Қытай тілі бойынша HSK емтиханын тапсыру ережесі

Пайдалы кеңестер /
«Қанша рет тіл білсең, сонша рет адамсың»
демекші, бүгінгі таңда шет тілдерін жетік меңгерген мамандарға сұраныс көп. Кезекті материалымыз қытай тілінде білім алғысы келетіндерге арналған Hanyu Shuiping Kaoshi (HSK) емтиханы: түрлері, деңгейі, талаптары жайлы болмақ.

Пайдалы кеңестер: Қытай тілі бойынша HSK емтиханын тапсыру ережесі

Hanyu Shuiping Kaoshi (HSK немесе қытай тілінің дәрежелік емтиханы) — қытай тілін білмейтін немесе ана тілі қытай тілі емес жандарға арналған қытай тілі бойынша біліктілікті тексеруге арналған емтихан түрі. 1990 жылы негізі қаланған бұл тест қытай тілінде білім алғысы келетіндерге арналған. Емтихан сертификаты бүкіл әлем бойынша қабылданады.

HSK тестін 1990 жылдары Пекиндегі тіл және мәдениет университеті қытай тілін меңгеру дәрежесін анықтау үшін жасаған. Ал сертификатты тек қана Қытай Халық Республикасының Білім Министрлігінің рұқсатымен ғана беріледі. 2009 жылы емтиханның жаңа түрі жасақталып, 2010 жылдың наурыз айынан бастап емтиханның жаңа түрін бүкіл әлемде тапсыра бастады. 2009 жылғы деректерге сүйенсек, әлемнің 41 елінде 106 емтихан тапсыру орталығы тіркелген екен. 2010 жылдың соңына қарай тест тапсырушылар саны 1 миллионнан асқан. 2010 жылдан бастап HSK бақылау сынағын өткізу құқығына Конфуций Институтының жүйесі ие болды.

HSK емтиханы көп сатылы, яғни сынақ тапсырушы деңгейіне қарай таңдайды.

HSK емтиханының мынадай түрлері бар:

— HSK (базалық деңгей);

— HSK (бастапқы және орташа деңгей);

— HSK (жоғарғы деңгей);

— HSK (балаларға арналған);

— HSK (бизнеске арналған);

— HSK (іс-жүргізуші қызметіне);

— HSK (туризм үшін).

HSK тапсыру 6 деңгейден тұрады. Тест тапсырмалары бірнеше бөлікке бөлінетін мәтіндік нысанда жүргізіледі: аудио, лексика, грамматика, оқылым. HSK тапсырғандар қажетті сан балын жинаған жағдайда белгілі бір деңгейдегі сертификатты алады.

Тест қытай тілін білудің төрт деңгейін анықтайды: базалық, бастауыш, орта, жоғары. Әрбір деңгей 1-ден 11-ге дейінгі сандармен белгіленетін «кіші деңгейлерге» бөлінеді. Жаңа жүйе бойынша Қытай университеттеріне түсу үшін ең кем дегенде – 180 балл жинау қажет. Әдетте, дәл осындай деңгей тілдік және жаратылыстану-ғылыми мамандықтарға түсу кезінде де талап етіледі. Емтиханнан сәтті өту үшін кемінде 60% сұраққа дұрыс жауап беру керек.

Әр деңгейге қойылар талаптар бар:

1- деңгейге жазбаша емтихан тапсырушы күнделікті пайдаланылатын 150 қытайша сөз білуі, қытай тіліндегі қарапайым сөздерді түсінуі, тілдік қолданысына пайдалана білуі, грамматикадағы базалық білімді меңгеруі тиіс.

2 — деңгейде жазбаша емтихан тапсырушы үнемі пайдаланылатын 300 сөз білуі, белгілі бір тақырыптарда өз ойын жеткізе алуы, сонымен қатар грамматиканың негізгі заңдылықтарын білуі тиіс.

3 — деңгейге жазбаша емтихан тапсырушы күнделікті өмірде қолданатын 600 сөзді және базалық және күнделікті өмірде өз ойын еркін білдіре алуы, ғылыми, техникалық тақырыптарда сөйлесе алуы керек.

4 — деңгейге жазбаша емтихан тапсырушы үнемі пайдаланылатын 1200 сөзді білуі, тіл үйретушімен еркін кез келген тақырыптарда сөйлесе алуы керек.

5 — деңгейге жазбаша емтихан тапсырушы үнемі пайдаланылатын 2500 сөзді меңгеріп, қытай тілінде басылатын газет-журналдарды оқи алуы, қытай тіліндегі фильмдерді, театр қойылымдарын еш қиындықсыз түсінуі, қытай тілінде көпшілік алдында сөйлей алуы тиіс.

6 — деңгейге қытай тілінен емтихан тапсырушы 5000 мың сөзді білуі, жазбаша немесе ауызша кез келген ақпаратты түсініп, өз ойын әсерлі әрі анық, нақты қытай тілінде ауызша және жазбаша
1-2 деңгейлі емтихан екі бөлікке бөлінеді: аудио тыңдау және оқу;

3-6 деңгейлі емтихан 3 бөлікке бөлінеді: аудио, оқу және жазбаша.

Емтиханның созылу уақыты деңгейге байланысты 35-135 минут аралығында болуы мүмкін.

Қазақстанда аталмыш емтиханды тапсыру мүмікіндігі қарастырылған. Қытай тілі бойынша деңгейіңізді анықтайтын болсаңыз, HSK емтиханының ресми сайтынан ақпарат ала аласыз.

Қытай тілін үйренемін десеңіз, біздің орталықтың Қытай тілі курсына жазылыңыз. Жеңілдіктер мен бонустар қарастырылған. Толығырақ ақпаратты мына жерден аласыз: inspiremedia.kz/chinese

Пайдалы кеңестер: Қытай тілі бойынша HSK емтиханын тапсыру ережесі

11 пікір

Jako
Мүмкін біреулерге керек шығар…
korwinin_kyzy
хахахахах қатырдын Жаке))))
korwinin_kyzy
Мен 4 тіл білсембе дев едімҚазақша, Орысша, Арабша, Ағылшынша
Сонгы 2-ін үйрену үстіндемін, алдынғы екеуін жыртып жүрікко уже
сонда 4 адам болам мен)
Jako
Кез-келген қазақ полиглот. Мысалы қай қазақ болса да орысша жақсы біледі, ал қырғыз,өзбек,қарақалпақ, түрікмен, түрік, татар, башқұрт, гагауыз, талыш, бурят т.т.б.тілдерін зер салып тыңдаса түсінеді. Бір қызығы осы аталған елдердің көбі қазақ тілін түсінбейді. Бұлда Алланың қазаққа берген сыйы болар.
satirik92
Мен бұны тапсырғам, прикол!
qyrmyzy
Бөлісе отыр. Қалай, қайда, қалай??? не ескеру қажет?
satirik92
Куңзышеян, Казгудың жоғары жағында болатын. Қазір Шығыстануда болмаса. Негізі оған қытай тілін білгеніңмен АҚША тықпасан бекер ақ. Өзім өтпей қалған себебім осы.
AL-ASTER
Ондай жағдайда тіл орталығынан түлеп шыққандарға заңды түрде „крышевать„ етуді қарастыруды ұсыну керек. Әзіл емес.
Соңғы өңделген уақыты:
satirik92
Оныңыз рас. 3000 доллар болатын. Мысалы өнер академиясында 6000 доллар.
NURI
Сенін пікіріңмен мүлдем келіспеймін, басыңда білім болса ақшасыз ақ, еш қиындықсыз алуға болады. Оқу керек сол үшін. Еш ақшасыз ақ өткендерді танимын! Алла бұйыртса өзім де тапсырып көрмекпін жақында.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.