Сіз дайынсыз ба?

Пайдалы кеңестер /
Мереке келе жатыр! Сіз дайынсыз ба?

Асыл әжелеріміздің, аяулы аналарымыздың және қыр қызғалдағындай құлпырған аруларымыздың мейрамына санаулы күндер қалды. Жақындарыңызға нендей сыйлықтар сыйламақшысыз? Міне, бүгінгі әңгіме осы тақырыпта өрбімек.
Сыйлықты ұнатпайтын адам бар десе кім сенер еді,ә? Әрине, бәріміз ұнатамыз. Сыйлықтың түр-түрі бар.Бірақ әр сыйлықтың өз иесі бар ғой.Кімге қандай сыйлық тартуды білмей жүрсіз бе? Онда осы кеңестерге көз жүгіртіп көріңіз!

1. Әжеңізге:
— орамал немесе мойынорағыш.Гүлді-гүлді және оюлы болғаны абзал.Орамал алсаңыз тым ашық түстісін таңдамағаныңыз жөн.Ал мойынорағыштың ашық түстілерін алуыңызға әбден болады.
-хош иісті шай немесе жеміске толы себет.Иісін бұрқыратып шай демдегенде есіне сізді алатын болады.Ал себетті көңіл-күйді көтеретіндей ашық түсті,әрі пайдалы жемістермен толтырған әлдеқайда жақсы.Себетті, шай құтысын сәндеп қоюға болады.Себеттің бетіне тілек жазылған парақша қойсаңыз қатып кетеді!
-кітап.Әжеңіз кітапты міндетті түрде ұнатады деп ойлаймын.
-әшекей бұйымдар.Таң қалған шығарсыз, бірақ барлық әйелдер әдемілікті жақсы көреді!
-спектакльге немесе концертке билет сыйлаңыз.Бір марқайып қалсын.
-жиһаз (қалтаңызға қарай).Кітап оқығанда, тоқыма тоқығанда жайлы отыруы үшін тербелмелі кресло таптырмас сыйлық!
2.Анаңызға:
-қораптағы шоколад.Тәттіні ұнатпауы мүмкін емес!)
-хош иісті жақпа майлар (крем).Қолға, бетке арналған жақпа майлар анаңыздың кәдесіне міндетті түрде жарайды.
-әтір.Жасына қарай таңдағаныңыз жөн.
-спектакльге немесе концертке билет сыйлаңыз.Бір марқайып қалсын.
-әдемі сөмке немесе қолшатыр.Көктемнің шуақты күндеріне арналған қолшатырдың түр-түрі бар!
3.Ол сіздің әпкеңіз не қарындасыңыз:
— әтір.Жасына қарай таңдағаныңыз жөн.Өз талғамыңызға сенбесеңіз нәзік жандылар өкілін ертіп алыңыз.
-сүйкімді қонжық.Барлық ару ұнатады, күмәнданбаңыз)!
-концертке немесе киноға билет.Қандай концертке,қандай киноға алу керектігін жақсы білетін боларсыз.
-әшекей бұйымдар,әдемі мойынорағыш.
-қалтаңыз көтерсе планшет, музыкалық плеер, т.б.
4.Сүйіктіңізге:
— әтір.Жасына қарай таңдағаныңыз жөн.Өз талғамыңызға сенбесеңіз нәзік жандылар өкілін ертіп алыңыз.Мысалы,құрбысын.
-есте қалар романтикалық кешкі ас.Бірақ кешкі аспен құтылдым деп ойламаңыз, гүл шоғы мен кішкене болса да заттай сыйлық ала барғаныңыз жөн.
-әшекей бұйымдар.Алқа, білезік, сырға дегендей.
-бір күніңізді арнаңыз.Әсіресе, соңғы күндері жұмыстан қолыңыз босамаған болса.Қыдыртыңыз.Есте қалардай қызықты өткізіңіз.
P.S. Мейлі ол сіздің әжеңіз, не анаңыз ,қарындасыңыз,әпкеңіз немесе сүйіктіңіз болсын міндетті түрде гүл шоқтарын алу керек.Мұны өзіңіз де түсінерсіз)))ЕҢ БАСТЫСЫ — шын жүректен жасалуы!!!

5 пікір

qyrmyzy
Нүктеден кейін пробел қоямыз! Шын ниетпен берілген сыйлыққа ештеңе жетпейді!
jalyn
Иә, шын ниетпен беруін бересің ғой. Бірақ кейде сыйлықтың қандай болатыны да ниетке байланысты)
Kan
Ой дайындықпен былығып жатырмыз
mairosh
Егер ол сіздің әжеңіз болса:
Егер ол сіздің анаңыз болса:
Құдайға шакір бәріде аман:) Бұл жерде «егер» деген сөзді қосудың қажеті жоқ сияқты. Оданда Анаңызға, әпкеңізге әжеңізге деп жаза беруін ғой:) Былайынша жақсы жазылған.
Алғаш мақала жазуым еді!)Пікір жазып, кемшіліктерін атағандарыңыз үшін рахмет!!! Азғантай жөндеулер жасадым(сіздердің кеңестеріңіз бойынша)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.