Дайын құжатты жылдам әрі тез алғыңыз келсе

Пайдалы кеңестер /
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы Қызылорда қаласының №1 бөлімінде «Талап еткен жеріне жеткізе отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жеке және (немесе) кешенді қызмет көрсетуді жүзеге асыру» қызметі жұмыс атқаруда. Бұл қызметтің негізгі мақсаты – қарапайым халыққа барынша жағдай жасап, қажетті құжаттарын дер кезінде және уақытылы жеткізіп беруге ықпал жасау. Қызмет ақылы болғандықтан ХҚКО бөлімінде орналастырылған екінші деңгейлі банктердің немесе «Казпочта» АҚ-ның төлем қабылдау орнына 700 теңге тариф сомасын төлек қажеттілігі туындайды.
Тариф қала ішінде жүзеге асырылады, егер клиент арызында дайын құжатты талап еткен жерін қала шетіндегі мекенжайға жеткізуді көрсетеді (12-15 км. Ұзақтығы), аталған жағдайда жүзеге жүзеге асырылатын соммаға ҚҚС қоса алғанда, тарифтің 50 пайызды құрайтын қосымша шығын соммасы қосылады.
Қызмет көрсету тәртібі:
• Көрсетілетін қызмет бойынша құжаттар топтамасын жеткізу мен жиынтықтауды ұйымдастыру жауапкершілігі бөлімде құжаттар топтамасын қалыптастыруға жауапты инспекторларға жүктеледі. Орындаушы жолға шықпастан бұрын телефон байланысы арқылы көрсетілген мекенжайды және Тапсырыс берушінің жеткізу орны бойынша жеке қатысуын нақтылайды. Жол жүру кестеге сәйкес күніне кемінде 2 рет жүзеге асырылады;
• Орындаушыға филиал директорының атынан сенімхат (№ 2 қосымша) беріледі. Қызметкермен еңбек шартын бұзысу кезінде сенімхат міндетті алып қоюға жатады.
• Орындаушы мынадай құжаттар топтамасымен жол жүреді: бұдан бұрын Тапсырыс беруші қол қойған шарттың түпнұсқасы, дайын құжат және дайын құжаттарды беру тізілімі. Жеткізу орнына келісімен Орындаушы Тапсырыс берушінің жеке басын сәйкестендіреді. Тапсырыс беруші қолхаттағы (шарттағы) мәліметтерді толтырады және дайын құжаттарды беру тізіліміне қол қояды.

Қызылорда қаласының №1 бөлімі

0 пікір

Автор, мақала соңына пікір қалдыруға тыйым салды!