Сұлу жігіт - Наргиз

Пайдалы кеңестер /
Кітаптан Мұхаммед (ғ.а.с) пайғамбарымыздың «екі наның болса біреуін сатып, Нарцисс гүлін сатып ал. Өйткені, нан тән азығы, нарцис жан азығы,- деп айтқаны бар» дегенді оқып қалдым. Содан қызығушылығым оянып, нарцисс жайлы ізденіп тастадым. Бөлісе отырайын: Грек аңызы бойынша ертеде Нарцисс (кей жерде Наркисс) деген өте сұлу бозбала өмір сүрген екен. Сұлулығы сонша, бүкіл әйел қауымы бозбалаға ғашық болады. Күндердің бір күнінде Нарцисс өзеннен өз бейнесін көріп, өзіне – өзі ғашық боп қалады. Содан күнде өзеннің жағасына келіп, судағы өз бейнесіне тамсанып отыруды әдетке айналдырады. Солай ғашықтықтан мас болып жүрген (немесе өзін ешкімге қимай жүрген) сұлу бозбала, бір күні өзенге құлап кетіп, тұншығып өледі. Кейін оның өлген жерінен өсіп шыққан гүлді Нарцисс атап кетеді.
Нарцисс — өте көп таралған, бас айналдыратын иісі бар, ақ, сары түсті гүлі бар бір жылдық шөптесін өсімдік. Авторитеті жағынан розадан кейінгі 2 орын алады екен деп қояйын. Антибактериалдық және тағы да басқа емдік әсері бар. Нарцисстің кейбір түрінен бұрын наркоз беру үшін пайдаланған эфир майын өндіреді. Тіпті, «наркоз» атауының өзі наркисстен алынған екен. Парсылар гүлді «наргэс» деп атайды екен және бұл «әдемі көз» деген мағына береді екен. Соған қарағанда, қазақтардағы — нәркес көз деген сөз парсылардан келсе керек. Ал, түріктер Наргиз деп, өзбектер Наргиза деп қыздарына (басында ұлдың аты болса да) ат қояды екен.
РS: пайғамбарымыз емдік қасиетіне байланысты жан азығы деген шығар деген ой келіп отыр.

15 пікір

estetika91
Мақала өте жақсы жазылған. Осы аңызды ежелгі грек аңыздарыны жинақталған кітаптан (авторы қателеспесем, Кун болу керек) оқыған болатынмын. Сюжеті өте әсерлі, оқиға желісі сол аңыз бойынша өрбиді. Нарцисс сөзінің этимологиясын «нәркес көз» деген сөз парсылардан келсе, ал, түріктер Наргиз деп, өзбектер Наргиза деп қыздарына ат қояды" депсіз. Иә, толықтай келісемін, дегенмен тақырыбын Наргизге әкеліп қойыпсыз. Негізі, бұл гүлдің қазақша атауы НӘРКЕС…
MSHERIMBEK
Нәркес деген құрбыңызды танимын:) Мағынасын білмей жүр едім, осы екен ғой:)
beko
Менің қарындасымның есімі Наргиз(ағамның қызы). Есімін анашым қойған. Неге олай қойдыңыз? Басқа есім табылмай қалғандай, өзбекке ұқсатып, өзбек атын қойып қойыпсыз ғой деп сұрағанымда, есіне түспеді ма (анашым зейнеткердегі кісі) «айтеуір қойғым келгесін, қойдым да» деп жауап берген. Не болса да бүгін, ол есімнің аңызын авторға рақмет, осы мақала арқасында біліп, үйдегілерге айтпақшымын…
Енді біліп жүретін болыптық!
MSHERIMBEK
Басқа есім табылмай қалғандай, өзбекке ұқсатып, өзбек атын қойып
Менің атымды қойған кезде де осындай пробема болған екен;)
Aspan
мүмкін, мен осындай гүл бар екенін енді білдім. ал, оған дейін нәркес көздерімен дегенді білетінмін. Және мағынасы -соблазнять, строить глазки деп түсініп келгем
KILYZAMAN
Сонымен Нәркес делік… Әдемі нәрселердің қазақша аттарын естісем қуанып қалатыным бар.
Jako
«Наркес»- болса қазақ жігіттеріне де жарасатын ат сияқты ғой.
KILYZAMAN
Әлбетте! Ұлым үйленіп, немерелі болып жатсам солай қоймақпын атын… Аллам бұйрсын деп тілейін ;-)
Jako
Қилеке ниетіңе жет, Наркескендей ұл болсын.
KILYZAMAN
Әумин… Айтқаның келсін. Қонағым боласың құрметті :-)
Jako
Аай, рахмет!
ardak1996
Менің кіші сіңлімнің есімі Нарцица) Нарциц гүлдің атауы екенін білуші едім) рахмет)
Aspan
сіңлімнің есімі Нарцица шын есімі солай ма?
ardak1996
ия ақ мамам солай қойған… осыдан кейін ұл болар деген умітпен…
Armanjan
Гүлістан барма мынаяқта, гүлге қатысты әңгімені сол жақсы сындыратын еді ғой. Әлде әлі тіркелмеген бе?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.