Қалта телефоныңыз қай елдікі?

Пайдалы кеңестер /

Зауыттан шыққан кез келген өнімді анықтайтын арнайы белгілер болады.Қалта телефоны үшін ондай белгіні IMEI деп атайды.IMEI дегеніміз, (ағыл. International Mobile Equipment Identity ) — қалта телефон құрылғысының халықаралық көрсеткіші. Қалта телефонының сапасын анықтау үшін телефонның ИМЕЙ нөмірін білу маңызды.Оны білу үшін кез келген телефонда *#06# (жұлдызша, тор, нөл, алты, тор) комбинациясын теру керек.Телефонның дисплейінде әр түрлі сандар тізбегі көрсетіледі.Мәселен, IMEI 355764 02300502/0. Аталған сандар тізбегінде телефоның қай елде құрастырылғанын, иаки шығарылғанын жетінші және сегізінші сандар айғақтайды.
Егер жетінші және сегізінші сандар 00 болса, бұл қалта телефоныңыз зауыттың өзінен шықты деген сөз.Ең жоғары сапа!
Егер жетінші және сегізінші сандар 01 немесе 10 болса, бұл қалта телефоныңыз Финляндияда құрастырылды деген сөз.Сапасы өте жақсы.
Егер жетінші және сегізінші сандар 02 немесе 20 болса, бұл қалта телефоныңыз Қытайда жинастырылғанынан хабар береді.Сапасы нашарлау деген сөз.
Егер жетінші және сегізінші сандар 08 немесе 80 болса онда қалта телефоныңыз Германияда шығарылған.Сапасы жақсы деуге тұрарлық.
Егер жетінші және сегізінші сандар 04 немесе 40 болса, бұл қалта телефоныңыз Венгрияда жинастырылғанынан хабар береді.
Егер жетінші және сегізінші сандар 13 болса онда қалта телефоныңыз Әзірбайжанда шығарылған
деген сөз.Сапасы өте нашар және денсаулығыңызға да қауіпі жоқ емес.
Дереккөз: Мұсылман күнтізбесі 2009-2010 жылдар.Алматы, 2009.

21 пікір

qyrmyzy
рахмееет, Oner_adamy , мынауыңыз керемет екен. Телефон алайын деп жүр едім...екі айдан бері
Madi
Жақсы телефон алыңыз!
qyrmyzy
рахмеет! тағы екі ай жүруім де мүмкін
qyrmyzy
мамандығыңыз???
Madi
Радиотехника, электроника және телекоммуникация.
qyrmyzy
жап-жақсы мамандық қой)))
qyrmyzy
неге үлкеееееееен шрифтпен жазғансың??
Nuradil
менің телефонда жетінші және сегізінші 03!
артында made in India деген жазуы бар! Үндістан
Nuradil
артында! батарея салатын жердің астында!
MSHERIMBEK
Венгрия(!)???
Madi
Жақсы, жақсы.Уайымдамай-ақ қой.
qyrmyzy
Сосын суретті де қайдан алғаныңды көрсетіп жіберсең тамаша болар еді ше…
Madi
google -дан алдым фотоны.
qyrmyzy
маддис, енд солай жазып жүр өстіп-өстіп адам бокетесің
Madi
иа анда-санда жазармын.
Madi
......................,,,,,,,,,,,,,,
followme_alik
таза зауыт.қуаныш)
dimash
менде «02»((( Бір жылдай болды ұстап жүргеніме, покраскасы да кеткен жоқ, еш жері бұзылған да емес, мен заводской деп ойлап жүрсем…
konvict
359771043469306-біреуінде осындай Ждепті
ESN(hex):80A14D4E
ESN(decimal):128 10571086
MEID A100002065553E
Екіншісі осындай. Қытайлық ЗТЕ-ғо
KILYZAMAN
Отандық өндіріске тигізген пайдам болсыншы деген мақсатпен немереме алып берген «ЖанамаДос»(өзі екі симкалы) қалта телефоны, аталмыш қолданушының(сараптамашының) «Топас телефон екен» — деген бағамын алып өзіме қайтып келді… Менікі, немеремнің еншілігінде :-)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.