Төбелес клубы, Fight Club, 1999

Кино /
Төбелес клубы, Fight Club, 1999.
Бұл фильм маған өте қатты ұнады, тек маған емес, мен білетін осы фильмді көрген адамдардың бәріне де ұнады. Төбелес клубы меніңше нағыз боевик, еш мінсіз, "өй мына жері өтірік қой", я болмаса «мынау фантастика, бір оқпен 10 адамда ататын» әлде жалғыз өзі бәрін ұрып, қырып жатқан ештеңе жоқ бұл фильмде. Барлық майда-шүйделер қарастырылған, барлығына дәлел тауып, ақтауға болатындай. fight club, төбелес клубы, рецензия,Бұл фильмді көрген әрбір жігіт өзіне керекті ой түйеді, өміріне басқаша қарайтын болады. Фильмде қазіргі замандағы адам болмысының былшылдық бейнесін көрсетеді. Оның мылжың мәдениеті, жәй әдептілігі, фильмді көргеннен кейін төбелескіңіз келеді, шынымен де, фильм өте күшті әсер етеді. Қазіргі заманда біз барлығымыз дүниеге, көлікке, әдемі киімге, әдептілікке қатты байланып қалғанбыз. Осы заман жігіттерінің, еркектерінің әлсіздік болмысын көрсетеді. Фильмде басты кейіпкердің сөздері «Біз, қазіргі заманның еркектері, әйелдермен өсіріліп тәрбиеленгенбіз, басқа әйел біздің мәселемізді шешуге көмектесе алады ма?» fight club, төбелес клубы, рецензияБір төбелестің өзінде қандай әсер, күш, адреналин жатқанын барлығымыз біле бермейміз. Сол төбелес арқылы адам өзінің жан-жағына басқа қырдан қарайды. Басты кейіпкер де төбелестің дәмін көргеннен кейін өзінің екінші қырына толық ерік береді. Ол ақылды, әдемі, еркін, шебер, тәуелсіз қолынан келмейтіні жоқ, ол — идеал еркек. Нағыз еркектілікті бейнелейін осы фильмді барлық жігіттерге көруге ұсынамын. Көргеннен кейін келіп пікір жазыңыз, ал қаласаңыз кездесіп сөйлесейік!..

19 пікір

MSHERIMBEK
Iya, adam oz ozimen kuresip otedi goi:) Jaksy film:) Tulganyn ekeulenui turaly izdegenimde shykkan:) 10/7 degen bal berem)
pari
Менм мына фильмді бұрын көрмеппін:)Көрейін ендеше интернетте болар:)
balgalym
эхх бала… төбелестің мәнін түсінбедің
followme_alik
" Елімізде әлем бойынша теңдесі жоқ Fight -клуб ашылмақшы !" ,-дейтін постты күтіп ем) _ Фильм… әуесқойларға… 10-нан 5 балл _)
balgalym
followme_alik
))))))))) _ 3.3 қайда қалды десейші) _ сенікі болсын. =)
balgalym
ойбууу балам ау :)))
followme_alik
не дейсің, Bro? _)))
balgalym
жүр кеттік, жүрш, шықш далаға :)
followme_alik
Доп тебуге?… whah) _Жас айырмашылықтарымызды ескеруге кім кедергі? __))
balgalym
Көрмеген екенсің фильмді…
pana
Фильмді бір рет бастап көріп, ана бір ұйқысы қанбайтын жігіттен Питтке жете алмай шаршап кеткенім бар.Бір күні көріп шығатын сияқтымын.
balgalym
Негізі Пит басында-ақ кадрлер арасында жарқ етіп пайда болатын :)))
pana
мен ол басына да жетпегенмін бе)))
balgalym
байқамаған шығарсың
Daka_sss
иа жақсы кино, ол жерде негізі терең мағына жатыр, тек төбелес емес, оны байқамаған боласыңдар. ал рецензияға рахмет)+
e_zhalgas
бір нәрсені ұмытыпсың — бас кейіпкер соңында шизик болып шығады, уақақа
AL-ASTER
Джон Нэш жарықтықтың киносы сияқты екен ғой
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.