Квас

Пайдалы кеңестер /
Елімізде квастан көп тараған салқындатқыш сусын жоқ.суретОның бірі Квас, ежелгі сусын. Ол шөлді тез қандырады. Сергітіп, тамаша дәмі, хош иісі бар. Алкогольсіз сусындардың халықаралық байқауларында көптеген елдердің мамандары орыс ұлтының квасының дәмі қасиеті ең жоғары (БІЗДІҢ ҚЫМЫЗ, ШҰБАТ, САУМАЛ, АЙРАН, СҮТ, ҚЫМЫРАНҒА ЖЕТ ҚОЙМАС). Квас көптеген елдерге экспортқа шығарылуда.
Ертеде квастың алуан түрін дайындаудың сырларын білген. Тәтті, қышқыл, окрошкалық, шаруашылық, қызыл, сухарьлық, хош иісті шөп қосқан квастар, орыс, литван, поляк, украин квастары белгілі болған. Нан квасынан тыс, жеміс, жидек, бал квастары кеңінен тараған.
Квас сүт қышқылды және ашытқылы негізде қара бидай ұнынан және өнген арпа дәнінен дайындалған табиғи сусын.
Кваста суреткөп мөлшерде (0,25 не 0,50 пайыз) сүт қышқылы 0,3 пайыз қант, 0,3, 0,8 декстрин, 0,4, 0,8 спирт бар. Аз мөлшерде В тобының дәрумендері, сондай ақ азотты сығынды заттар, амн қышқылдары мен минералды тұздар бар. Ашыту кезінде пайда болатын көмір қышқылы сусынның органолептикалық және сергіткіш қасиетін күшейтеді.
Квас ас қорытатын сөлдің бөлінуін күшейтетіні, ас қорыту процесіне қолайлы әсер ететіні дәлелденген. І Петрдің кезінде квастың госпиталь тамағының міндетті құрамдас бөлігі болғаны тегін емес.
Өзгеше ерекшелігі жергілікті жерде сақтауға төзімді. Дәмдік сапасы жоғары квасты тез жасауға болатын концентрат зауытта дайындалады. Дәмдік сапасын арттырып қоймай, ондағы спирттің үлесін 0,1 пайызға дейін кемітуге көмек береді.

Квас дайындау амалы;
Қара нанды кептіріп, суретұсақ етіп түйілген арпа жармасынан қарапайым әдіспен ботқа дайындап алынады. Екі стақан жарма, тұз қосу керек емес. Қамыр илеп, эмальды табаққа 1,5 стақан жылы су құйып, 1 шағын пакеттегі ашытқыны салады. Қамыр құймақтың қамырынан қаттырақ болуы керек. Жылы жерге 4 сағаттай қойып қояды. Эмальды шелекке толтырып су құйып, отқа қою керек. 1 литр суға бір шымшым құлмақ салып, қосымша тағы қайнатып алынады. Болған соң суытады. Шелектегі су қайнаған соң, астын өшіріпкепкен нанды не болмаса ботқаны салады. Жаңа сауған сүттің температурасына жеткенше суытады.Болған соң нанды сүзіп алады. Қант қосылады. Тәттілеу болғаны дұрыс. Құлмақ тұнбасын сүзіп, шелеке құяды. Ашыған қамырды шелекке салып, араластырады. Шелекті дәкемен орап жылы жерге 12 сағат қояды. Уақытысымен араластырған жөн. Оны кешкілік уақытта жасаған жақсы. Таңертең квас көпіріліп дайын болады. Дәкеден өткізіп сүзіп алынады. Квасты 1,5 литрлік бөтелкеге толтырмай құйған жөн. Себебі кеңістік газдардың түзілуіне қажет. Бөтелкелер қараңғы салқын жерде тұруы керек. Біраз тұрған соң, сергітледі. Бір тәулік өткен соң, қолдана беруге болады.Басында дәмі сәл тәттілеу болады. Ал толық дәміне ену үшін тағы 3 тәулік керек. Үш тәулік бойы ашыт кетпеуі үшін, салқын жерде тұрғаны жақсы. Қалауыңыз бойынша кез келген дәрілік шөптердің тұнбасын қосуға да болады. Құлмақтын тұнбасын міндетті түрде қосу керек, сусынды көпіртетін сол құлмақ. Түсінің қоңыр болуы үшін, 2 ас қасық қантты табаға салып, қоңырқай түске келтіріңіз, үстіне аздап су құйып қайнату керек.

1 пікір

Jako
пайдалы кеңес екен.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.