"Жаужүрек мың бала" фильміне рецензия

Кино /
Мамыр айында Қазақфильмның аты шулы премьерасы — «Жау жүрек мың бала» жарияланды. Фильм алғашқы аптада ақ 1млн АҚШ долларынан көп пайда жинады. Қазір оны шет ел дистребьютерлары сұрап жүр деседі…
12 млн долларға түсірілген фильм өзіне кеткен қаржыны ақтамаса да, көрерменнің үмітін ақтайды дегенге толық сенемін. Фильм жанры: тарихи экшн. Сюжетыне келетін болсақ, жоңғар халқымен қазақ халқының соғысы жайлы. Бұл жерде жоңғарларды көрсеткені тарихқа жақын шығар. Себебі басқа киноларда жоңғарларды топас иттер сияқты көрсетеді. Сөз жоқ олар жауыз болған, бірақ олардың да өз саясаты болған.
Ал фильм сюжетіне келетін болсақ, қарапайым қазақ халқы, малын бағып, қыста қыстауға жазда жайлауға көшетін көшпелі, момын халықты оңай басып аламыз деген оймен жоңғарлар соғыс ашады. Адамдарды еш аяусыз өлтіріп, қырып, қазақтарды қаңғыртып жібермек болады. Кейбір сұлтандар жоңғарлар табанын жалап жүргенде, біздің кейіпкерлеріміз, ол Сартай, Таймас, Қорлан өз соғысын ашады. Бұлардың ауылдарын да кезінде ойраттар ойратып кеткен, Сартайдың ата анасын өлтіріп, Таймастың әкесін өлтірген кезде, бұларды Қорланның әкесі тәрбилеп өсіреді. Жеті жыл өткесін бұрынғы балалар, қазіргі батыр болу үшін жоңғарларды қыра бастайды. Жолында өздері сияқты жетім, қаңғырып жүрген жігіттерді кезіктіріп, өзіне қосып алады. Не керек, фильмге экшн мен сюжетты байыту үшін махаббат та, сатқыншылық та бар. Маған бүкіл киноны айтпау қиын болып тұр, бірақ сіздерге де интрига қалдырайын…
Менің фильмнен алған әсерім өте тамаша, сондай патриоттық сезімді оятады. Түсіру тобына,
сценаристтерге Мұхаммед Мамырбековпен Жайық Сыздықовтарға ерекше алғысымды білдіргім келіп отыр. Себебі кинодағы репликаларды естігенде, сөздері құлаққа емес жүрекке барады. Кинода біздің ақсақалдарымыз бен жастардың жинақы ойынын көрген мені өте қатты қуантты. Фильмге 10 балдық шкала бойынша 10!

26 пікір

MSHERIMBEK
Қазақстандық рейтинг бойынша айтатын болсақ, әрине, 10/10:)
Әлемдік деңгейде алатын болсақ, ТРОЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯ:)
balgalym
Қазақтың бұл фильмге жазылған рецензиясының бәрі осындай болатын шығар :) рецензияға +1 орыстар не сын айтады екен, кемшіліксіз кино болмайды ғой
Daka_sss
қазақ жазсын орыс жазсн, адамдар эмоциясы бір болады әр қашанда…
balgalym
дәл осы фильмге ма?
MSHERIMBEK
әлі жинап жатқан болар:)
rauan
Фильм алғашқы аптада ақ 1млн АҚШ долларынан көп пайда жинады.
rauan
тыныс белгілерін қоюды үйретпейді-ау дейм
MSHERIMBEK
Үмбет саған бүгін күн флудері деген атақты беремін.;) Постқа келіп беталды нәрселер жаза бермеңдер, жігіттер мен қыздар. Авторына құрмет көрсету керек.
MSHERIMBEK
Фильмнің ресми промо сайты мынау: mynbala.kinostan.kz
Argyn
<code>«Жау жүрек мың бала»</code>
ДҰРЫСЫ: «Жаужүрек мың бала»
Daka_sss
ай маладес, отыр 5!
Daka_sss
оқасы жоқ, бұл тек Қазақстанда жинаған ақша, қазір әлемдік деңгейде шығатын болады, 65 Канский фестивальда дистребьютер лармен келіскен. әлі жинап қалар
kuka097
Керемет кино шынымды айтсам!Әлгі арт жағында бәрі жауға шабайындеп жатқандағы айтқан сөздері адам жанын тітіркендіреді екен! Нағыз патриоттық кино!
Daka_sss
рецензия ше? ))
duman
Басқаларыңызды білмим, маған қатты ыстық сезілді бұл кино.Өзіңнін күнде көріп жүрген кең далаңды, сұлу табиғатымды, таныстарымды осы күшті кинодан көру зор қуаныш екенғоо.Әттең кастингіне шақыра салысымен жетіп бару керек еді.
Түсірушілерде мықты екен, тура Сартайлар етек деп түсіп жүретін жердегі жатқан қыстаулықты, асфальт жолдарды қайда жібергенін байқамай қалдым.Кинода тамаша, тарихтан айтып атқанда оұымай қоюшы ек, бір кинодан қаншама тарихты біліп алдық… Рахмет, жасай бер қазақ, жасай бер.!!!
Daka_sss
рецензиясы ше?)
AKA
Таймастың Сартайға садақ атуы, Бекежанның Төлегенге садақ атқанын елестетті маған. Жақсы рецензия!
mairosh
Менде 10 балын беремін. Кино керемет әсерлі шыққан. Бағана көріп шыққанмын. Бірақ бір көңілді түсіретін жері бәрі өліп қалуы және Таймастың сатқындығы. Қанша жерден бұл кино трагедиямен аяқталсада соңында Сартайдан ұрпақ қалып және шаңырақтың жоғары көтерілуі өте керемет шықты
maksimuly
брак мына фильм вконтактте ютубда жүр… енди ешким кино театрга барып кормес
balgalym
Шыдай алмай кинотеатрға бармай-ақ көріп қойдым. Жақсы шығарыпты, бірақ 10 дегенді бір бағаны фильмнің дыбыстық әуендері төмен алып тастаймын. Кей-бір сәттерінде бір жүректі дүрліктірер кезде тыныш әуенді ғойған, эммоцияны дыбыспен де күшейту керек қой. Қалғаны жоғары сапада. Тек сол дыбысына көңілім толмай ішім күйіп отыр. 9/10.
pana
«жоңғар емес, өлімтік атқа мінген бір қыз құртты бәрін» ©
Jako
Келісемін, нағыз Аңырақайда шайқасатын жандар, бір ақымақ қыздың қырсығынан кетті.Әрі батырларымыздың бәрі кәріс жігіттер сияқты жылауық болып кеткен бе, түсінбедім.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.