Қарызын өтемей өлген адам қабірінде шынжырлармен байланып жатады

Пайдалы кеңестер /
Әлмисақтан мұсылман қазақтың басын кесіп алсаң да өлердей үрейленетіні – қарыз еді. Мәңгілік жер қойнына кетіп бара жатқан адамды соңғы сапарына шығарып тұрып «алашақтарың болса айтыңдар, марқұм о дүниеге қарыздар боп кетпесін. Борышын өтейтін туыс-туғандары сапта тұр» дейтіні сол ғой жаназада. Ұлы қорқынышты санасының терең қатпарында сақтап, шамасы келісінше борыштар боп өмір сүргісі келмейтін қазақтың бүгінгі тірлігі бұрынғысынан мүлде кері.

Қарызды кешіктірудің жазасы


Сұрақ: Қарызды өтемей, кешіктіру күнә бола ма?

Жауап: Қарызын уақытында өтей алмаған адам барып өтеу мерзімін ұзартуын ақшаның иесінен сұрауы керек. Өтеуге мүмкіндігі бола тұра қарызын кешіктіру күнә болады.

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Қандайда бір адамның мүмкіндігі бола тұра қарызын өтемей кешіктіретін болса, (қарызын өтегенге дейін) күн сайын амал дәптеріне зұлымдық ету күнәсі жазылады.» (Табарани)

«Өтемеу ниетімен қарыз алған адам қияметте ұры болып келеді.» (Ибн Мажә)

«Алған қарызын өтегісі келмегендерге Аллаһу та’ала қиямет күні: “Бұл адамның ақысын өзіңде қалдырады деп ойладың ба?’’ деп ол адамның жақсы амалдарын алып, қарыз иесіне береді. Егер қарызын бермеген адамның жақсы амалы болмаса, қарыз иесінің жаман амалдарын, күнәларын қарыздар адамның мойнына жүктейді.» (Табарани)

«Бай адамның (өтеуге мүмкіндігі болған адамның) қарызын өтемей, кешіктіріп жүруі зұлымдық болады.» (Бұхари) (Қарызын уақытылы өтемеуге зұлымдық, ал өтемеген адамға залым делінген.)

«Аллаһу та’ала залым болған байды жақсы көрмейді.» (Бәззар)

Қарызы болған адам қарызын өтемей тұрып садақа бермеуі керек. Өйткені хадис шәрифте: «Қарызы бола тұра берілген садақа қабыл болмайды» делінген. (Бұхари)

Берілмеген зекет те қарыз болып саналады. Қарызын өтеу, зекет беру парыз. Зекет қарызы болған адамның берген садақасы қабыл болмайды. Алдымен осы қарыздарын өтеуі керек. Сол секілді қаза намаздары бар адамның да нәпіл намаздары қабыл болмайды. Сүннеттер де нәпіл намазға жатады. (Н.Фиқһийә)

Қарызданбауға қатты мән беру керек. Хазреті Лұқман Хаким: «Мойныма қарыз жүгін арқалап езілгенше тас арқалағанды таңдаймын» деген. Өйткені қарыздану адамды күпірлікке дейін апарады. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Йа Раббым, күпірлікке түсуден және қарызға кіруден саған сыйынамын» деп қарызданудың өте жаман екендігін білдірген. (Нәсаи)

Сұрақ: Мердігер (подрядчик) салатын үйді келісілген мерзімінде тапсырмаса, кешіккен әрбір күні үшін белгілі мөлшерде айыппұл төлеуін келісім-шартқа енгізу және кешіккен күндерге келісілген мөлшерде ақша өндіріп алу жаиз ба?

Жауап: Иә, жаиз. Бірақ уақытылы өтелмеген қарыз ақша үшін бұлай төлемақы алу жаиз емес. Өйткені қарыз ақша үкімі үйдің үкіміне ұқсамайды. Қарызын кейінге қалдырып, үстіне үстеме ақша қосу пайыз болады. Қарыз берген адам (инфляция себепті) зиянда қалмауы үшін ақшаның сол күнгі құны алтынмен есептелінеді. Қайтарып берілетін күні де алтынмен есептеліп беріледі. Доллармен немесе басқа да заттармен есептелінбейді. Құн делінген кезде алтын түсініледі, басқа мал-мүлік және ақша түсінілмейді. Өйткені заттың құны алтынмен бағаланады. (Кәшфи румузи ғурәр)

Сұрақ: «Табиғи газ, су, электр энергиясының айлық төлем ақысын мерзімінен кеш төлеген кезде үстіне қосылатын өсімақы пайыз болып саналады, ол болса үлкен күнә. Кредит карталарын уақытылы төлемегенде үстіне қосылатын өсімақы да осылай» деп айтылып жатады. Ұмытып кеткен жағдайда немесе төлейтін ақша болмай қалған жағдайда төленбесе, үстіне қосылатын өсімақысы пайыз болып санала ма?

Жауап: Бұлар айыппұл болып саналады. Бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткенде айыппұл төленетіні сияқты оған пайыз десе де айыппұл болып саналады. Мал-мүлікті белгілі бір пайда үшін сатқан адам “осыншама пайда түсіремін” деудің орнына ”осыншама пайыз аламын” десе пайыз болмайды. Зәруретсіз (зәру, мәжбүр) жағдайсыз айыппұл төлеуге кешіктіру де күнә болады. Ол бөлек мәселе. Айыппұлға пайыз деп айтылса да пайыз болмайды.

Сұрақ: Бір досыма берген қарызымды ала алмай қиналып жүрмін. Қарызын өтеуге мүмкіндігі бола тұра әдеттеніп кеткен бе білмейім, қаншама рет сұрасам да бермей, үнемі кейінге қалдыра береді және тақырыпты басқа жаққа аударып жібереді. Құдды қарызы жоқ адамдай сөйлеседі. Баласы да әкесі сияқты әркімнен бір ақша алып, бермейді екен. Бұл жаман мінездің тұқым қуалаушылықпен байланысы жоқ па?

Жауап: Тегіне тартатындар да болуы мүмкін, бірақ “әкем қарызына сенімді адам емес” деп әкесіндей болуға тырысу үлкен қателік болып саналады. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Қарыз – діндарлықтың жаман атағы.» (Кудаи)

«Қарыз – түнде қайғы, күндіз қорлық.» (Дәйләми)

«Қарыз – дін мен абыройды кемітеді.» (Дәйләми)

«Қарызын өтемей өлген адам қабірінде қамауда жатады.» (Табарани)

«Қарызын өтемей өлген адам қабірінде шынжырлармен байланып жатады.» (Дәйләми)

«Мүминнің рухы қарызын өтегенге дейін шырмалған күйде жатады.» (Тирмизи)

«Қарызданып қорқынышқа батпаңдар!» (Бәйһақи)

«Өлген туыстарыңның қарыздарын өтеуге асығыңдар!» (Ибн Мажә)

Тез қайтарылуы қажет болған қарызды өтемей, садақа бермеу керек. Бөліп төленетін (рассрочка) қарыздар бұған жатпайды. Бөліп төлейтін қарыздардың төлем мерзімі өтіп, себепсізден себепсіз төленбеген болса, сол кезде осы үкімге жатады.

7 пікір

Jako
Қарызы болған адам қарызын өтемей тұрып садақа бермеуі керек. Өйткені хадис шәрифте: «Қарызы бола тұра берілген садақа қабыл болмайды» делінген. (Бұхари)
Қорқынышты екен,қазір қарызы жоқ қазақ өте аз, қарызым бар деп садақа бермей кетсек діннен безіп кетпейміз ба?
Жауап: Иә, жаиз. Бірақ уақытылы өтелмеген қарыз ақша үшін бұлай төлемақы алу жаиз емес. Өйткені қарыз ақша үкімі үйдің үкіміне ұқсамайды. Қарызын кейінге қалдырып, үстіне үстеме ақша қосу пайыз болады. Қарыз берген адам (инфляция себепті) зиянда қалмауы үшін ақшаның сол күнгі құны алтынмен есептелінеді. Қайтарып берілетін күні де алтынмен есептеліп беріледі. Доллармен немесе басқа да заттармен есептелінбейді. Құн делінген кезде алтын түсініледі, басқа мал-мүлік және ақша түсінілмейді. Өйткені заттың құны алтынмен бағаланады. (Кәшфи румузи ғурәр)
Орыстардың «закон дышло...» — деген мақалына келетін сияқты.
Соңғы өңделген уақыты:
yesbolat83
Көршінің қызы қайдасың? Дұрыс айтып отыр ма, мына бала? Сен де діндарсың ғо.

Тақырыбыңның өзі қорқынышты екен. Негізі рухани пайдалы пост екен. Біз арасында садақа беріп тұрсақта парыз боп есептелетін зекет беріп көрмеппіз. Қалай беріп, қалай қоятынын да білмейді екенбіз. Бұл ислами ілімнің жоқтығы ғой.
korwinin_kyzy
ТУ ялтпащ қайдағы діндар?
Korkem
Естуім бар, әже көрген қызбын ғой, айтып отырушы еді жарықтық әжем осындай әңгімелерді. Осы жайлы да аңыз бар-тын, сол аңыздың әсері ме екен, құлағымда әлі жаңғырып тұр. Біреуден қарыз алсам, соны қайтармайынша ішкен асым ас болмай, батпай кететін әдеті))) ал біреуге қарыз берсем, өзі біліп қайтармайынша сұрамауды үйретті. Сондықтан да болар қайтармайды-ау деген адамға қарыз бермеуге тырысып бағамыз.
korwinin_kyzy
Құранда ең ұзақ аят Қарыз туралы ол БАҚАРА суресинде 282 аят Орысша переводын жазып кетейн қазақша тусинбейм

О те, которые уверовали! Если вы заключаете договор о долге на определенный срок, то записывайте его, и пусть писец записывает его справедливо. Писец не должен отказываться записать его так, как его научил Аллах. Пусть он пишет, и пусть берущий взаймы диктует и страшится Аллаха, своего Господа, и ничего не убавляет из него. А если берущий взаймы слабоумен, немощен или не способен диктовать самостоятельно, пусть его доверенное лицо диктует по справедливости. В качестве свидетелей призовите двух мужчин из вашего числа. Если не будет двух мужчин, то одного мужчину и двух женщин, которых вы согласны признать свидетелями, и если одна из них ошибется, то другая напомнит ей. Свидетели не должны отказываться, если их приглашают. Не тяготитесь записать договор, будь он большим или малым, вплоть до указания его срока. Так будет справедливее перед Аллахом, убедительнее для свидетельства и лучше для избежания сомнений. Но если вы заключаете наличную сделку и расплачиваетесь друг с другом на месте, то на вас не будет греха, если вы не запишите ее. Но призывайте свидетелей, если вы заключаете торговый договор, и не причиняйте вреда писцу и свидетелю. Если же вы поступите таким образом, то совершите грех. Бойтесь Аллаха – Аллах обучает вас. Аллах ведает обо всякой вещи.
Kan
Керемет тақырып. әр қазақтың басындағы мәселе. Айтылса сөзде жетеді. Айтысса дауласар адамдар көп болары анық. Енді көп оттай бермей қарыздан тез құтылу керек.
scorpion
Қарыз алған адам осымен 3 ші рет уәде беріп орындамады.Сенүден қалдым.Осы постты арнайы соған арнап жаздым, оқып қарызын қайтарар деген үміттемін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.