"Ұшағы бар адамды аяуға болмайды" (c)

Кино /

Ұнайтын 10 киноны тізіп рейтинг жасау маған өте қиын жұмыс. Себебі, ертегі, болған оқиғамен түсірілген, психологы, жұмыстан шыққан полицейі, жалғызбасты әке, ана, жолы болмайтын жасөспірімі бар, соғыс, картинаның басынан кінәліні іздеп жүрген бас кейіпкердің өзін табатыны, жануарлар туралы кино деп бөлген өз «жанрымның» әрбірінде бірінші тұратын фавориті бар. Ерекше ұнайтыны тұмса табиғат өркениет әлдилегендердің «тірі қалу » инстинктін оятқанын көру.
Том Хэнкстің «Изгой»-ынан кейін мен мұндай кинолардың түбін түсірдім деп ойладым. Ерте әрі қате екен сөйтсем. Жақында маған «Пророктан» кейін аты кездеспеген Ли Тамахоридің «На грани» деген туындысын қарау мүмкіндігі туды. Керемет кино, керемет ойын деп айта салу бұл жайлы түк айтпағанмен тең. Әдетте не көреміз, апат, адасу(«127 сағат», «Замерзшие»), адамның өмір сүруіне қолайсыз жағдай( «Пианист»), адамның өр рухы, киноның соңындағы оттың түтініне келетін тікұшақ… Жоқ, бұл өзгерек. Бәрі бар мұның. Бірақ бұларда жоғы да бар. Аю емес) Энтони Хопкинс ешқашан сүйікті актерлерімнің арасында болған жоқ. Оның ойындарын актердің ойыны деп қарамауымнан болар. Ол сол кинода болу керек сияқты, болды.
Қоғамда әлі күнге дейін ақшаға, адамның статусына деген қараңғы көзқарас бар. Бір адамды сүю екінші адамды жек көруге итермелейтін кездің қайшылығы да ойлантады. Бір ренжісем қайырылмай кетем деген жаттанды пікірден жалыққаныңызды байқайсыз. Жағдайды сырттан бақылағанда адамды кінәлауға ұмтылатын ми бұл жерде дәрменсіз. Аяздағы адамдарға асыққан өз жылуыңыз сіздің жалғыз сенімді досыңыз болар?!
Кинодан не алдым? Білесіз бе… ештеме. Өзіңнен тыс нәрсені ешқашан қабылдамайсың. Не көрсең де, не түйсең де өзің білетін, немесе өзің білетініңді білмей жүргенің ғана ұғынылады. Ішкі дүниеңізді бір қарап шығасыз. Сол ғана.
«Олар мені құтқару үшін қаза тапты»… Қарап көріңіз. Маған керісінше көрінді…

2 пікір

Daka_sss
менен басқа осы блогқа жазатын адам бар екен ғой))) қуаныштымын+
MSHERIMBEK
Жер сілкінісі деген фильмді көріп өзгеше бір әсер алғаным есімде. Мына фильмді көру керек сияқты. Жоқ, міндетті түрде көру керек. Мақтап жатқан бірінші жан емессіз:) Рецензия үшін рахмет:) Тамаша жазылған:)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.