Беже (Айва)

Пайдалы кеңестер /
суретБеже түрі мен дәмі жағынан ерекше, өзгешелеу жеміс. Алма мен алмұртқа ұқсағанымен бекені шикі кезінде жей алмайды және шикідей тұтыну ішекке зиян. Бежені тек көбінесе қайнатып жейді. Суық тигенде және асқазан ішек жолдарының ауруларына пайдалы тосаптан түрлі сусындар мен нәрсулар дайындауға болады. Беженің құрамында құнарлы заттарға бай жемістердің қатарына жатады. Адам денсаулығына пайдасы мол. Құрамында фруктоза, глюкоза, пектиндер, алма мен лимон қышқылы, темір, фосфор, кальций бар. Беженің құрамында А, В, С, Е, РР дәрумендеріне өте бай. суретБежені ертеден бері тек қаназдыққа қолданылып келген. Дене қызуын түсіретін қасиетке ие болғандықтан, оны суық тиіп ауырғанда жиі қолданған. Тосабы асқорытуға жақсы және асқазан мен бауырға өте пайдалы, жұмысын жақсартады. Беженің дәнінен қайнатпа жасап немесе жемістің өзін шайға салып ішу керек. Мидың шаршауын, күйзелісті басады, көңіл күйді көтереді, жанды сергітеді.

Беженің плевритпен ауыратындар мен іші қатып ауыратындарға қолдану зиян.

суретБеженің жапырақтарымен қайнатпасын жасап, ерте ағарған шашты бояуға да болады. Шашты қатайтып, жақсартады. 100гр кептірілген жапырақты 1 литр қайнаған сумен демдеп, 1 сағат тұндыру керек. Дайын кезде аптасына 3 рет шашты шаяды.

Беженің өзін ғана емес, жапырағында қолданады. Бұтағынан мен жапырағынан жасалған тұнбалар қант диабетімен ауыратындар үшін пайдалы. Шырынының зәр айдайтын қасиеті бар. Астмасы бар адамдарға пайдалы.

Беженің қайнатпасы тәбет жоқ, жатырдан қан кеткенде 10 гр кептірілген жемісті 100мл қайнаған сумен тамақтан бұрын 1 ас қасықтан ішу керек. Күніге.

Беженің шырынын заназдыққа, асқорыту жүйесінің ауруларына жүрек қан тамыры жүйесінің ауруына қолданады.сурет

Қаназдықты емдеу үшін бекеден шәрбат дайындап, жемісті майдалап турап, су құйып, жұмсақ болғанша қайнатып, шырынын сығып, қоюланғанша қайнатады.

Бауыр ауруына беке шырыны мен балға сірке қышқылын араластырып ішіп тұру керек.

суретБеже шырынымен ұрықсыздықты да емдейді. Жаңа піскен кезінен, 3 ай болғанша шырынды кешке қарай 1 ас қасықтан ішу керек.

Беженің қабығындағы эфир майы тағамға қышқылтым дәм мен керемет хош иіс береді.

Езбесінен жүрек бұлшық етін жақсартады. Беже мен асқабақты қосып, бірдей мөлшерде екі ыдыста қайнатып алады. Дайын болған соң, езбеге 2 шәй қасық ұсақталған грек жаңғағын, 1 шәй қасық ұсақталған грек жаңғағын, 1 шәй қасық ұсақталған кептірілген өрік және дәміне қарай ванелиньді араластырып, формаларға салып тоңазытқышқа салып мұздатады.

Климакс кезінде кептірілген дәнді шәй қасықтың ұшымен күніне 4 рет қабылдаса жақсы көмек береді. Емді етеккір келер алдында 1 апта бұрын қолданады.

3 пікір

qyrmyzy
Жемегелі көөөп болыпты
Jako
Маке, Бақшамда екі түп айва ағашы жеміс береді.«Айва» — жемісі қант диабетіне де бірден-бір ем. Ал енді айваның қазақшасы «Беже»-екенін бұрын білмеппін.
m170785
Аға енді білетін боласыз. Бірде кей жерде Беке дейді, бір жерде беже дейді Жәке
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.