Оны өзіңе ғашық еткің келсе...

Пайдалы кеңестер /
1.Шақырған күні кездесуге келісе салмай, бір желеу ойлап тап та, екі күннен кейінге қалдыр.Сенімен кездесуді тағат таппай күтсін, армандасын,қиялдасын.
2.Киген киімің тек менмұндалап, талмүсінің айқайлап тұрмасын.Тым ашық, келте киінбе.Тек блузкаңның немесе кофтаңның жоғарғы бір түймесі ағытылып қалғандай шешіп қойсаң болады.Бұл оны ынтықтыра түседі.
3.Тәтті иіс су пайдалан.Салқын иістен аулақ бол.Еркектерге тәтті иіс ұнайды.
4.Өзіңді еркін ұста,әңгімесі ұнамаса да, арқасына езу тартып жеңіл әрі әдемі күлкіңді естіртіп қой.Сенің оны еліктіре түсіретініңе сен.
5.Жігітке комплимент жасай сал, мұның көп көмегі бар.Оның таңдаған ресторанның ұнағанын айт, киген киімінің оған жараса салғандығын айт,қиналма.Бірақ алтын аралықты сақтап, оның алғашқы кездесуінде-ақ еркінсінуіне жол берме.
6.Оның әңгімесін мұқият тыңдап отырғаныңды білдір.Есімін сөз арасында әдемі мәнермен қайта-қайта айта отыр.
7.Көзіне тіке қараудан қорықпа.Тек ара-арасынLа кірпіктеріңді қағып-қағып, төмен қарап сөйлеуді де ұмытпа.
8.Байқамағансып,үстел астында оның аяғына аяғыңды тигізіп ал.Әжетханаға барып кел де, оны жағалай әдейі иығына қолыңды тигізіп алғансып ет.Ас мәзірі жазылған қағазды оған беріп жатып,қолыңа қолыңды тигіз.Биге шақырса, биле.Жанасудан қашпа бұл жақындата түседі.
9.Алғашқы кездесудің соңғы кездесу болмауы өзіңе байланысты.Ал егер алғашқы кездесуде ойыңдағыдай рөлді ойнап шықпасаң,қаймықпа.Бұл келесі кездесуге дайындық деп ойла.

8 пікір

Sabions
керекинфодан көшірілді-ау дейм… сілтемесін салайын десем іздеуге уақыт жоқ. ноо точно сенімдімін бұрын оқығаныма
Сақал Бұл жағдайды бақыласаң…
Korkem
Меніңше, Алтын босағадан көшірді)))
Sabions
ее бәсе,қайдан оқыдым деп жүргем… керекинфоны ақтарып, шығып таба алмадым.сөзімді растайын деп ойлағам.рахмет")
Delfina
Қайдан көшірседе жақсы мақала екен. Мында көбі оқушы қыздар, керек болады.
MSHERIMBEK
Айсара бикеш, мақаланы қайдан алғаныңызды жазып қойыңызшы, өтініш сізден құдай-ау!
ardak1996
ең төменгі жеріне мақалаңды аяқиаған бойда Алтын босаға газетінің мына нөмірі деп қойсай кеше оқып едім… осыны
Ais_97
Мақаланы Алтын босағадан алдым!
qyrmyzy
хехе, рахмет! Мынауың дұрыс болды
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.