Компьютер - досымыз ба? Әлде жауымыз ба? ( денсаулық жағынан )

Пайдалы кеңестер /

Қайсысы жаман? Ал қайсысы жақсы?
Компьютер — досымыз ба? Әлде жауымыз ба? ( денсаулық жағынан )

Анда-санда осындай тақырыпта ойланып қоямын, енді бүгін сіздермен бөлісіп отырған жайым бар. Барынша қысқа етіп, жазуға тырыстым.
Кейбіреулеріміздің балдарымыз, өзіміз, компьютермен жұмыс не ойын ойнап уақыт өткізетініміз анық.


Компьютердің әрине өмірге пайдасы өте көп, сонымен қатар денсаулыққа әкелер зиянын да ұмытпаған жөн. Денсаулықтың бір сыры, оны өздеріңізде білесіздер, организмдер қимылдап, жұмыс жасап тұрса, онда аурулардан алшақ болады. Осыған бір мысал: Ауылдағы атам, намазын оқып, малына өзі қарайды. Құдайға шүкір денсаулығы аттай. Ойы өрісі, тіл жағынан, денсаулығы жағынан, өз қатарларының алды болуда. Әрине қасиетті намаздың адам денсаулығына келіп кетер пайдасы көп, оның өзі бір үлкен тақырып…
Енді компьютерде отырган адам, өздеріңіз елестеңіздер, адам организмдері бұлшық еттер, қол аяғы, көзі бәрі қадалып бір жерде отырады яғни аз қимылдайды.




Көз - бір жерге қадалу, (катаракта, глаукома т.б. сияқты) әртүрлі ауруларға апарады. Біреуін былай байқауға болады, адам көзінде қоқыстардың ұшуы. Яғни сіз аспанға не ақ қарға (ашық бір түсті таза нарсеге)т.б. қарасаңыз, ары бері көзіңізбен жалтақтағанда, көзіңізбен ілескен қоқыстарды(мусор)байқауға болады. Көзіңізде жүрген майда қылдар секілді ұшып жүреді.

Ми - Адам миінің есте сақтау қабілетін азайтады(жеке тәжірибе).

Адам денесі - Адам денесінің азуы, не болмаса тым артық салмақ қосып толуы.


Әсіресе компьютерде көп отыратындар: програмист, дизайнер, видео монтажник, мултик — кино жасайтын 3d-аниматорлар, бухгалтерлер т.б. Кейбіреуіміз көп отыруға мәжбүрліміз, себебі ертеңгі табатын нанымыз.
Демек, алдын алуға болады ма? (Немесе мен(Берікбол) не істеймін сол кезде?)

Көз - Мен көзілдірікке 100 пайыз(%) қарсымын. Өйткені барлық көзілдіріктер(мейлі — + 0) көзді жаттықтырмай, бір бағытта қаратады. Ол дегенің жаман деген сөз… Осы жайында және көздің әртүрлі жаттығулары жайында Владимир Ждановтың курсымен(Верни себе зрение) танысуға кеңес беремін. Демек, көздің ауырмауына алдын алып, жаттығуларын жасап тұруды меңземекпін (өзім солай күнде жасаудамын). Осы жаттығудың мендегі нәтижелері бірінші қадамнан байқалған, мысалы көзіңді өз бағыттарымен(Жданов сабағын айтудамын.) жаттығу жасағанда, көзің демалып, ұйқың шамалы ашылады, ары қарай жұмысыңды күш жинағандай болып жалғастырасың. Сол сияқты, компьютермен жұмыс істеп отырғаннан бірденең көзің жеткен барынша ұзақ жерге қарау да(мысалы терезеден талдың ұшындағы жапырақтың ұшын қарау) жаттығудың бір түрі. Ал кактус жайында, тәжірибем жоқ. Еститініміз ол, компьютердің монитор жанына қойып қойсаң, зиянын тартады деп жатады.

Ми - Адамның есте сақтау қабілетін күшейтетін жаттығулар жасау. Интернеттен мына бір жаттығуларды алған едім Бірінші сілтеме мұнда. Екінші сілтеме мұнда.

Адам денесі - толу не азу. Бұл қалай? Азу ол әрине қимылдамағаннан, ал егер компьютер алдында әрнәрсе кезек-кезегімен желінетін болса(Мыс: чипси, тамақ, шай, пішнәй), онда сөзсіз артық салмақ қосасыз. т.б. Бұл жағдайды алдын алуға, жиі жүгіру ге уақыт бөлу яғни жүгіру, жиі таза ауамен жаяу жүру. Адам денесіндегі қанды жүгірту үшін, біз барынша бір жерде отырмай, ауру жинамай, қимылдауымызды ұмытпай, жая жүріп, не болмаса жүгіріп тұрғанымыз өзімізге жақсы. Себебі тек бұлшық етке ғана емес, жүгіру, ол сол күнгі көңіл күйіңді көтеруге де ат салысады.

Бұл постты, медецина маманы емес, компьютер маманының(програмист) жеке өмірлік тәжірибесінен алынған. Сондықтан, бұл жерде бәрін тізіп жазбадым, ары қарай білім іздеу өз еншілеріңізде. Естеріңізде болсын, өз өмірлеріңіз, өздеріңіздің қолдарыңызда.
Қосымша мәлімет керек болса, бірінші және екінші сілтемелермен таныссаңыз болады.

Құрметпен,
Жарылқасын Берікбол.

13 пікір

followme_alik
Білетінім неткен аз еді… постыңа +1.
Korkem
Тамаша!Мынаны бір жерден оқып ем, оны да сен жазғасын +1
MSHERIMBEK
Рахмет, Беке:) Білім базыма қосып алдым:)
MSHERIMBEK
Қойыңызшы ұялтпай:)))))))))
Korkem
кідәәәй, жаңа махаббат бүршік атып келе ме?))))өлең жаз
konvict
Әй, сенің біреудің махаббатында не шаруаң барии. Қарасақалдың Бекоға махаббаты ашылып отыр
Korkem
ық-ық, қыстырылма. оның да біреулердің махаббатында жұмысы бар ғой)))
konvict
Тағы бірбәле жазсам админ бастықтарымыз ұрса ма девотқаным
beko
Осы бізге пікір жазып үйренуіміз керек. Әтпесе жаңадан келген үлкен кісі пікірлерге қарағанда не ойлар екен, деп ойланамын…
konvict
Көп ойлана берме. Миға салмақ түсеД
KILYZAMAN
Компьютер — досымыз ба? Әлде жауымыз ба? ( денсаулық жағынан )
— «Ас адамның арқауы» — дей тұра, талғамсыз опыра берудің зияны жайлы ойланып көріңдерші бір сәт ;-)
mairosh
Мен дәрігер маманы ретінде, жоғары айтылғанды растаймын, бәрі дұрыс.
aidarkaka
Будан калай кутыласын, комптан, мумкін емес
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.