"Блогшы болдым, мінекей". Блогшылар назарына

Пайдалы кеңестер /

Cәлем, айтаберліктер!
Жазбаларда біраз қателер кетіп жатады. Оны біреулер байқаса, біреулер керісінше. Сондықтан бүгінгі жазбам кішігірім лекция сияқты болмақ. Түртіп алсаңыздар болады.

1-лекция

Тақырып:
Тақырыптан кейін нүкте болмайды/смайлик те;
Тақырыбыңыз тартымды болсын;
Ұзақ емес, алайда түсінікті етіп жазыңыз;

Жазба:
Оқырмандарыңызға түсінікті болу үшін, Алдымен жазбаңыз жайлы түсініктеме беріп кетіңіз;
Жазба тез, жеңіл оқылуы үшін абзацтарға бөлгеніңіз жөн;
Жазбада «cut» функциясын қолдануды ұмытпаңыз;
Маңызды сөйлемдерді бояңыз, астын сызыңыз;
Жазбаны өзіңіз жазғаныңыз дұрыс; басқа сайттардан көшіру, ютубтан видеоларды әкеп қоюдың қажеті жоқ
Тың дүние жазуға машықтаныңыз;
Оқырманыңыз жазбаңыздан бірдеңе алатын болсын; сіздің жазбаларыңызды іздеп жүріп оқитын болады

Төл сөз бен төлеу сөз
Төл сөз:

«Блогқұрылтайға баратын блогшылар, жолдарыңыз болсын», — деді Аbylai
Төлеу сөз:
Абылай блогқұрылтайға баратын блогшыларға ақ жол тіледі.
Қалай жасалатынын, нүкте, үтір, тырнақша қайда қойылатынын қарап алыңыздар.

Қаратпа, қыстырма, одағай сөздерді қолдану
Қаратпа сөз:

Айтаберліктер, күнде бір жазба салып тұрыңыздаршы.

Немесе:

Кема, нан жайлы жазбаң қайда?
Фотошоп жайлы, Абылай, қашан жазасың?


Пунктуацияға назар аударыңыздар!

Қыстырма:
Меніңше, мына жазбаны басқа блогқа салу керек.
Мына пікір, біріншіден, флуд!


Одағай:
Әттеген-ай, алдымды орап кетті!
Мына пікірде қате кетті, қап!


ӨТІНІШ:
+ ты үндемей қойыңыздаршы…
Өзіңіз жазба жазбайтын болсаңыз, біреудің жазбасын сынамаңыз!
Егер жазба ұнамаса минус (-) қойып кете беріңіздер!
Оқыған жазбаңызға пікір қалдырыңыз, жазба иесіне деген құрметіңіз болсын.

Есте сақтаңыздар:
Нүкте, үтірден кейін бос орын (пробел) қалдыру керек.
Ілмектер жазбаңыздың мазмұнына сәйкес болсын.
Жазбаларыңызды әлеуметтік желілер арқылы таратып отырыңыздар. Сонда сіз жазған тақырып, мейлінше, көп оқылатын болады.
Сурет, видео, әндердерді қайдан алғаныңызды міндетті түрде көрсетіңіз. Өзіңіздің қауіпсіздігіңіз үшін.
ПЫСЫ: енді жазбаларда қате кететін болса, минустайтынымды ескертемін! Ренжіп жүрмеңіздер.

Сурет svojodelo.com сайтынан алынды.

68 пікір

qyrmyzy
Келіспейтіндеріңіз болса, айта отырыңыздар. Минустасаңыздар ренжімеймін
жоқ, пайдалы кеңес екен. Қатем кеткен болса, кешіріңіз, түзеуге, қайталамауға тырысамын. РАХМЕТ!
келіспеймін қателеспейтін адам болмайды
qyrmyzy
түсінбедім… мұнда ескеріңдер деген мағынада жазып едім…
beko
келіспеймін қателеспейтін адам болмайды

Осы сөздеріңнен кейін, ойыма бір ой(идея) түсті…
Таныстыруға қатысты ролик не ереже т.с.с. керек екен, бірәқ ол пост ретінде жазылмауы тиіс…
qyrmyzy
ал, бастап жібер
kema
jaksy kulak kagys eken))) Men jazba jazgym kelmei kaldy osydan kein))) Kop kate jibere berem. Kansha okysamda ylgyi kate jazyp koiam.
qyrmyzy
Алдын ала біреуге көрсет, сосын жарияла. Маған жіберсең, қатесін түзеп берем
Madi
дұрыс, дұрыс. Сауаттылық маңызды ғой қанша дегенмен.
Madi
ютубтан қызық нәрсе көрген соң кейде басқалармен бөліскің келеді, айып емес шығар енді, Қырмызы(жан)?
qyrmyzy
(жан)?
Күнім көрсе, ренжитін болды…
Әрине, айып емес, бірақ пайдасы тимесе, айтары жоқ болса, минусталады.
Madi
қандай айтары болу керек деп ойлайсың? не пайдасы?
qyrmyzy
осыған дейін түсіндіру керек пе?
Мысалы, видео гитарада айтылатын ән жайлы делік, оны көрген Ангелито гитарада ойнауды үйренгісі келу керек.
Немесе, адамның санасын түртіп жіберетін болу керек. Ол жағы түсінікті шығар
qyrmyzy
міне, міне, осылай әсер ету керек
Sabions
видео гитарада айтылатын ән жайлы делік, оны көрген Ангелито гитарада ойнауды үйренгісі келу керек.
ал Әңгелитө гитарада ойнауды біледі делік, бірақ видеодағы әнді білмейді екен.қарап отырып үйренсе несі айып? гитара — көп адам тартып,үйрене алмайтын аспап емес қой… ал Ангелито гитарада ойнай алмаса да, сол видеоны қызықтап,әнді тыңдағанда бір жерің түсіп қала ма?
мысалыңа мысалмен жауап.
qyrmyzy
не айтып тұрғаныңды ұқпадым… ойыңды ашып-ашып айтсаң…
Sabions
ұйқыдан тұрып кері оқы, можеть сонда ұғарсың
qyrmyzy
можеть
, бірақ ертең оқи алмайтын шығармын
Sabions
мен басқа адамды мысалға алдым
qyrmyzy
рахмет, пайдасы тигеніне қуаныштымын!
MSHERIMBEK
Толықтай қосылам:))) Өтееее дұрыс:)
Madi
күшті мұғалімсің деп ойлаймын.
qyrmyzy
хехе, болашақта мұғалім болғым келеді...бірақ қатал болатын шығармын
Madi
менің қойған видеоларым сананы түрте ме?
qyrmyzy
пікірлерден байқасаң болады
pari
Қырмызы лекцияң жақсы екен.Барлық талаптарға сай болуға тырысамын.Бірақ бір сұрағым бар.Әне бір жерде ютубтан видеоларды әкеп қоюдың қажеті жоқ,-деп жазыпсың.Сонда Ютуб қызықтары деген блогты өшіру керек пе?
qyrmyzy
ютубтан болар болмас видео көшіруге болмайды
pari
а солайма? жақсы жақсы
Sabions
ютубтан болар болмас видео көшіруге болмайды
оны кезінде мен де ескерткем…
Korkem
Тааамша екен! +1 мына менің +1 деп жазарыма шектеу қойма, өзіме ұнайды. Өзгелер еліктемей-ақ қойсын маған!
Madi
Көркеееееееем.
qyrmyzy
«көмектесші, мынадай лекциялар болмай-ақ қойсыыын», — дейді Өнер адамы Көркемге. ықық
Sabions
елден артықсың ба? жо әлде Қарасақал мен Қырмызының жақын құрбысы ма едің…
Korkem
Қарасақал мен Қырмызының жақын құрбысы болу міндетті емес, сондай-ақ бұл сөзіңнің мұнда не қатысы бар? Әлде миыңның жеткен жері осы ма? өзі ұрысыспаған адамың қалмапты ғой, маған да келіп жетіпсің
Sabions
+ ты үндемей қойыңыздаршы…
бұл ереже сымақ не үшін сонда?
мына менің +1 деп жазарыма шектеу қойма
былайша айтқанда, сыбайлас жемқорлық сияқты болып көрінеді… жұрт та сенімен бірдей, егер сен жазсаң, олардың да жазуына құқығы бар…
Әлде миыңның жеткен жері осы ма
мидың шегі бар ма еді?
өзі ұрысыспаған адамың қалмапты ғой, маған да келіп жетіпсің
пікіріңе айтқан пікірім
qyrmyzy
Қате жазылған жазбаларды минустаймын, ескертейін!
Sabions
Өзіңіз жазба жазбайтын болсаңыз, біреудің жазбасын сынамаңыз!
жазбаны сынау ол да өзінің пікрін жазу.жазба жазған жоқпын деп үндемей қалу міндет емес. Және жазба жазу да, ал өзіне пост ұнаған ұнамағаны туралы пікір айтуға шектеу қоя алмайсың…
Korkem
өзіне пост ұнаған ұнамағаны туралы пікір айтуға шектеу қоя алмайсың…
рас айтасың, дегенімен тым тырнақ астынан кір іздеп кету де дұрыс емес. Бір қатеге бола ұрыс шығарып, қазақ тілінің «намысын» өздерінше қорғаштағандай боп жүргендер де жетерлік… Пост жазушының жазған ойын сынасын, мінесін, бірақ тырнақ астынан кір іздеп, қатесін түзулемей-ақ қойсын. Ондай-ондай президенттің қызында да бар.
Sabions
мен кір іздегенім жоқ, жазылған нәрсеге көп келісе алмайтынымды айттым…
qyrmyzy
Sabions , дәретіңді алып келші, айналайын! Не айтып тұрғаныңды өзің де білмейтін сияқтысың. Ұнатып/ұнатпағаны жайлы жаза берсін, ал сынау — мүлде бөлек нәрсе. Өзі жазба жазбай, сынаса, ақылгөйсу!
Sabions
жазба жазғандар ақылды ма екен?
Korkem
«Жазба жазбағандар ақымақ!» дегенді қай жерден оқыдың?
Sabions
Өзі жазба жазбай, сынаса, ақылгөйсу!
ақымақ деген ұғымға келеді
Korkem
ып-ырас, сынасын бірақ өзі үлгі болсын. Білгіш болса білдіріп тұрып сынасын! Біреу біреуді сынағыш болса өзі де сынға төтеп беруі керек
Arhun
Cабағыңызға рахмет! Үйренетін керекті жерлеріңіз бар екен, шыныменен де… Бірақ мына жерлеріңізге келіспеймін — «ютубтан видеоларды әкеп қоюдың қажеті жоқ», түсіндірейін өйткені әр бір қазақ тілді сайттарда кездесе бермейтін блог немесе идея ғой. Ал оған сілтеме қоюдың қажеті жоқ, оған түрсең болғаны шыққан тегі өзі-ақ шығады. Негізі қызықтың көкесі осы ютуб видеоларында жатыр емес пе… Тек ол қызықтарды ең күштілерін көру үшін жүз көз болуы керек, ал мында сол жүз көздеріміз көрген қызықтарын осында салып қоя беретін болса, онда ең қызықтысын /уақытты текке құртпай/ көріп үлгереміз деген сөз
Шото көп жазып қойдым ғой деймін =))) P S Ал былай, қалған ақылдарыңызға келісемін
qyrmyzy
Иә, дұрыс айтасыз, ең қызықтысын ақтарып отыруға уақыт жоқ, бірақ кейбір блогшылар әйтеуір бір видеоны әкеп қоя салады. Жазбаның ішіне кірістірсе, үндемес едім
AKA
Жап-жақсы жазылған, осыны оқып, миға сақтаған дұрыс. Әсіресе, мектеп оқушыларына құлаққағыс. Ал, видео деп дауласып отырсыздар ғой, менің айтарым: видео қойыңыздар, дұрыс, тамашалайық. Бірақ, сол видео не жайлы, бұл видео туралы халық қандай пікір айтқан, несімен қызықты т.с.с. сұрақтарға да жауап ретінде кішкене ақпарат қосу керек. Мәселен, әдемі музыка таптыңыз делік, ең құрығанда орындаушысын, әннің атын, сөзін, шетел музыкасы болса аударған нұсқаңызды көрсетсеңіздер ешқандай қарсылақ болмайды.
VVVWWW
Бұдан кейін бірдеңе жазуға да қысылып қалады екенсің, кезіндегі диктант жазғанда қате тексеретін апайларым есіме түсіп кетті-ғой, негізінен жақсы, тамаша
qyrmyzy
солай, солай блогшы боп кетесің, ық ық
dimash
ҰБТ-ға шпор да дайын болды))
Қазақ тілін қайталап шыққандай болдым-ау, бұрындары пунктуация ережелерін сақтап жазатын едім, басқалар «очм», «шо то», «айтавер», «нестевацн» деген сияқтыларды көрген сон "безразница" екен де мен де солай қалыптасып кетіппін. Енді қарасам, шынында, КӨПШІЛІГІМІЗ әріптен де, тыныс белгісінен де қателіктеге бой алдырады екенбіз.
Karakulov
басқа сайттардан көшіру, ютубтан видеоларды әкеп қоюдың қажеті жоқ
пікірлерді сараптай отырып, осы жерді қайта өзгертіп жазсаңыз қалай?
Сосын
Егер жазба ұнамаса минус (-) қойып кете беріңіздер!
деген жерді қалай ұғайық? Егер айтқыңыз келгені тек қана минус қойып, ұнамаған жерін айтпай, үнсіз кету болса, автор өз қатесін қалай білмек, қалай түземек деп сұрағым келген.
qyrmyzy
вытыфы???
Karakulov
әуелі
басқа сайттардан көшіру, ютубтан видеоларды әкеп қоюдың қажеті жоқ
дейсіз де соңына
Сурет, видео, әндердерді қайдан алғаныңызды міндетті түрде көрсетіңіз.
дейсіз, екіншісі бірінші шартты бұзып тұр ғой. Міне вытыфы.
Екіншіде сұрағым келгені, Егер жазба ұнамаса минус (-) қойып кете беріңіздер! дегенді түрлі мағынада түсінуге болады екен, менің қабылдағаным дұрыс па соны анықтап және солай болып шықса, өз ойымды да қоса салайын дегем. Енді ұқтыңыз ба?
qyrmyzy
Санаңызға қалдырдым
Karakulov
Өкінішті, себебі мен «еменмін», мынау былай деп көзіме шұқып көрсетіп бермесе өздігімнен ұғуым қиын.
qyrmyzy
басқа сайттардан көшіру, ютубтан видеоларды әкеп қоюдың қажеті жоқ
басқа сайттардан жазбаларды копипаст жасайтындар үшін, ютубтан қажетсіз видеоларды топырлатып қоятындар үшін, суреттерді де дәл солай инеттен копипаст жасайтындар үшін айтылған.
Сурет, видео, әндердерді қайдан алғаныңызды міндетті түрде көрсетіңіз.
жазбаңызға ұолданып отырған сурет, ән, видеоны қайдан алғаныңызды көрсетесіз (хотя видеоларда сайт сілтемесі тұрады)
Ұнамады деп жазғанша, минус қойың!
Karakulov
Ұнамады деп жазғанша, минус қойың! деген сайт ережесі ме, әлде тек өз пікіріңіз бе?
Сұраған себебім, онша келіспейді екенмін: жаңадан жазып бастап келеміз, қай жерде қандай қате кеткенін білмей, тек сол минустарды көзіміз банкі болып қарап отыра бергеннен қалай дамимыз?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.