Шыншылдықтың сыйы

Пайдалы кеңестер /
XVI ғасырда Осман императоры билік жүргізетін аймақта, бай-бақуат бір саудагер сауда жасау мақсатымен, елінен жырақжерге шығады. Ол жол бойында бес жүз алтын салынған қобдишасын жоғалтып алады. Қазынасының жартысына тең келетін байлығынан айырылғанына бай қатты қиналады. Ол материалдық әрі рухани жағынан да күйзеліске ұшырайды.

Ол амалы таусылған соң, кімде-кім қобдишамды тауып әкелетін болса, 100 алтын беретіндігін айтып жарияға жар салады. Арадан көп уақыт өтпей-ақ қобдишасын бір адам алып келеді.

Бай саудагер қобдишасының табылғанына катты қуанады. Бірак 100 алтын беремін деген уәдесінен таюдың жолын іздеп әуреге түседі. Бір жағынан куанып, енді бір жағынан сыйлык бермеудің амалын таппай дал болды. Ол табылған кобдишаны ашып біртіндеп санай бастады. Санап жатып, неше түрлі арам ойларға барды. Ақыры қобдишаны тауып келген адамға бұрылып былай деді:

– Ей, достым! Мына қобдишада 600 жүз алтын бар болатын. Ал мұнда 500 алтын ғана. Демек, сен менің сыйға берем деген 100 алтынды алып койыпсың, сондықтан уәде осымен тамам.

Бұл сөздер оның тапқан айласы болатын. Өйткені қобдишадағы бар болғаны 500 алтын еді. Алтынды тауып алған ары таза адам, қобдишаның аузын да ашпағандығын айтып ант ішкендігінің ешқандай пайдасы болмайды. Оның мұндай сараңдығы мен уәдеден тайғандығына төзе алмай, істі сотқа береді.

Қазы екі жақты да мұқият тыңдайды. Алтынды тауып алғанды да жақсылап тұрып сұрақтың астына алып тергейді. Қазыға саудагердің көзі ұнамайды. Оның әрекеттерінен бәрін күтуге болатындай еді. Ал алтынды тапқан адамның пәктігі мен шыншылдығы байқалып тұрды.

Қазы қобдишаны қолына алып тұрып алтынды тауып алған адамға:

– Сен, мына 500 алтынды ал. Осы алтынды жоғалтып алған адам шыққанша ие бол, — дейді. Ал саудагерге:

– Сен 600 алтын салынған қобдиша табылғанға дейін күт. Біз қазір бұдан басқа ешқандай амал істей алмаймыз, — деп қайтарады.

Осылайша 100 алтынын қимаған сараң адам барлық ақшасынан айырылып тынады. Ал тапқан адам шыншылдығының сыйын артығымен көреді.

8 пікір

yesbolat83
Мен шыншылдың орнында болғанымда, алтындарын саудагердің алдына лақтырып кетер едім. Бірақ, сол кездің адамдары-ай! Қазыларының сөздерін жерге тастамайтын.
sultan_yerkebulan
Өтеее бір ой тастайтын дүние екен
AL-ASTER
Мағыналы пост мазмұны үшін жүз алтын «рахмет» айтпасақ та, бір ауыз «Рахмет!» айтпай шығып кету, оқырман тарапынан әділтсіздік сияқты ма, қалай өзі? :)
ulan
Арине Нұреке))))
Kan
ойланып қалдымғой. Осындай ғибыраттқа толы дүниені қатты ұнатамын.
ereke_enu
Кішкентай кезімде осындай әңгімелер ұнаушы еді, әсер беретін. Қазір бір жұртқа танымал жақсы кісінің жасаған әрекеті болмаса, онша қызықтырмайды.
esbolat
Адал адам бір куні болсын ақталып шығатынына ант беремін!
Jako
Қазының тапқырлығына сөз жоқ екен.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.