Юсуф пен Хавва. Махаббат хикаясының жалғасы!

Кино /




«31 арнада» Хавва мен Юсуфтың жан тебірентен ғашықтық оқиғасы жйлы телехикая жалғасуда. Кейіпкерлердің ендігі тағдыры не болады?

Юсуф әйелін одан әрі алдамау мақсатында Бадемен ажырасуға бел буады. Оның жүрегінде тек бір ғана жанға орын бар, ал бүкіл өмірінің махаббаты өзінің кесірінен жарық дүниемен «қоштасуда». Ол Хавва өлді дегенде сене алар емес. Дәрігерлер оған тіпті психиатрдың көмегіне жүгінуге кеңес беруде. Жас жігіттің жүрек түбінде күндердің күнінде Хавва есіктен еніп, күле қарап тұрар деген үміт те жоқ емес.

Ал, Хамиет болса ұлының қарсылығына қарамастан, Юсуфтың көңілін алдарқату мақсатында, Баде екеуін неке саяхатына аттандырмақ. Йылмаз бұған қарсы және ұлына көмектесуге тырысып бағуда. Алайда, Хамиет қылмысы әшкере болмауы үшін, неге болсада дайын. Ол қайтсе де ұлын қаладан алысқа аттандыруы тиіс. Олай болмаған жағдайда Хаввадан кек алу мақсатында жасалған әрекетінен еш нәтиже болмай қалуы ықтимал. Хамиет бұған жол бере алмайды.

Ал, Топрақ өзіне-өзі қол салмақ ниетте. Хавва өміріндегі ең жақын адам еді, енді ол да екі дүниенің арасында жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, оның жүрегі кез-келген сәтте тоқтап қалуы мүмкін. Қыздардың әкесі Ремзи, Шерефті Стамбулға Топрақтың қолына көшіп баруға үгіттеуде. Ол Юсуфтың шешесінен алғашқы ақысын алып, ол қаржыны қызын емдетуге жұмсамақ. Әйелі оның ниеті адал екеніне күмәнді, көңілінде тағы да бірдеңе бүлдіріп жүрген жоқ па деген күдік те жоқ емес.

Баде өз тағдырына толықтай мойынұсынды. Оның енді күресер қауқары қалмады. Екі адамның бақыты үшін, тек бір ғана жанның күш салуы аздық етеді екен. Юсуф өзіне қараған сайын, Хавваны елестетіп тұрғанын түсінеді. Бұл оны осы оқиғаның барлық кейіпкерлерінің тағдырына әсер ететін маңызды шешім қабылдауға итермелейді.

1 пікір

Ais_97
Киноның оқиғаларымен бөліскеніңізге рахмет,әрдайым хабардар болайық!+1!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.