Телефонды суға түсіріп алсаңыз...

Пайдалы кеңестер /


Әрқайсымыз өмірімізде бір рет болса да, ұялы телефонымызды суға түсіріп алдық немесе осындай жағдайдың куәсі болдық. Мұндай жағдайда не істеу керек? Назарларыңызға телефоныңызға екінші "өмір" беретін кеңестерді ұсынамыз.

Не істеуге болмайды?

1. Телефонды сілкуге болмайды. Бұл оны толығымен істен шығаруы мүмкін: су толығымен платаларға ағып, элементтерге кері әсерін тигізеді.
2. Телефонды микротолқынды пештің, феннің немесе басқа қызу құрылғылардың көмегімен құрғатпаңыз. Олар телефон ішіндегі сымдарды күйдіріп жіберуі мүмкін.

Не істеуге болады?

1. Біріншіден телефондағы батареяны алып тастап, сим картаны ұяшығынан шығарып алыңыз. Сим-картаны неғұрлым тез шығарсаңыз, соғұрлым ақпараттың сақталу ықтималдылығы жоғары болады.
2. Телефонды үрлеп, оны орамалмен құрғатып сүртіп алған жөн.
3. Телефонды бірнеше сағатқа күріші бар тәрелкеге қойыңыз. Күріш телефондағы қалған ылғалды өзіне сіңіріп алады.
4. Телефонды күріші бар тәрелкеден алып, оның бетін құрғақ шүберекпен сүртіп, сим-карта мен батареяны орнына қойыңыз. Сіздің телефоныңыз іске қосылуы керек.
5. Егер сіздің телефоныңыз батпаққа немесе унитазға түсіп кетсе, оны антибактериялды немесе спиртті майлықпен сүртіңіз.

massaget.kz/tehno/faq/536

8 пікір

Moldir_96
Күріш дегеніңіз қызық болды-ау)) Дегенмен, керемет, әрі пайдалы кеңес! Жарайсыз! +1
MSHERIMBEK
Бұл алдын жарияланып қойған. Көшіре бермеңдерші, өтініш. Не уже ли осындай қарапайым нәрселерді жазуға өзіңнің тілің жетпейді?
PycJIaH
Бауырым бұл сайтқа келгеніме көп болған жоқ. Сондықтанда осындай пост жазылып қойылғанын білмедім. Менің ниетім білмей жүргендер біліп жүрсін дегенім ғо, көшірсемде астына ссылкасын коюды ұмытқаным жоқ.
MSHERIMBEK
Аха, рахмет:))
Abylai
:} бір интрига бола ма деп дәм етіп едім эхх көңілімді қалдырдыңдар
PycJIaH
ұрыс керіспен ештеңе шешілмейдіғо :)))
MSHERIMBEK
Сақалыңдыссс, Джек!
calendula
Бұл сайтқа кіретіндердің көбі массагетке де кіреді, сондықтан қай сайтта ненеің жарияланғанын біледі, сондықтан көшірмей-ақ қойған жөн болар!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.