Табысқа жетудің тиімді жолы.

Пайдалы кеңестер /
Табысқа жетудің тиімді жолы…

Бұл дүниеге сынақ үшін келген адам баласының ең үкен қалауы
табысқа жету болса, ең үлкен қорқынышы да – тапқан
табысынан айрылып қалу. Ақырет табысына жету немесе жете
алмау осы өмірдегі іс-əрекетімізгі қарай болмақ. Алайда,
адамдар сенімдеріне қарай жетістікке жету мəселесін əрқалай
түсінеді.
Біреулердің мына дүниеде ешкімнен кенде болмаймын деп
күндіз-түні қажымай еңбек еткендерін көреміз, бірақ бұлар табысты халал не харам жолмен тапқанына
мəн бермейді. Ал басқа біреулер тапқан табыстың көптігіне емес, оның таза жолмен келуіне көңіл бөледі.
Кітабымыз Құран Кəрімде табысты жақсы не жаман жолмен тапқандарға жалпылама «кесб» сөзін
қолданса, «жетістікке жеттім» деген нəрсесінен түбегейлі айрылып қалғандарға «хусран» сөзін
қолданады. Осыған орай ислам ғалымдары табысқа жетудің жолдарын үшке бөліп қарастырған:
1.Тек қана дүние табысы.
2. Тек қана ақырет табысы.
3. Дүние һəм ақырет табысы.
Ұлы Аллаһ Тағаладан жəне ақырет күнінен қорыққан пенде, əуелі, Алланың əмірлеріне бойсұнып, өмір
сүрудің жүйесін Ислам дінінен үйреніп, қоғамдағы небір қиыншылыққа төзе отырып, тек Алланың
разылығын негізге алатын болса, онда ол мəңгілік бақыттың кілтін тапқаны. «Əркімнің ұстанатын жолы
бар. Олай болса жақсылықта жарысыңдар.”(Бақара 2/148)
Құдайға сенімі əлсіз немесе сенімі мүлдем жоқ атеисттің мақсаты тек осы дүниенің нығметтеріне қол
жеткізу болғандықтан, оның қандай жолмен тапқандығына қарамайды. Оларға тек осы дүниенің нəпсілік
лəззатына қанып, жегені артында жемегені алдында болса болды. Аллаһ Тағала кім не сұраса, соған бұл
дүниеде ешкімді бөліп жармай беруде, алайда ақыретте оның есебі күтуде. «Мал-мүлік пен балалар,
дүние тіршілігінің сəні ғана. Ал мəңгі қалатын ізгі істер болса, жақсы табыс бойынша да əрі үміт
тұрғысынан да хайырлы (Кəһф 18/46).
Мұсылман кісі дүниесі мен ақыретін құстың екі қанатындай тең ұстауы қажет. Абай атамыз: «Ақылды
адамға иман парыз, иманды адамға ғибадат парыз» – деп бекер атпаған. Абайдың ғибадат сөзін
қолдануында кең ауқымды мағына бар. Өйткені, құлшылық – өз-өзін танудан басталады. Өзін таныған кісі
өзінің əлсіздігін мойындап, Жаратушы Иесін таниды. Раббысын мойындаудың дəлелі құлшылыққа
мойынсұнудан басталады. Мұндай жетістікке қол жеткізген адам, жетістікке жеткенін уысынан шығарып
алмас үшін əрбір сəтін Аллаһтың разылығын іздеумен өткізеді. Аллаһтың разылығын қалаған пенде үшін
ең əуелі ниет пен іс-əрекет қажет. Ақырет жетістігіне қол жеткіземін деген кез-келген адам, қандай салада
болмасын өз жұмысымен сауапқа кенеле алады. Мəселен, саудагер саудасын адал атқарып, саудасынан
түскенінен бір мөлшерін Аллаһ жолына арнау, қарапайым жұмысшы басшысына мойынсұнып, əрбір ісін
тиянақты орындап, адал жалақысын алып, бала-шағасына азық-түлік алу, мұқтажды кісілерге
мұқтаждықтарын тауып беру, керек десеңіз біреуге жақсы сөз сөйлеудің өзі, тіпті қандай да бір игі іске ниет
етіп, оны орындай алмаған кісіге де Рахымды Аллаһ сауабынан құр алақан қалдырмайды. «Сонда кім
тозаңның салмағындай жақсылық істеген болса соны көреді. Ал кім тозаңның салмағындай
жамандық істесе, ол да сонысын көреді».(Зілзəлə 99/7-8).
Қоршаған ортадағы адамдардың көбі өмірдегі көптеген мəселені діннің қоғамға деген көзқарасымен
шешпей, өздерінің дінге деген көзқарастарымен шешіп жүре бергісі келеді. Алайда, бұл жүріспен жүрудің
соңы құрдымға алып баратынын білмейді. Елімізде харам жолмен табысқа тез жететін жолдар шаш
етектен, біреуі құрыса екіншісі табыла қалады. Несие, ипотека деген нерселер халықты аласұртты, екінің-
бірі аларында алғысын айтып, өсіммен қайтып берерінде қарғысын айтып жүгендерді көресің. Бұл
іспеттес харам нəрселердің елімізде көбеюінің себебі, адамдардың Аллаһтың жіберген дініне еш мəн
бермейтіндіктің салдары. «Расында Бізге жолығуды үміт етпегендер жəне дүние тіршілігіне мəз
болып сонымен көңілдері жəй тапқандар, міне солар аяттармыздан хабарсыз. Олардың істеген
күнəлары себепті орындары тозақ» (Юныс 10/7-8).
Əрбір саналы адам баласы: «Мен қандай жолмен табысқа жетіп отырмын? Мəңгілік табыс па, əлде өлсем
өзіммен бірге өшетін табыс па?» – деген сол іспеттес сұрақтар мазалауы керек. Атақты ислам философы
Мұхаммед Икбал: «Өміріміз бен тəрбиеміздің басты негізі – Ислам болуы керек. Біліміміз бен ақылымыз
Дінге сүйенбейтін болса, оның түкке де тұрғысы жоқ», – деп жақсы айтқан.
Сөзіміздің соңын шынайы жетістікке жетудің жолы Құран Кəрімнің Əли-Имран сүресі 185 аятымен
тамамдасақ, «Əрбір жан иесі өлімнің дəмін татады. Шын мəнінде ақыларың толық төленеді. Сонда кім
тозақ отынан құтылып жəннатқа кіргізілсе, расында ол құтылды. Негізінде дүние тіршілігі алданыштың ғана
нəрсесі».

7 пікір

ulan
Musulman uwin en ulken tabys mangilik jannat… Jannatka karai asygaiyk agaiyn…
Jako
Жаннатқа асықсаң сені кім ұстап тұр, бармаймысың?
Jako
Ұлан, онда жатайық шалқамыздан. Қимылдамасақ күнә жасамаспыз, күнәсіз болсақ пейішке барармыз деп.Шала сауатыңды бұл жерге тықпалағаламағаның абзал болар еді.
ulan
Tozakka kiretinderdin syipaty
1. kozder bar akikatty kormeitin
2. Jurekter bar ewtene sezbeitin
3. Kulaktar bar ewtene estimeitin alla dep soilei bastasan wekesi tyrysyp arkasy kurysyp senimen ursysyp bytwyt bolatyn…
неге бұл жазбаға шу ете қалдыңдар, әркім не жазғысы келеді, соны жазады, ұнамаса, өте шыға бермейсіңдер ме, әлде бұл порталда жазу үшін барлығының көңілінен шығу керек деген талап бар ма еді?
Соңғы өңделген уақыты:
Пiскен аска жеушi коп, Бiткен iске сыншы коп деген атамыз казак.
Арбiр iстiн тек жаксы жагын коруге тырысайык, сонда омiрдiн манi де айшыктала тусер…
Jazko
бұл күнде ақирет табысын емес, дүние табысын ойлатындар көбейіп кетті ғой.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.