↑ Жоғары шығу
04 желтоқсан 2012

Темекінің зардаптарын білеміз бе?

Ауызына шылым қыстырған жасөспірімдерді көріп жүрміз, тіпті мән бермейміз.Ал сол темекінің Құдай аманат етіп берген ғұмырды тұман сықылды бұлыңғыр ететінін байыбына жетіп баса ойланып жүрген жоқ сияқтымыз.Ендеше Қ.Жолдыбайұлы және басқа да ағаларымыздың сөздеріне бір сәт үңіліп көрейік:

Шариғат не дейді екен?
Құранда: «(Мұхаммед пайғамбар) Оларға пайдалы пәк нәрселерді адал етіп, зиянды нахош нәрселерді харам етеді...»(Ағраф,157-аят) -делінген. Демек, Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың әкелген дінінде адамға зиянды барлық нәрсе харам. Яғни, адамның ағзасына, жүрегіне, санасына, ұрпағына зиянды барлық нәрсе Құран бойынша харам деген сөз. Ал, темекі адам ағзасына, санасы мен ұрпағына зиян болғандықтан, Құранның осы аяты бойынша оның харам екендігін айту қиын емес. Құранда: «Өздеріңді өз қолдарыңмен қатерге итермеңдер!»(Бақара,195-аят), «Өздеріңді өздерің өлтірмеңдер!»(Ниса,29-аят) делінеді. Ал шылым шегіп денсаулығына зиян тигізген кісі өз қолымен өзін қатерге итермелейді әрі өз-өзін ұзақ мерзімде «баяу өлтірген» болады.
Қазіргі таңда ғылым темекінің адам ағзасына аса зиянды екенін дәлелдеді. Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәлiметiне сүйенсек, Жер шарындағы 1,8 миллиард 10-24 жас аралығындағы жеткіншектер темекiнiң түтiнiмен уланған. Ал Қазақстан халқының 27 пайызы (4 миллион адам) темекi шегеді. 4 миллионның 600 000 астамы қыз-келiншек болса, 120 мыңы – 13-15 жас аралығындағы жасөспiрiмдер. Отандастарымыздың басым бөлiгi 20-ға толмай жатып, шылымның “дәмiн” татады екен. Сорақысы сол, елiмiзде жылына – 25 мың, күн сайын 70 пенде темекiнiң кесiрiнен туындаған дерттерден көз жұматын көрiнедi. Дүниежүзі ғалымдарының зерттеуінше, өкпе рагы ауруларының 90 пайызы шылым шегетіндердің үлесіне тиеді екен. Егер шылым шегушілер күніне 20 тал темекі шексе, олардың өкпе рагы ауруына шалдығу қаупі өзгелерге қарағанда 10-15 есе артып, ал бүйрек дертіне бес есе көп шалдығады екен.
Езуiне шылым қыстырғандардың үштен бiрi, кейде тiптi, тең жартысының ғұмыры 15 жылға кемиді екен. Әлемде әр 13 секунд сайын бір адам, әр 65 секундта бес адам темекі кесірінен көз жұмады. Жылына үш миллион адам темекіден пайда болған кеселдердің нәтижесінде қайтыс болатын көрінеді.
Шылым алдымен, қан тамырларына әсерін тигізеді, қан тамырларының жұмысын нашарлатып, оларды жіңішкертіп, қан қысымын көтеріп, жүрек талмасына жетелейді. Темекі құрамында 4000 мөлшерде химиялық зат барлығы анықталған.
Тек бір тал темекі шеккен адамның ағзасында никотиннің зардабынан бүйрек үстіндегі бездерден арденамен және норадренамен деп аталатын гармондардың жұмысы бұзылады. Осының кесірінен асқазанның қышқыл сұйықтығы (запран) артады. Үнемі темекі шегетіндер уақыт өткен сайын асқазанында гастрит (асқазанның қабынуы) және жара пайда болады.
Никотиннің әсерінен денедегі бүкіл тамырлар белгілі мөлшерде жиырылады да, жүрек бұл жұмысты атқару үшін қиналады, адамның қан қысымы артады. Миға баратын қан азаяды. Ми өз деңгейіндегі жұмыс істемейді, қандағы холестерол артады, бүйрек үсті бездерінен адренамен атты гармон қабынады да, бүтін денені өртейді. Тамырлар жиырылады, жүрек бұрынғы қызметін ауырсынады, қан қысымы жоғарылайды. Қол, аяқ тамырлары тартылып, қол мен аяққа баратын қан азаяды, қол мен аяқтың қызуы қайтады.
Денеге сіңген никотиннің әсерінен дененің барлық ағзаларында тамырдың жиырылуынан қан аз өтеді, бұл дененің, бүтін ағзалардың өз деңгейінде жұмыс істемеуіне әкеп соғады. Ми жөнінде де осындай жағдай. Демек, темекі тартатындардың жүрегі тез соққандықтан жүректің қанға және ауаға қажеттілігі артып, осыған орай, жүрекке келетін қан мен ауа азаяды. Темекі түтініндегі төрт мыңнан астам зиянды заттың біреуі – көміртегі. Көміртегі – автокөліктердің тетігінен шыққан улы газдардың бірі. Темекінің түтінімен бірге бұл да белгілі бір мөлшерде денеге кіреді.
Еркектер мен әйелдер арасындағы жыныстық қатынасқа салқындықтың басты себебі де – осы никотин.
Жалпы зерттеудің нәтижесінде, темекіден өкпе рагы, жүрек ауруы, амфизем, тыныс жолдары қабынуы сияқты аурулар пайда болады.
Темекінің зардабынан пайда болатын негізгі аурулар:
• Асқа деген тәбетті қайтарады.
• Ас қорытуды қиындатады.
• Тісті сарғайтып, ауызды сасытады.
• Асқазанда жара пайда болады.
• Ерін, тіл және өңеш рагына жол ашады.
• Жөтел және қақырық пайда болады.
• Созылмалы тыныс жолдары қабынуына әкеліп соқтырады.
• Көмекей және өкпе рагына тап болушылардың 90 пайызының себебі темекіден.
• Тамырды қатайтады (атересклероз).
• Қол – аяқ тамырлары бітеді, гангрена (тән талшықтарының жансыздануы, шіруі) пайда болып, қол – аяқ кесіліп, кемтарлыққа дейін апарады.
• Ми қызметін реттейтін тамырларды да қатайтып, салдануға себепші болады.
• Жүрек ауруларына, әсіресе жүрек бұлшық еті инфарктіне (жүрек ұстамасы) қолайлылық туғызады.
• Есте сақтау қабілетін азайтады.
• Көңілсіздікке душар етеді.
• Ұйқыны азайтады.
• Теріге әжім түсіреді.
• Ер — әйелдің жақындасуына енжарлықтың басты себебінің бірі.
Шылым шегетіндердің айналасындағы бала-шағасы, басқа да адамдар темекі тартатындарға қарағанда анағұрлым көбірек зардабын тартатындығы анықталып отыр. Сондай-ақ, шылым шегетін әйелдерден туылған сәбилер көп жағдайда аурушаң боп дүниеге келеді. Бала емізген әйелдерде никотин емшек сүтіне араласып, осы арқылы сәби денесіне өтетінін көп аналар біле бермейді. Анасының жауапсыздығы нәтижесінде дүниеге келген аурушаң балалар мен ағзасын ана сүті арқылы улаған сәбилер ертең ақырет күні әкесі мен шешесінің жағасына жабысып, оларды қиын сұрақтың астына алары сөзсіз.
Иә, темекі тарту – әлдебір нәрсеге тәуелділік. Олай дейтініміз, темекі тартқан кісі өзін онсыз өмір сүре алмайтындай сезінеді. Темекі тартпаса ішкен асы бойына дарымайтындай, төсекке жатса ұйқысы қашатындай боп көрінеді. Тіпті, шылым шекпесе, көңілі сергімей үнемі тұнжырап жүреді. Темекі үшін абыройын түсіріп көшедегі бейтаныс адамнан қол жайып сұрауға дейін барады. Тіпті, кейбіреулері қатты қысылғанда өзгелердің шегіп тастап кеткен қалдығын да қолданып жатады. Міне, бұл дегеніміз, Алла тарапынан ардақтап жаратылған адам баласының осындай исі жағымсыз қураған құр жапыраққа қол қусырып, тәуелді болғандығының белгісі.
Сөз соңы, Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Қиямет күні әрбір құл ғұмырын қайда өткізгенінен, алған білімімен қандай амал жасағанынан, дүние-мүлкін қалай тауып, қайда жұмсағанынан және дене мүшесін қайда тоздырғандығынан сұралып, есеп бермейінше орнынан бір қадам алға жылжымақ емес», – деген жауапкершілігі ауыр, тағылымы мол хадистерін әркез жадымызда ұстасақ игі.
?

Пікірлер:14

  • Korkem
  • 05 желтоқсан 2012, 00:35
  • 0
Осыруға ұялады, ал темекі шегіп бара жатырып мақтанады, орысша айтқанда пукать стесняеться а курит гордиться
avatar
  • Kan
  • 05 желтоқсан 2012, 11:56
  • 0
толықтай қосыламын. Темекіге менде қарсымын.
avatar
  • Jako
  • 05 желтоқсан 2012, 13:49
  • 0
Ауызын ошақ қылып от жаққанның несі жақсы дейсің.
avatar
Шылымды жұрттың бәрі шегіп жүр, оның зияны қанша айтылса да, жазылса да шегетіндер көбеймесе азайған жоқ,-деп кейбіреулер миығынан күледі, сол жандар әлемді өзгерту өзінен басталатынын біледі ма екен?
avatar
  • m170785
  • 05 желтоқсан 2012, 17:20
  • 0
темекіні айт не, айтпа не жарнамалап өзгелерге, мына жерді айтып отырғаным жоқ, көшедегі жарнаманы айтамын, бәрібір қыстырмай бұрқылдап шегеді ау жарысып. Темекінің заманы боп кетті ғой басып
avatar
  • dutov
  • 05 желтоқсан 2012, 19:18
  • 0
темекинин сыртына дейн денсаулыгынызга зиян деп турсада шеге беред, мен де 5-6 жыл шектимде, соитип койып кеттим…
avatar
Темекінің қорабының сыртына осы суретті қойп қойса болар еді негізі))))
Пікір 2021-12-05 23:03:07 күні sultan_yerkebulan тарапынан түзетілді
avatar
  • m170785
  • 05 желтоқсан 2012, 23:37
  • 0
бұны емес, темекінің жағдайынан іштегі алай дүлейді тым дүмшелемей етіп көрсетсе.
  • qyrmyzy
  • 06 желтоқсан 2012, 00:29
  • 0
Темекінің иісі түк намайды. Әкемнің үстінен шығатын темекінің иісі ғана ұнайды.
  • didi0393
  • 06 желтоқсан 2012, 01:17
  • 0
markum akem temeki shekpegen, sodan bolar temekinin ISI ui iwimizge tipti jakpaidy.Bolashak jarym strogo temeki shekpeui tiis!)))
birde kysta marshrutkamen kolledjge baraiyn dep minsem,kasymda otkan agaidan temekinin ISI shygyp,men shydai almai kelesi ayaldamada tusip kaldym. Soitip jaiyau taza auamen kesh kalyp bardym))))
  • zhomart
  • 06 желтоқсан 2012, 12:45
  • 0
респект!
avatar
  • Zhanat
  • 06 желтоқсан 2012, 16:51
  • 0
қойып кетіп едім, біраздан бері дос болып жүрмін, күнде ертең қоямын деп((((
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.