Поездағы үш күнді қалай өткізуге болады?

Пайдалы кеңестер /
Бәріңе сәлем!!!
Тағы да жазбай кетті деп ренжіп жатырсыңдар ма?

Осыдан бітіріп алайыншы, жазбаға көмем сендерді

Бақандай үш күн жол жүру… Мұны батысқа үнемі баратын адамдар жақсы білетін болар. Соның ішінде жылына төрт рет барып қайтатын студент қана үш күн бойы бір орынға таңылғанның қаншалықты қиын екендігін біледі.

Егер де алдағы уақытта поездбен ұзақ уақыт жол жүретін болсаңыз, мына кеңестеріңізді қаперіңізге ала жүріңіз.
Ұзақ жолға билетті КУПЕГЕ алыңыз.

Плацкардта астынан алсаңыз, жаныңызға үлкен адам түссе: «Балам сен үстіне жатшы, мен көтеріліп түсе алмаймын» дейді де, астындағы орныңызды «тартып» алады. Сосын үстіңгі орында жатып кеп қинал. Не аяғыңды, не басыңды сыйдыра алмай арпалысасың. Ал купеге алсаңыз, үстіңгі орын кеңдеу, әрі үстіне шығып отыруға болады. Плацкардта үстіңгі орында отырып көрші

Жолға шығар алдында карта сатып алуды ұмытпаңыз.

Серіктестеріңізбен уақытты қызықты өткізуге көмектеседі. Сосын түрлі ойындарды ойнауды үйреніп алыңыз. Кейбір ережелерді бос уақытыңызда ойлап табыңыз. Ойынның қызықты өтуіне көмектеседі. «Мафия», «Крокодил», «Дурак» ойындары бәрімізге таныс. Аталған ойындарды басқа ойындармен алмастыруға тырысыңыз.

Көбірек жеміс алыңыз.

Бұл қыз балаларға көбірек айтылған кеңес. Ер адамдарға құнарлы тамақ жеу керек болса, қыздар жеміске көп назар аударады. Ал үш күн бойы, бауырсақ, қуырдақ, пирожки жеп баратын болсаңыз, сіздің асқазаныңыз ас қорыта алмай қор болады. Одан да алма, банан, апельсин, қызанақ, киви жесеңіз, асқазанда оңай қорытылады.

Поезд тоқтаған сәтте, далаға шығып «тазалау» ауаға шығып дем алып тұрыңыз.

Вагон ішінде ыстық болып, шаң тозаңның барлығы аспанға көтеріледі. Мұндай сәтте дұрыс демалу....??? Қиял!!!

Ашық болыңыз.

Бұл сіздің махаббатыңызды табуға, жақсы достар табуға көмектеседі. Адам көп болса ойын да қызықты өтеді. Мәселен, мен әлі күнге дейін жолда танысқан достарыммен жақсы араласып тұрамын.

Егер ноутбугыңыз болса, қуаттап, бір-екі жақсы киноны жүктеп алыңыз.Одан артық кино жазсаңыз компьютеріңіздің қуаты жетпейді


Ұнайды ау деген кітап болмаса үйреніп жүрген тіліңіздің оқулықтарын дорбаңызға сала жүріңіз.
Жарты сағат оқысаңыз да сізге пайдасы болатынына сенімдімін.

Бастысы, ұялыңызды қуаттайтын ТОҒЫҢЫЗДЫ ұмытпаңыз!
Егер смартфоныңыздың немесе ұялыңыздың қуаты өлсе қуаттап алып, ұнатқан өлеңіңізді тыңдай беруге мүмкіндігіңіз бар.
Бағалы заттарыңызды шама келсе алмауға, техникалық құрылғыларыңызға абай болыңыз.

Осы жолы қыста өте қызықты ерекше студенттермен үйге жетттім. Әрбіреуі әр түрлі әлем, бірі болашақ ІТ маманы, болашақ депутат, араб тілінің маманы және тағы да басқа қызықты мамандықтың иелері. Жаңа дос тапқаныма қуаныштымын. Үш күннің қалай өткенін білмей қалдым. :))))

Көп мыжымай суреттерді көрсетейін осы жолы танысқан жаңа достарымның «уақыт өткізу» операциясынан үзінділер.



Бір купеге жиналып алып осылай кино көреміз




Қазіргі дебатер, болашақ депутат :) Мына жігіттің атын ұмытып қалыппын, масқара! Кеше түнімен, бүгін таң атқаннан ойланып жүрмін.


Болашақ депутаттың қасындағы досым Мирас, қазақ блогтары туралы хабардар екендігін айтты. Қанша дегенмен болашақ ІТ-шник :)

Р.S: Өзіміз де білеміз деп сөге көрмеңіз, білмей «мәә, үш күн қалай уақыт өткізесіңдер???» дейтін адамдарға арналған!

Р.S.S: Сіз қалай уақыт өткізесіз жолда? Бөлісе отырыңыз…

33 пікір

korwinin_kyzy
МӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘ сізде 3 күн жүретін болып тұрсызго,,,, менде 3 күн жүрем
))) суға піскен жұмырткамен суға піскен тауык алып шығам кішкене бұзылмауға жақсы олат!
Жолдан тамак алмауга тырысам себебі желкенем не қосып жатқанын құдай білет
Бәлкім есектін етін қосатын болар,
Әрине 3 күнге жететін тамақты сұмкаға алып шығу киын сондықтан жолдан обыщ мобыщ бірденелер аласын, сосын құрылған кортопта ұзаққа шыдайт оныда алып шығуға болады, Пирожкилары бауырсақ сиякты, катлеттері 80 процент нан қоысп жіберген қалғаны шандыр сиякты,
ОСЫМЕН ОСЫЛАЙ СОҚЫР НИКОЛАЙ!!!
ZevsKO
Сіз қай жаққа барасыз??? Орал емес па?
4o4
Не аяғыңды, не басыңды сыйдыра алмай арпалысасың
Зевсконың бойы 2 метр екенін білмеп едім :D
ZevsKO
Бойым енді 2 метр емес, бірақ бас-аяғым анық сыймайды.
4o4
онда тұрған не бар)) әрі бері өткендер жоғарыдан салбырап тұрған аяқтың астынан бұғып өтеді)))
ZevsKO
Ең ақырында қтіп бара жатқан адамның басына баклашкамен «тарс» еткіз дейсің ғой сосын… Үйге жетем деп жүргенде, сотта жүрмейін
saryqazaq
Қазақстандағы 3 күн жүретін состав сол «Алматы-Маңғышлақ» қана шығар. Мен жолда тамаққа тәбетім тартпайды. Поезға мінер алдында алған азығым (бір күндік үйден пісірілген тамақ, роллтон, су-пуан, жеміс) 3 күнге толықтай жетеді. Нанды ғана жолдан аламын, Түркістанның нандары тәтті болады.
Сосын жатып алып кітап оқимын. Негізі жолда кітап оқымаған дұрыс, көзді қалдырады. Әсіресе екінті түскеннен бастап.
ZevsKO
Жоқ. Келісе алмаймын. Оралға қатынайтын поезд та үш күн жүреді.
Nurbergen
Орал — Алматы поезді 3 күн жүреді Оралға. Москва — Алматы поезді 2 күн
ZevsKO
Сосын жатып алып кітап оқимын. Негізі жолда кітап оқымаған дұрыс, көзді қалдырады. Әсіресе екінті түскеннен бастап.

Келісемін. Бара жатқан компанияң ерекше адамдардан құралған болса, кітап оқуды ұмытасың ғой
korwinin_kyzy
Ұзақ жолға билетті КУПЕГЕ алыңыз.
ақша берсей купеге алайық? ))))))))))))))) ҚЫМБАТКО ДА:? КАЗІР КАНША БОП КЕТТІКЕН :?
ZevsKO
Он мыңнан жоғары. Үш күн үшін нормал. Купеде жабылып отырады деп кім айтты??? Болмаса анау суреттегі купенің вагондары ғой
korwinin_kyzy
Қысқы баспана деген әнгіме есіме тусіп кетті)))))))))))))))))))
ZevsKO
Билеттің бағасын күннен күнге арттырғанына көнер едік. Тек сапасын жақсартса ғой соған сай
korwinin_kyzy
КҮПЕДЕ ЖАБЫЛЫП отқанша пласкартпен келген жаксы неше кун болсадА!))))))))))))))))))))))))))))
РЕСЕЙДЕ ана шетінен мына шетінен пойызбен 10 күн журеді дегенді естіватк, әрине пересадкамен шығар))))))))))))))))) қызықтын татесі сонда болад дим да))))))))))))))
ZevsKO
Он күнге нервым шыдай қоймайтын шығар. Азап қой
Соңғы өңделген уақыты:
ZevsKO
Посттың мәтінін өңдеп едім. «Мен не деймін, домбырам не дейдінің?» кейпін киіп тұр!
ZevsKO
Пирожкилары бауырсақ сиякты, катлеттері 80 процент нан қоысп жіберген қалғаны шандыр сиякты

рас айтасың! Қуырдағы шандыр, паплуында ет жоқ. Картобы су татып тұр
yesbolat83
Мен де студент кезімде Алматыдан Маңғышлаққа дейін 3 тәулік бойы пойызбен қатынайтын едім. Маған купеден гөрі плацкарт ұнайтын. Ары-бері өткен әртүрлі адамдар, саудагерлер, арзан-арзан заттар, қолдарында кітапшалары бар қайыр сұраушы сақаулар мен мылқаулар, бәрі-бәрі мен үшін уақыт өткізуге септігін тигізетін. Әрине, көршілеріңмен әңгіме-дүкен, ойын түрлері, танысу, достасу, тамақ ішу, әрбір аялдамада сыртқа шығу… Маған Түркістан вокзалында сатылатын бешбармақ, Қандағаштың бірінші ыстық тамақтары ұнайтын, сүйсіне жейтінмін.
Студенттік кездерім есіме түсіп кеткені. Шіркін…
ZevsKO
ертең мен де сіз секіолді армандап, еске түсіріп отырады екенмін ғой!
yesbolat83
Берер ағалық кеңесім — студенттік дәуреніңдегі әрбір уақытты дұрыс пайдалана біл!
ZevsKO
Ия тырысып ақ жатырмыз. Бірақ, төртінші курста шашырап, бытырап қосылмай кетеді бастарымыз. Себебі әркімнің түкке тұрғысыз ЭГОСы оянған
ZevsKO
Ал маған Қандыағаштан Қызылордаға дейінгі ааралықта сататын копшоооный балықтар ұнайды. есім кеткенше жеймін. сосын Түрекістанның кәуәптарына күлкім келеді.
Korkem
Менің пойызбен ең ұзақ жүргенім 24 сағат қана)) жолға жеміс-жидек пен судан басқа ешнарсе ала алмаймын, селкілдетіп жегізбейді ғой)))
ZevsKO
Үш күн бойы жүретін болсаң, оның селкілдегеніне қарамайсың. кейін жерге түскен сәтіңде поезды іздейсің. Качеля сияқты ғой
geofizik_001
енді қасыңда қандай адамдар болғанына байланысты уақытты қалай өткізуің… Жастар болса танысу,әңгіме айту, мафия ойнау іш пыспайды, онша-мұншаны жақтыртпайтын қабағы қатулау адамдар болса жай ғана кітапты қолға алып жолда оқуға болмайды дегенге қарамастан кітап оқисың. Мен көбінесе жұмыс бабымен жүргендіктен коллегаларыммен жүремін, олармен точно іш пыспайды, ал соңғы рет Ақтаудан қайтқанымда, группаластарыма қыдырып барып, Алматыға жеткенше кітап оқыдым(Там, где ты.С.Ахерн) Ал қалталарыңыз көтерсе ең дұрысы самолетпен ұшыңыз… ойййййй рахат,3 күндік жолды 3 ақ сағатта еңсересіз)))))
Соңғы өңделген уақыты:
ZevsKO
Ұщаққа отыз бес мың қымбаттау
AKA
Маған пойызбен жүрген найт :)) Тамаша ғой, көңілді орта кезіксе уаще күшТ! Бұрындары пойызбен жүріп, есікті қағып кітапшалар, газет, журналдар тастап кететіндерді күтіп отыратын ем. Қызық көрінетін, заттарын қарааап, әйтеуір біреуін алатынбыз. Ал, қазір ондайларға қарамайтын болдық, наушникті тағып ап, ешкімге мән бермей жатавересің :)
ZevsKO
Бізде әлі күнге дейін солай. Өткен сатушыны жібермейсің ғой Құдоой ау! Бәрі көріп, бағасын сұрап алып ең ақырында алмайм дейсің ғоой. Жынданып кете жаздайд сатушы.

Маған Маңғыстауға жететін күні таңертең ерте тұрып алып, күннің шыққанын тамашалау ұнайды. Ақ жартастармен жағаласып шыққан күннің сәулесі керемет сезімге бөлейді адамды.
qyrmyzy
Жатып алып ұйқтайтын ем. Негізі, үлкен кісілер болса, солармен әңгімелескен ұнайды. Кейде ноутты қосып алып, кино қараймын, инет ұстаса, инетте, кітап оқимын)))) вагонмен вагон жүру деген… ужастик көрумен тең
ereke_enu
Кейде ноутты қосып алып, кино қараймын, инет ұстаса, инетте, кітап оқимын))))
Ноутыңның аккумуляторы мықты болу керек қой бұл үшін)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.