«Мультимедиялық журналистика» дегеніміз...(1-ші бөлім)

Пайдалы кеңестер /
Кеше бір керемет мастер-класс әрі конференцияға қатыстым. Мультимедиялық журналистиканың маңыздылығы жайында өз тәжірибесімен бөлісу үшін Карағандыға сонау Мәскеу мен еліміздің бірқатар қалаларынан ат терлетіп қонақтар келді. Атап айтсақ, Жоғары экономика мектебінің медиакоммуникация факультетінің доценті, Журналистиканың жоғары мектебінің(Мәскеу қаласы) медиабапкері Оксана Силантьева мен Интерньюс Қазақстанның атқарушы директоры Маржан Ельшибаева(Алматы қаласы) және т.б.қатысты.
Жоғарыда атап кеткен Силантьева ханым – бүгінгі күні Ресейдегі мультимедия журналистикасы бойынша маманданған жалғыз магистр(!). АҚШ-та білім алған. «2004 жылы оқуымды тәмамдап, Ресейге келген бетімде, мамандығым бойынша жұмыс таба алмадым»,-дейді Оксана. «Сенің айтып отырған интернетіңде тек ақымақтар ғана отырады. Мультимедиялық ұсыныстарын бізге қажет емес. Ол арқылы қаражат табу мүмкін емес»,-деп редакциялардан шығарып салатын, деиді ол. Демек, 3 жылдан кеиін сәл де болса қызығушылықтар байқала бастаған екен. Енді бүгінгі күні бұл маманға «баға жоқ».
«Бағадан бері жер-көкке сыйдырмай мақтап жатқан Силантьева соншалықты не үйретіп кетті?»,-дейсіз ғой? Қысқаша тізіп атап кетейін:
— Сан алуан флеш-мобтарды өз пайдаңызға өткізу жолдары
— Ақпараттық агенттіктердің сайттарын тиімді реттеу
— Әлеуметтік роликтерді немесе жарнамаларды жасау жолдары
тағысын тағы…

P.S: жалпы, мастер-класстан алған әсерім тамаша! Айтпақшы, бүгін-ертеңдері аталған мамандар Астанада дәл осындай мастер-класс өткізеді! Астаналықтар, қалып қоймаңыздар…

12 пікір

Kan
керемет. иске сәт
рахмет! ертеңдері 2-ші бөлімін жазамын…
MSHERIMBEK
Уоооо, контактілерден хабардар ете отырсаңыз:) Астанадағысына барып көрелік))
мына кісінің визиткасы ғана бар екен: Айнур Байгожа [email protected] // 8-7172-901-638 // 8-7172-901-636
MSHERIMBEK
Хабарласып, таныса берсек те болатын шығар?:)))
солай шығар, хабарласып көріңіз))
followme_alik
)) Тағы Сіз.
Керемет. Іске сәт ©
тағы деп бір-түрлі айттыңыз ғой)көзіңізге сүйел болдым ба?)))
khairbek
жұмыстан шаршап келгенде осы көретінім өтірік ангіме, құр жазбалар, бос тақырып, ляғып кетен каментарриялар, менің көнілімнен щықпадныдар бугін бӘРІН хаххахахахаха
шаршап келсеңіз оқымай-ақ қойыңыз! сіздің пікіріңіз де лағып кеткендер қатарында
Ademi
Мультимедиалық журналистика не ол? Үйренгеніңді бөліссеңші. Құрғақ қасық — ауыз жыртады©
2-ші бөлімінде толықтырамын…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.