Қызыл бұрыш

Пайдалы кеңестер /
Қызыл бұрыштың көкөніс ретінде қолданылуымен қоса, адамзат денсаулығына қаншалықты әсерлі екендігі күн өткен сайын жақсы таныс. Қызыл бұрыш холестериннен бастап асқазан ауруына, жөтел және тамақ қабынуларына, ревматизм, рак ауруы секілді көптеген аурулар үшін шипа.
Ауруды және қабынуды тоқтататын әсерімен қоса рак клеткаларының жойылуына көмегі зор. Ол холестерин түсіруші, асқазан қышқылдарын реттеуші және микроп өлтіруші әсерлері бар. Ас қорыту жүйесінің «досы». Асқазан жалқаулығын жояды. Тәбет ашады. Жұмысқа деген құмарлықты оятады. Құсудың алдын алады. Іш өтуін тоқтатады. Асқазан жолдарында газ жиналуының алдын алады. Онымен қатар несеп айдағыш әсері бар. Антибактериалдық әсерімен аурулардың алдын алуға және тымауға, суық тию, сырқаттарына көмекші.
100гр кепкен қызыл бұрыш денеге 318 калори береді, құрамында 148мл кальций, 76 мл С витамині, 2014мл калий, 41 610 МЕ А витамині, 12гр протеин, 293 мл фосфор, 15 мл В3 витамині, 17,3гр май, 152мл магний, 2мл В2 витамині, 56,6гр көмірсутек, 30мл натрий, 1мл В1 витамині, 24,9гр өсімдік талшығы, 8мл феррум бар. Бұларды өзін қуырып жесе де пайдалы. Шикідей жесе адам аранын ашады.

2 пікір

ereke_enu
Ақпарат жақсы, аздап оқуға, есте сақтауға оңай болатындай етіп, әрлеп жіберсеңіз тіпті қатып кетер еді
AKA
Иә, суреттерін де қосып жіберсеңіз қатып кетеді.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.