Жүз тұрғын

Пайдалы кеңестер /
Ғаламшар тұрғындарын, пропорционал өлшеммен 100 тұрғынға дейін қысқарттық делік, енді ауыл тұрғындарымен таныс болыңыз:
57 азиат; 21 еуропалық; 14 американдық (оңтүстігі де солтүстігі де); 8 африкандық; 52 әйел; 48 еркек; 70 ақ емес; 30 ақ нәсілділер; АҚШ елінің 6 адамы бар Әлемнің 59 пайыз байлығын иеленеді; 80 пайыз тұрғынның тұрақты мекені болмайды; 70 пайыз сауатсыз (әріп танитындар бұрын сауатты дер саналған, қазір тағы орта білімі болғаны лазым болар), 80 адам өз қалауымен өмір сүруге батылы жетпейді, тек бір адамның жоғары білімі болады.

Осы көзқараспен әрі қарай жылжитын болсақ, адамдар арасында тең дәрежелі қатынас мәнері, өзара түсінушілік, болып жатқан оқиғаны сабырмен бақылау және адамның білімге, ғылымға деген талпынысы жоғары сұранысқа ие екенін байқау қиын емес. Сонымен қатар:
келесі аптаға жетпей дүниеден өтетін жүз мыңға қарағанда, тағы бір күн өмір сүруге берілген мүмкіндікке шүкірлік ету қажет.
Егер соғыс, қамауға алыну, қысымшылық пен зорлық-зомбылық бастан өтпесе, 500 миллион адамға қарағанда бақытты күн кешудесіз.
Егер қалаған уақытыңызда еш алаңсыз мешітке (шіркеуге, синагогаға, т.б. діни орындарға) кіріп шығатын жағдайда болсаңыз, 3 миллиардқа жуық адамнан бақыттырақсыз.
Тоңазытқышыңызда ас тұрса, киіміңіз бүтін болса, басыңызда пәтер, жылы төсегіңіз болса, әлем жұртшылығының 75 пайызынан жағдайыңыз жақсы дегеннен басқа айтар жоқ.
Егер банкте жеке шотыңыз, әмияныңызда ақша, сонымен қатар басқа да жерлерде өзіңізге тиесілі қаржы көздері болса, әлемдегі жағдайы жақсы деген 8 пайыз адамдар қатарына енесіз.
Бұл постты оқып отырсаңыз, онда екі есе және бір қуаныңыз:
Жаныңызда интернет бар;
Хат танымайтын 2 миллиард адаммен салыстырғанда, әріп танып қазақша посттардың бірін оқып отырсыз :)

Вальтер Скотт айтпақшы:

Ақша қажет еместей жұмысқа кіріс,
Ешкім қарап тұрмағандай, биле,
Ешкім естіп тұрмағандай, шырқа,
Жаныңды әлі ешкім жараламағандай, сүй,
Жәннәттің төрін жерден тапқандай өмір сүр!

Вальтер Скотт



9 пікір

pana
амиго өз репертуарында)
Ademi
Міне, жазба! Ойландырады, толғандырады, шүкіршілік айтқызады! Рахмет! АРБ!
неге мен бақытсызбын (иә саған! :))

Жарайсың!
pana
интернет бар)) за живое)))))
AL-ASTER
Балалық шағымның ең ұнайтын жері — интернетсіз өмірі екенін де жасырмайммын! :*) (сүйіп тұрған смайк былай ма?)
Begimzhan
Керемет! Рас, заман солай…
qyrmyzy
Керемет пост! Амиго, бір көңіл-күйді көтеріп тастадың ше:) Видеодағы қыз сияқты өмір сүргім келеді:)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.