Долана

Пайдалы кеңестер /
Долана ерте кезден бері жүрек қан тамырлары ауруларының дәрісі ретінде қолданылып келді. Доланадан жасалған дәрілерді толық қабылдаған дұрыс. Кейбір ауруларға үнемі қолдануға тура келеді. Оны егде адамдарға денсаулығын нығайту үшін пайдаланған. Жүрек қан тамырлары жүйесі дертінің алдын алу долана шайы пайдалы.

Долананың пайдасы құрамына қарай бөлінеді. Долана С дәруменімен калий, кальций сияқты элементтерге бай. Долананың құрамында алкоидттер мен эфир майы, шайырлы заттар мен майлар, илік заттар, дәрумендердің В тобы да бар. Каротин сәбіздің құрамындағы каротиннен де көп. Жүрекке қан апаратын қан тамырлар мен ми қан тамырларын кеңейтіп, жүйке жүйесінің қозуын төмендетеді. Жүрек пен мидың оттегімен қамтамасыз етілуін күшейтеді, жүректін соғуын қалпына келтіріп, ұйқыны және адамның жалпы жағдайын жақсартады. Долана қайнатпасы түрлі тері ауруларына ем. Жидек қан қысымын төмендететін болғандықтан, оны қан қысымы төмен адамдарға қолдануға болмайды.

Долананың зиянды тұстары да бар. Оны белгілі бір мөлшермен қабылдаған дұрыс. Асқазан ауруларын қоздыруы мүмкін. Бүйрек ауыратындар адамдарға долананы қолдануға болмайды. Емізулі және жүкті әйелдерге долананы мүлдем тыйым салынады. Қайнатпасы мен тұнбасын аш қарынға ішсе, денсаулыққа кері әсер етеді. Артық мөлшерде қолданған жағдайда жүрек айнып, бас айналып, құсуы мүмкін.

Долананы қолдану;
1. Долана жемісінің 1 ас қасық ұнтағына 1 стақан қайнаған су құйып, баяу отта жартысы қалғанша қайнатамыз. Тамақтан алдында күніне 3 реттен жарты шәй қасық ішу керек. Емді артмия, жүрек ұстамалары, атеросклерозға шалдыққандар қанның құрамындағы холестеринді төмендету үшін 4 ай қабылдайды.

2. Қызыл түсті 1 ас қасық доланаға 1 стақан қайнаған су құйып, жылы жерде 2 сағат тұндыру керек. Болған соң, сүзіп, тамақ алдында қан қысымы жоғары адмдар 2 ас қасықтан күніне 4 рет ішу керек.

3. Жүрек ауру бар егде адамдар үшін, долананың тамырын күздің соңында қазып, жуып, кептіреді. Тамырын 10 минуттай қайнатып, суытып, сүзіп алынады. Қайнатпаны күніне 3 рет 1 ас қасықтан ішіп тұру.

4. Долананың жемісі мен гүлін бірдей мөлшерде араластырып, 3 ас қасық араласпаға 3 стақан қайнаған су құйып, 2 сағат жылы жерде тұндыру керек. Тамақтан соң, 30 минут бұрын немесе тамақтан кейін 3 рет 1 стақаннан ішіп тұру. Жүрек ауруына және тыныс тарылғанда пайдалы.

5. Балғын долананың 1 стақан жемісінен езбе жасап, дайын болған соң, шыны ыдысқа салып, 1 стақан 70% спирт құйып, қақпағын жақсылап жауып, қараңғы жерде бөлменің температурасында 3 апта тұнады. Арасына қозғап тұруы қажет. Оны бірнеше рет дәкеден сүзіп, қақпағы жабылатын қара түсті ыдысқа құйып, дайын болған тұнбаны емдік үшін аурудың алдын алу мақсатында 30 тамшыдан, тамақтан бұрын 4 рет ішеді.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.