саған тосын сый болады)
Жоғарыдағы есек сияқты иығынан басқан қиыншылықты сілкіп тастап, аяқ астына таптаңыз. Егер әрекет ете білсеңіз, кез келген құдықтан шыға аласыз!
Не ғой, бақытты болыңыздар....))

12 пікір

dimash
не ғой, анау… қызық екен))) Аз нәрсе күт; (артығымен келсе саған тосын сый болады) жаттап алатын сөз екен… сен де бақытты бол!
followme_alik
Елді бақытқа бөлегісі келген, психологиялық шағын да болса пайдалы мәтін жазған неткен Жан мына Қыз, аа?! ___ бір нәрсесін жоғалтып алған Суретке дейін енгіздіріп қойыпты. + -батырмасын бастым… аз да болса үлесім болмақ.Жарайсың, Көркем. Блогыңа керемет — Саған алғыс.
lavanda
маған есектің топырақты таптап құдықтан шығып кеткен жері ұнады,әйтпесе анау кісіге жыным кайнап отыр еді, негізі жануарларды жақсы көрем, кез-келген біреуінде 1 жақсы қасиет болады! не болса да сізге ризамын, сосн анау басты рөлдегі ЕСЕККЕ!
Jako
Тамаша,ғибрат аларлықтай әңгіме екен.Тұшынып оқыдым.
Delfina
Керемет әңгіме. Айтадығой құдайда көтергенге бере береді деп, басына бір қиыншылық түссе, тағдырыма жазылған осы шығар деп жүре беруге болмайды. Есек құсап артта тастап жеңе білген дұрыс.
Aspan
Мына мысалды бірінші рет оқып тұрмын, жақсы мысал екен, авторға рахмет,
Baha_07
— Көп күш жұмсама;

Дегеніңіз шамалы келіңкіремейтін сияқты, әрине барлық адам бұл айтқаныңызға қуана қуана келісед… МЕН ДЕ! Бірақ шынайы өмірде өкінішке орай бұлай бола бермид…
Korkem
Неге келіңкіремейді? Мысалы сіз оны былай келтіріп алыңыз: «жаны ашымастың қасында басың ауырмасын» деген, сөзіңіз өтпейтін жерге көп күш жұмсамаңыз. Мысалы, тәп-тәуір жазылған біреудің постына көп тер төгіп, тырнақ астынан кір іздемеңіз, — деп ұқсаңыз да болады. Қалай ойлайсыз?
Baha_07
Сіз маған өкпелі сияқтысыз ғо кәдімгі, " тырнақ астынан кір іздемедім". Кей адам сөзді сол жазылған қалпында, тура түсініп, солай қабылдап қалад. Менің айтпағым өмірде ештеңке жеңіл жолмен келмид, бәрі еңбек ақы, маңдай термен келеді. Ия кей жерде ақылмен істеп жеңіл тірлік етіп кетуге болад, бірақ всегда емес, бұған келісер боларсыз?! Сізге қадалып, жоқ жерден пікір айтқым келмед...өз ойымды ғана жеткіздім.
Zhanat
жынды мысал екен, сенің үйіңдегі кітаптармен газеттерді барып оқыса ғой
Karakulov
е базар жоҒе))) Ешак болғым кеп кетті ғо) +
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.