Компьютерді сақтауға тырысайық

Пайдалы кеңестер /


Компьютердің қазірде адам өмірінде алатын орыны ерекше болып тұр, оған әрине себеп, компьютер технологиясының жоғарғы қарқынмен дамуында. Ешбір жұмыс компьютерсіз өтпейді, барлық құжаттарымыз компьютерде сақталып тұр, ал ойламаған жерден компьютер істен шықса не істер едіңіз?! Істен шыққан компьютердегі мәліметтерді қалпына келтіру қиынның қиыны. Ал кейде ол тіптен мүмкін болмайды. Сондықтан да ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздейік. Аз ғана қарапайым ережелерді сақтай отырып, аз да болса компьютеріміздің қызмет ету уақытын ұзартуға тырысайық. Сонымен, компьютердің басты қажеттіліктерінің бірі-қатқыл диск (жесткий диск). Сіздің барлық құжаттарыңыз, сурет, музыка, фильмдеріңіз, бағдарламаларыңыз тағы да басқа файлдарыңыздың барлығы осы қатқыл дискіде (жесткий диск) сақталады. Сондықтан мен төменде осы қатқыл диск туралы айтып өтпекшімін:

1. Қатқыл диск-өте нәзік құрылғы, байқаусызда жерге түсіріп немесе соғып алсаңыз, ол бірден істен шығады, сондықтан да тасу кезінде өте абай болған дұрыс;

2. Вибрация (дірілдеу)-қатқыл дискінің ата жауы:), қанша айтқанмен компьютерде вибрация әрқашан болады, тек соны қолдан келгенше азайтуға тырысу керек;

3. Қатқыл дискіні (жесткий диск) компьютер корпусына өте қатты тартып тастауға да болмайды;

4. Қатқыл диск (жесткий диск) көлденең қалыпта жұмыс істеуге арналған, басқа қалыпта тұруы оның жұмыс істеу уақытын қысқартады;

5. Температураны бақылау. Қалыпты температура Цельсий бойынша 30-40 градус, 42-45 жоғары температура, ал 45-тен жоғары өте-өте орынсыз, ал 60 градус сіздің қатқыл дискіңіздің өмірін тоқтатуы мүмкін. Сондықтан арнайы бағдарламалар көмегімен қатқыл дискінің (жесткий диск) температурасын бақылап, егер көтеріліп кетсе, қосымша кулер жалғап, салқындатуға тырысыңыз;

6. Қатқыл дискінің ішіндегі ақрараттардың көшірмесін алып отырыңыз;

7. Қатқыл диск үшін компьютердің тоқта қосылып тұрғаны дұрыс, Бір сөніп, бір қосылуы қатқыл дискінің жұмыс істеуіне кедергі келтіруі де мүмкін.

Міне қатқыл дискінің дұрыс жұмыс істеуі үшін арналған қарапайым ережелер осы. Осы ережелерді сақтай отырып, өз компьютеріңіздің қызмет ету уақытын ұзартуға тырысыңыз.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.