Жүгері майы

Пайдалы кеңестер /
Басқа өсімдік майларына қарағанда жүгері майының құрамында ағзаға пайдалы майлы қышқылдар өте көп әрі ағзаға өте пайдалы. Холестеринді төмендететін, қан тамырларды тазартатын, көптеген құнды заттар кездеседі. В1, В2, РР сияқты дәрумендерімен қатар, қанның ұюын төмендететін К3 заты да бар. Майдың құрамында Едәрумені зәйтүн майынан да көп. Жасушаларды жақсартып, денсаулық пен сұлулықты сақтайды. Жүгері майы іш ауырғанда ішектегі ашу процесін тоқтатады. Жарақат алғанда, күйік шалғанда, тері ауруларына осы майды қолданады.
Жүгері майы диеталық тағам болып саналады.

Ағзаның ауруға қарсы тұруын күшейтіп, қанның ұюын реттейді.

Атеросклероздың алдын алу және емдеу үшін пайдалы.

Ми мен бұлшық еттердің жұмысын жақсартады.

Ағзадағы артық холестеринді шығарады.

Ағзадағы жыныстық гормондарын жасап шығаруды ұлғайтды, еркектік қабілетті арттырады.

Емізулі аналардың сүтін көбейтеді.

Өт жолдарының тонусын көтереді, қабырғаларының қысқаруын күшейтеді, өт бөліп шығару қызметін реттейді.

Түрлі қабыршақтануларды, бас терісінің зақымдалуын және шашты емдеуге тиімді.

Жүгері май кішкентай балаларға, жүкті және емізулі әйелдерге пайдалы. Балаларға 1 шәй қасықтан артық беруге, мерзімінен көп беруге болмайды. Қан қысымын реттеу, зиянды холестеринен құтылу және атеросклероз емдеу үшін 1 ас қасықтан, күніне 3 реттен, тамақтан бұрын, 3 апта ішу керек. Отадан шыққан, әлсіз адамдара күніне 3 реттен, 1 ас қасықтан ішіп отыру керек.

Беттегі дақтарды жүгері майымен сүртіп, кез келген жеміс немесе көкөніс маскасын қойып сүртеді. Жүгері майына бал мен жұмыртқаның сары уызын араластырып маска жасаса беттегі май мен балды 1 шәй қасықтан, оған жұмыртқаның сарысын араластырып, бетке жағып, 20 минуттан соң жылы сумен жуады. Жүгері майына йод қосып ванна жасаса қолдың терісін нәрлендіріп, тырнақты қатайтады. Шұңқыр ыдысқа майды құйып, жылытып, 3 тамшы йод қосады. Қолды 15 минут батырып, отыру керек. Майды ұйқыға жатар алдында қолға жағып, мақтадан жасалған қолғап, киіп, жатуға болады.
Жүгері майымен шашқа күтім жасайды. Қарапайым түрі бас терісіне жылытылған майды жағып, жылы, ылғал сүлгімен орап, 1 сағаттан соң, сусабынмен жуып алынады.

1 пікір

Jako
Өте пайдалы кеңестер екен.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.