"Абай жолы" кітабына рецензия

Кино /
Бірінші жазба «Бүкіл Әлемдік кітапхана әдебиеті» құрамына кіретін «Абай Жолы» роман эпопеясы жайлы болмақ… «Абай жолы» Мұхтар Әуезовты бүкіл әлемге таныстырған туынды.
Кейіпкерлерге келетін болсақ, олар ұлы тұлғалар: Абай, Құнанбай, аналар — Зере, Ұлжан, Абайдың балалары — Әбіш, Мағауия, туралы ерекше жазылғасын, бұлар бүкіл оқиға бойынша қасыңда жүріп, рухани дос болады…
Абай ұлы тұлға, бірақ ұлы болып туылмайды, ұлылық іспен келеді. Міне бұл кітап сол істерге итермелеген кездер, сол істерді жасауға себеп болған адамдар, оқиғалар жайлы кітап. Мысалы: Абайдың туған жер, туған ел, туған үймен сағыныса табысуы. Қодар хикаясы, шошынып ауырған жас жүрекке ән мен жырдың ем болуы. Абайдың өз бетінше Шығыс кітаптарын қызығып оқуы. Құнанбайдың бозбала Абайды ел басқару ісіне араластыруы. Абайдың Батыс мәдениетіне бет бұруы. Болыс сайлауы, Абайдың губернатормен айқасы, жер дауы. Семейдегі оба індеті т.б оқиғалар Абайды Абай қылған!
Асықпай оқысаңыздар, жазушының тек қана адам тағдырын жазбағанын, ол халқымыздың тарих-шежіресін, даналық қасиетін, сойлеу мәдениетін, адамдармен, яғни әке мен бала, шеше мен бала, әке мен шеше, жеке адам мен халық, көпшілік арасындағы қатынас мәдениетін ешбір бояусыз көз алдында әкеледі, қарапайым тілмен жеткізеді.
Бұл кітапты 2 рет оқыдым, бірақ жазушының салған терең ойларды толық түсіндім дегенге сенімді емеспін…
P.S. бірінші рецензия болғасын не судите строго))) уақыт өткесін бұдан жақсы жазуға уәде беремін!

39 пікір

MSHERIMBEK
Әрине, Мұхтардың әдеби шеберлігін бағалаймын. «Көксерек», "Қараш-қараштарын" ерекше ықыласпен оқыдым. Бірақ, «Абай Жолына» келгенде тек қана бірінші томын ғана зорға оқи алғанымды мойындай салайын. Жалпы, сюжеті онша қызықтырмады. Одан қалса бұл роман туралы біраз негатив пікірлердің әсері болды ма, бәлки, орын алынып жатқан оқиғаларды шынайы қабылдау қиынға соқты.
1) Абай Жолы. Құнанбай. Шығармада Құнанбайдың образы өөте нашар көрсетілген. Құнанбайдың тарихи портретін алып қарайтын болсақ, ол кісі өте адал да әділ, халқының жанашыры, біртуар азаматы болған. Бірақ, Мұхан бұл романда тұлғасы әулиеге татырлық Құнанбайдың бейнесін топас та қатал, жаңашылдықты қабылдай алмайтын надан басшы деп көрсеткен.
2) Абай Жолы. Қодардың өлімі.
Рас, Қодардың өлімі шынымен де болған нәрсе. Бірақ, қалай болды? Не болды? Оның сырына әлі ешкім терең үңіле қойған жоқ. Айналып келгенде Құнанбай тағы да әсіре діншіл, сотқар болып шыға келеді. Толыққанды бармай-ақ қояйын, шығармада Құнанбай Қодарды кінәсіз айыптап, өлтіртеді. Ал, енді Шәкәрімнің жазған естеліктеріне назарыңызды қаратуыңызды сұранамын.
Бірде Барақ пен Құнанбай бөктерде отырған кезінде, Барақ насыбайын шығарып ата бастайды. Сол кезде Құнанбай: — Әй, Барақ, мына арамды аузыңа салмасаңшы, — дейді. Сонда Барақ: — Сен біреудің аузындағы арамға қарамай тұрып өз есігіңдің аузындағы арамды тоқтатып алсаңшы, — деп Қодар өз келінімен ойнастық қылып жүр екен деген әңгіменің екпінін береді (ну, примерно осылай айтады.). Бір емес, екі емес ол сыбыс біраз жерде айтылады. Содан соң, Құнанбай Қодардың үйіне үш ай бойы барлаушы қояды. Сөйтсе, шынында да Қодар өз келінімен ерлі-зайыптылардың «ойындарын» жасап жүрген екен. Құнанбай бұдан кейін бірден өлтіртпейді. Ол Семейге адам жібертіп осы болған нәрсенің шешімін дін өкілдерінен сұратады. Сол кезде олар өлім жазасы деп үкім береді. (Ол кездегі тарихта да солай. Ол түгілі руластардың арасында сондай оқиғалар болған кезде оларды өлім жазасына қиған. Өлімнен ұят күшті ғой.) Содан кейін барып, ол шариғат шеңберінен аспай сондай үкім береді. Сондықтан бұл жерде Құнанбайды кінәлау орынсыз.
Осыларды негізге ала отырып, кітаптағы Құнанбай образына сенбеулеріңізді сұранамын. Ол шынында да халқының ұлы азаматы болған.
Бірде, Мұхтар «Абай Жолын» Бауыржанға көрсеткенінде Баукең қабағын шытып, ашу танытқан деседі. Сонда Мұхтар: — Заман осылай мәжбүр қылды, — деген екен.
Жалпы, айтқанда бұл көркем шығарма! Мұндағы нәрселерді тарихи факт ретінде толыққанды алуға болмайды. Өлеңдер тарихы бір бөлек, әрине!
MSHERIMBEK
Азартпен отырып біраз ұрып тастаппын ғой:) Осындай темалардан көп болсыншы. Шынымен, пікір қалдырып, айызымыз қанып қалсын:) Рецензия үшін рахмет Дака;))
followme_alik
Саған да көлемді, пайдалы пікірің үшін Алғысым, Садық ;)) Оқушы бауырыма әдебиет сабағында қолдануға берсем, рұқсат па екен?
MSHERIMBEK
әрине:) қуана-қуана бердім рұхсатымды)
Daka_sss
топта шығарса, барлығы көрсін))
followme_alik
" 5 алатын болдым, алақай!!! ", — дейді қуанышында шек жоқ littleBro_ Рахмет Саған.
Daka_sss
мәссаған, менің постымнан үлкен боп кетті ғой)) шынында Құнанбайды қатал ғылып көрсеткен, бірақ басқару үшін темір қолда ұстамаса басынып кетеді. ал Қодарға жала жабылды деген ой, себебі соның жерін алу үшін ойластырған.
MSHERIMBEK
Воот, бұл негізі шындық емес, автордың шабытынан туған креативі:)
Ал мен ана пікірімді Шәкәрімнің естелігін дәйектеп отырмын. Негізі, сол заманда болған адам Шәкәрім ғой, сондықтан оныкі сенімдірек деп ойлаймын:)
ZevsKO
Дака! Салиқа қыз дауы есіңде ме? сол жерін қосып жазсаң дұрыс болар еді! келесі де рецензияң ұзақтау болады деп ойлаймын. Екі томдық шығармадан бір жарым бет шығару қиын соғады деп күтпеген ем!
Daka_sss
не жазылғанын оқыдыңдар, ал не жазатынымды өзім білемін.
qyrmyzy
"Құнанбай бейнесін әдейі солай суреттеген" дейтін "әдебиет" пәнінен берген Айнагүл апай! Себебі, сол заманда, естиген де шығарсыздар, кітап жазу, тарихты жазуғы тыйым салған кеңес үкіметі, қаншама кітап, газеттерді де өртегендерін естиген де шығарсыздар. «Абай жолын» аман алып қалған сол Құнанбай образы. Мұхтар Әуезовтің нысанаға алғаны — қазақтың салт-дәстүрі, тарихы, тәрбиесі, Абайы. Иә, әдеби шығарма болғандықтан, ішінде қиялдан туған образдар бар.
MSHERIMBEK
Ұрыспаңызшы, енді:) Сол үшін Мұхтарды кешірмеймін деген жоқпын ғҰә:))) Өз әкесін подстава жасап жібергені қызық болған екен иә)))
qyrmyzy
мяяя, ұрсқан жоқпын ғҮә? Ұрспаймын ғҮә! Амигоны ұрсам ба?! Енді жоғары жақ мәз болған ғой Құнанбайды жамандапты деп:))))))
MSHERIMBEK
иә, еңбекке жараса плүсіңді көре алмай тұрғаным өкінішті, әрине:)))
qyrmyzy
Аттым пілүс нанға жағым жей ғой
MSHERIMBEK
Ойбай-ә:) Өйтіп берген плүсіңде өзіңе ала ғой, қарағым:) А так көңіл үшін деп нете салатын едің ғо:((( Ооох, бұл адамдарға не болған өзі а?:))) АКАААА, маған көмегің керек:)
qyrmyzy

Сенің сұрағаның ерсі көрінді. Пілүс/минус санап отыратын жағдайда меспін ше пыроста деп ақтала салайынш
MSHERIMBEK
хехе, амигам-ау, басқа басқа саған ең жақсы респекттер ғо:)
ZevsKO
«Абай жолында» қанша кейіпкер бар?
qyrmyzy
бұқақақақақа © енді оқығанымда санаймын, бұқақақақақа ©
Daka_sss
вахахахахах
пАд столом қалдырдың ғой)))
Daka_sss
шынын айтсам кітапта санға мән бермей, мағынасына көбірек қарадым.
ZevsKO
Қарасақал! Сенімен келісемін! «Абай жолы» бір оқығанда сырын ашып, бар болмысын көресте қоятын туынды емес. Екі үш рет әр жасқа келгенде оқу керек деп айтып жатады. Қодардың өлімі болғаг оқиға екені де рас. бірақ Мұхтар атамыз оны Абай заманына әкелген. Ол Абай өмір сүрместен бұрын жиырма отыз жыл бұрын болған оқиға деседі.Бізге қазақ әдебиетінің тарихы пәнінің мұғалімі солай деген
qyrmyzy
Әрине солай!
Begimzhan
Қарасақал мырза, әрине, айтқандарың орынды… Бірақ, Әуезов заманының шындығын да естен шығармауымыз керек. Әуезов Абайды таныту үшін Құнанбайды құрбандыққа қиды. Егер Құнанбайды мақтар болса, Абай халыққа жетпес еді, жетсе де бұл деңгейден көрінбес еді. Бізге ұлы Абайды танытқаны үшін Әуезовке мың алғыс. «Абайды танытқан Әуезов, Әуезовті танытқан Абай» деп бекер айтылмаса керек…
Daka_sss, сен таңдаған тақырып тамаша, бірақ кемшіліктер жетерлік. Саған шығармашылық табыс тілеймін!
Daka_sss
білемін, түзелуге тырысамын!
Turekhan
Мына деректі фильмді көрдіңіздер ме?
Korkem
Жазғандарыңызға келісемін. Бірақ, шынымды айтайын, тоймай қалдым. Әне бір Ербол, Базаралы, Бес қасқаларды атамай кету мен үшін үлкен күнә секілденіп кетті. «Абай жолы» романына рецензия бір емес, бірнешеу болып жазылуы керек-ау деймін. Жалғасын табар деп үміттенемін.
AKA
Оқымасаңыз да пікір қалдырып қояды екенсіз ә?! Өзіңіз толықтырып жібермедіңіз бе?
MSHERIMBEK
өртейсің:) да канса:)))
Korkem
үии не дит нау? )))
Korkem
Ербол мен Базаралыц мен үшін қымбат кейіпкерлер есебінде. Посттың қай жерінде олар жайлы жазып ед? өртемешиии
AKA
Өй де, гугл әже не дейді тағы, қарап келіңіз? Тағы 1-2 кейіпкердің есімін жаттап келерсіз бәлкім?!
qyrmyzy
бұқақақақаққақақақааа, айтпайтының жоқ ше
Korkem
муахахах мен оның 5 томын да оқып тастағам.
mairosh
буйртса осы абай жолын екинши рет окып битирейн деп жатрм. Керемет китап. Кезинде студент кезинде дурыс тусинбеп едим. Кенс берем окиларына
Bagashar
Қарасақалдың айтқаны орынды. Айтқандарын қоюлата түсейін. Құнанбай туралы алғашқы дерек 1870 жылы Польшада жарық көрді. яғни, Абайдың өлеңдерінен бұрын әкесі туралы деректер шетелде жазылып жатты.Оның ақылдылығы, шешендігі туралы, әділдігі туралы, тіпті жасы үлкендердің өзі алдына барып жүгінетіні туралы айтылады. Сол кезде қырықтан енді асқан жасы екен.Авторы поляк ағартушысы, Семейге жер аударылып келген Адольф Янукеевич. Белгілі алаштанушы Тұрсын Жұртбай ағамыздың "Құнанбай" деген кітабын тауып оқыңыздар. Анандай болған, мынандай болған деген құрғақ сөздерге қарағанда, документально деректер келтіріп, романдағы Құнанбай мен өмірдегі Құнанбайдың аражігін ашып береді.
Daka_sss
Құнанбайды солай алуы тек совет үкіметі үшін, байларды үнемі жаман деген үкімет Құнанбайды жақсы жағынан көрсетсе баспаға шығармайтын еді.
Bagashar
Абайдың өзін әрең шығарды еме пе? Ғабит Мүсірепов қорғап қалған ғой. Мұхаң Мәскеуде қанша жүрді? артына шырақ алып түскендер аз болған жоқ
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.