Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды электрондық тiркеу

Пайдалы кеңестер /
Бүгінгі таңда қарапайым халықтың алтын уақытын үнемдеу үшін электрондық қызмет түрі жүзеге асырыла бастағаны белгілі. Соның ішінде жылжымайтын мүлікке қатысты да электрондық тіркеу қызметі жүргізілуде. Жалпы электронды қызмет түрі жүзеге асырыла бастағаннан бері аудан халқыда онымен таныс болып қалды. 2014 жылдың басынан бері аудан көлемінде 82 жылжымайтын мүлікке құқық электронды түрде тіркелді. Электронды тіркеу тәртібінің енгізілуінің басты ерекшелігі әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған. Қысқаша түсіндіріп өтсек, 1 күн ішінде нотариалдық кеңседе мәмлелер куәландырылып, электронды жүйеден тіркеуден өтеді.
Өту тәртібі заңда көрсетілгендей нотариус мәмлелені куәландырып бергеннен кейін құқық иеленушінің жазбаша келісімімен оның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесiне жiбередi. Сонымен қатар, жылжымайтын мүлiктi сатып алушыны, құқық белгiлейтiн құжатқа бiрыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде берiлген бiрегей нөмiр туралы,
жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге тиiс алым сомасы туралы немесе алымды төлеуден босату туралы хабардар етедi.
Құқық иеленушi немесе оның уәкiлеттi өкiлi жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым төлеушiнiң деректерiн және құқық белгiлейтiн құжаттың бiрегей нөмiрiн мiндеттi түрде көрсете отырып, ақпараттандыру саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган көздеген кез келген тәсiлмен «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi (бұдан әрi – ЭҮТШ) арқылы мемлекеттiк тiркеуге алым төлейдi.
Бұдан соң, чектің деректемелерi (төлеудiң бiрегей коды, төлемдi алушының атауы, бюджеттiк сыныптаманың коды, екiншi деңгейдегi банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның атауы, төлем төлеушiнiң деректерi, оның iшiнде оның сәйкестендiру нөмiрi, алым сомасы, ақының күнi мен уақыты, құқық белгiлейтiн құжаттың бiрегей нөмiрi) электрондық чек түрiнде ЭҮТШ-те сақталады.Әрі құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесiне жiберiледi.Ал тiркеушi орган: Электронды үкіметтің төлем шлюзінде жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым төленгенiн растайтын электрондық чектiң болуын, төленген алымның толықтығын және электрондық чек пен құқық белгiлейтiн құжаттың электрондық көшiрмесiнде көрсетiлген құқық белгiлейтiн құжаттың бiрегей нөмiрiнiң сәйкестiгiн тексередi.Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым төленгенi немесе алым төлеуден босатылғаны расталған жағдайда, тiркеу жүргiзiлгенi туралы не мемлекеттiк тiркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы хабарламаны бiрыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге, сондай-ақ бар болған жағдайда мәмiлеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына жiбередi.
Гүлназ Амантай
Қызылорда қаласының №1 бөлімі
жинақтау секторының жетекші инспекторы

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.