Кімге қандай сыйлық ұнаcымды?

Пайдалы кеңестер /
сыйлық сыйлау сәті
Күнделікті сыйласып, араласып бірге жүрген адамдарға ілтипат білдіріп, ара-тұра сыйлық жасап көңілдерін көтерген де бір ғанибет.Олардың қуанғанын көріп, өзіңде марқайып қаласың. Адам жаратылысы әр қилы екенін ескерсек, олардың көңілін табу да оңай емес. Дей тұрсақ та әркімнің қызығушылығына қарай қандай сый-сыяпат жасауға болатынын айтпақпыз.
Азаматтардың көбісі сезімтал, сергек жандар.Олар айналадағы заттаррды ұстап, сипап көргендіұнатады.Қарым-қатынас кезінде пікірлесінің көзіне тура қарап оған жанасуды, қолынан ұстауды қалайды, иығындағы шашты алып тастау арқылы назарын өзіне аудартады.Мұндай елгезек жандарға «жылы » заттарды сыйлаған дұрыс. Ал олар көлік иелері болса, онда жылы қыш, орындықты жылытатын құрылғылар сыйлау тиімді.
Ал кейбір кісілер — тұйық, алайда бұйығы мінезді бола тұра өз істеріне мұқиат, жинақы адамдар. Мұндай адамдарға әдемі көліктердің суреттері бар кітапшалар, көлік жөндеуге арналған құралдар сыйлаған абзал.
Адамдардың тағы бір тобы қоршаған ортамен көз арқылы қарым-қатынас жасайды, яғни айналасын көріп, көңілі тоятын кісілер. Олар өнерді жоғары бағалайды.Мұндай көлік иелеріне көз алдында ілініп тұратын тұмаршалар, әдемі бұйымдар сыйлаған дұрыс.
Енді бір кісілер өзі өмір сүріп отырған әлемді дыбыс арқылы қабылдайтын адамдар. Олар әңгіме, әкен тыңдағанды жақсы көреді және жады, есте сақтау қабілеттері мықты. Мұндай көлік иелеріне жаңа жарық көрген аудиодискілер мен автомагнитолла сыйлаған жөн.
Мәлімет Мұсылман күнтізбесі:2010-2011 алынып жазылды.

11 пікір

Korkem
Тақырыпты түсінбедім, сосын маған осы пост жазылғаны туралы хабарлама келген жоқ, мен осы блогқа қосылғанмын. Бұл қалай?
Abylai
бәәәәәәәәәәәәәәрін оқисың ба?
Korkem
ия, бәрін оқимын, саған сенің пікіріңе жазғаным туралы хабарлама барады ма поштаңа?
Abylai
жоқ келген жоқ ((
Sabions
маған да солай… мүмкін Әкімшілік поштаға хат келетін мүмкіндікті алып тастаған шығар…
calendula
Қазақта "ҰНАСЫМДЫ" деген сөз жоқ! Дұрысы «Кім қандай сыйлықты ұнатады?» болуы керек.
Madi
Оны маған айтпа, деректі жазған адамның өзінен сұра.Керек болса адресін берейін саған.
calendula
Адресі де, басқасы да керек емес. Соны көшіре отырып, қатесін дұрыстамаған…
Madi
Қатені көп жөндегіш екесің
calendula
Әрине, бір кездері өзіңіз де, қазақша қатесіз жазыңдар деп жүр едіңіз ғой, солай айта отырып қате жазасыз. Сіздің өзіңіз қате жазсаңыз басқалар ше… мен қатені жөндеймін, басқалар кейінгі посттарында сол қатені қайталамасын деп және менің осындай ескетулеріме қалмасын деп))))
Madi
Қазақ тілін керемет біледі екесің.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.