Гүл сыйлау этикасы туралы не білеміз?

Пайдалы кеңестер /
Пайдалы кеңестер: Гүл сыйлау этикасы туралы не білеміз?
Гүлсіз адам өмірін елестету мүмкін бе, сірә. Гүлдің тілі – нәзік тіл. Гүл бар жерде сезім бар.Гүл сыйлауда қатып қалған қағида жоқ. Дегенмен, көпшіліктің ұғымында гүл сыйлаудың өзіндік бір заңдылықтары қалыптасқан. Ең бастысы, шын көңілден сыйланса, болғаны.
Пайдалы кеңестер: Көктемнің белгісіндей)

Біздің елде, негізінен, ашық қызғылт раушанды тек ең жақын адамдарына, яғни қалыңдығына, анасына, әкесіне, апа-қарындастарына сыйлайды. Өйткені, қызыл түс сүйіспеншіліктің белгісі болып саналады.
Пайдалы кеңестер: Гүл сыйлау этикасы туралы не білеміз?
Мереке кезінде сүйікті ұстазыңызға немесе жақыныңызға сары түсті раушан немесе нәркестің бір шоғырын «Жан-жағыңызға нұр шашып, үнемі жарқыраған күндей, жалтылдаған алтындай болып күлімдеп жүре беріңіз!» деген мағынада тілек айтып сыйлайтын болсаңыз, ол үшін сізден артық адам болмайды. Лимонның түсінен ақшылдау немесе күрең келген раушан гүлдерін отыздан асқан әйелдерге сыйлаған жарасымды болады.
Пайдалы кеңестер: Гүл сыйлау этикасы туралы не білеміз?
Пайдалы кеңестер: Гүл сыйлау этикасы туралы не білеміз?
Сүйген қызыңызға – гүлі әлі толық ашылмаған, жұпар иісі бар, сары немесе күлгін түсті раушан, меруертгүл, ақ түсті бақытгүлін сыйлаған дұрыс.
Пайдалы кеңестер: Гүл сыйлау этикасы туралы не білеміз?
Ежелгі Шығыста гүлдің түсін жылдың мезгіліне сай таңдаған — солғын түсті гүлдерді — қыстың күндерінде, ақшылдарын — күзде, көк гүлдерді көктемде және қызылдарын жазда сыйлау дәстүрі болған.
Гүл сыйлағанда, кейбір қарапайым ережелерді есте сақтау қажет. Гүлді адамның жас ерекшелігіне, қандай түсті ұнататындығына байланысты сыйлаған жөн.
Пайдалы кеңестер: Гүл сыйлау этикасы туралы не білеміз?
Гүлді таңдар кезде жыл мерзіміне ғана назар аудармай, сонымен қатар оның кімге сыйланатындығын да ескерген жөн. Мысалы, жас қызға үлкен себеттегі гүлді сыйлаудың қажеті жоқ. Бұл ресми және тым салтанатты болып көрінеді. Қызға бөртегүл, шегіргүл, т.б. сыйлайды. Ыдыстағы бөлме гүлі кесіп алған раушан гүлінен гөрі, ұзақ уақыт сақталатыны, әрі адамға нәзіктік пен жылылық сыйлайтыны рас.
Пайдалы кеңестер: Гүл сыйлау этикасы туралы не білеміз?
Пайдалы кеңестер: Гүл сыйлау этикасы туралы не білеміз?
Кейінгі жылдары жақын адамдарына қырқылған гүлдермен қатар, түбекте өсіп тұрған гүл сыйлау дағдыға айналып барады. Басқа елдерден жұғысты болып тұрған осы бір гүл сыйлау түрі – көңілге тым қонымды екендігін айтқан жөн шығар. Кесіп немесе жұлып алған гүлден гөрі, тартуыңыз әрине, адамның күтіміне байланысты ұзақ сақталады, әрі, қуаныш сыйлауын жалғастырады.
Пайдалы кеңестер: Гүл сыйлау этикасы туралы не білеміз?
Осы орайда, 22 наурыздың жыл басы екендігін ескеріп, жақындарыңызға, көршіңізге аулада өсетін бұталы, қылқанжапырақты немесе гүлдейтін өсімдіктер сыйласаңыз, шексіз қуанышқа бөлейтіндігі айдан анық. Тек бір ескеретін жайт: сыйлаған өсімдік жайлы жан-жақты ақпарат беруді ұмытпағаныңыз жөн.
Пайдалы кеңестер: Гүл сыйлау этикасы туралы не білеміз?
Пысы: Бүгінде көбісі гүлдің түрі мен түсіне және беретін мағынасына көп мән бере бермейді. Бастысы, шын көңілмен сыйланса, болғаны. Гүл шоғырының ішіне жылы лебіз жазылған әдемі хат салып жіберуіңізге болады. Гүлді жақсы көрмейтін адам жоқ, сондықтан алдағы қыз-келіншектердің мерекесі қарасаңында жақындарыңызға гүл сыйлауды ұмытпаңыз! Өмірлеріңіз әдемілікке толы болсын деген тілекпен сіздердің Эстетикаларыңыз)
Пайдалы кеңестер: Гүл сыйлау этикасы туралы не білеміз?

8 пікір

semser_soz
Мереке қарсаңында оқып шығу керек-ақ екен. Көп мағлұмат алдым. Десе де,
«Гүлді жақсы көрмейтін адам жоқ»
деп кесіп айтқаныңызға келісе алмаймын… МЕНІҢ БІРАЗ ТАНЫСТАРЫМ (БАРЛЫҒЫ ҚЫЗ БАЛАЛАР) ГҮЛДІ ЖАҚТЫРМАЙДЫ, ҰНАТПАЙДЫ, ҚЫЗЫҒЫП ТА ҚАРАМАЙДЫ.
estetika91
Пікір білдіргеніңізге рахмет:)) Кешіріңіз, дегенмен, сұлулықты, әдемі гүлді жақсы көрмейтін адам көрген емеспін:)
didi0393
бир тал сыйлаганнан букетт болганы унайд маган
estetika91
:) Бір букет гүл бір аптаға жетпей солып қалса да ма?..
dimash
Қазақта қыздың атын гүлдің атымен сәйкестендіріп қоятындар көп ғой, сол өзімен аттас гүлді сыйлаған да күшті)) Түбектегі гүлді сыйлағанда оның күтімі жайлы да айта кетсе гүлді алған қыз оны ұзақ уақыт сақтайды) Мейрамыңызбен сізге де

мынау есіме түсіп кетті, ВК-дан көргенім:
estetika91
Рахмет, Димаш)) "Қазақта қыздың атын гүлдің атымен сәйкестендіріп қоятындар көп ғой, сол өзімен аттас гүлді сыйлаған да күшті" — өте жақсы идея екен)) Шынымен де дәл қазір осылай эектрондылыққа ауысып кетті ғой көбісі:))
4o4
Сүйген қызыңызға – гүлі әлі толық ашылмаған, жұпар иісі бар, сары немесе күлгін түсті раушан, меруертгүл, ақ түсті бақытгүлін сыйлаған дұрыс.

Сары раушан гүлдерін сүйіктімізге сыйлап бәлеге қалуымыз да әбден мүмкін)))
Өз басым мейрамдарда букет немесе кәрзеңкедегі гүлдерден көрі горшоктағы бөлме гүлдерін, ал букеттегі гүлдерді жай күндері сыйлағанды жөн көремін.

Сосын estetika91 , Гүлістанның 87 саны, алғашқы бетіндегі қарда өсіп тұрған гүлдің атын айтсаңыз?)
estetika91
Рас… Бүгінде көбісі гүлдің түрі мен түсіне және беретін мағынасына көп мән бере бермейді. Бастысы, шын көңілмен сыйланса, болғаны. Гүл шоғырының ішіне жылы лебіз жазылған әдемі хат салып жіберуіңізге болады. сондықтан, сары түстен қашпаңыз)
Сізген сыйланған журналдың мұқабасындағы гүл бәйшешек гүлі болатын) Өте әдемі гүл, көктемнің белгісіндей болып шығатын гүлдердің бірі)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.