Телехикая туралы аз-кем...

Кино /
Бұл оқиға өздерінің арман мақсаттарынан айрылып, өзгенің қалауы бойынша өмір сүруге мәжбүр болған екі жас туралы болмақ.
Фатмагүл кішкентай қалашықтың жас қызы. Өзінің қарапайым да, аңғал ағасы Рахми мен оның қалыңдығы Мукаддеспен бірге тұрады, бауыры Мұратқа қамқорлық жасап, сүт фермасында ағасы мен оның қалыңдығына көмектеседі, қой бағады. Бала кезінен ғашық болған Мұстафаға күйеуге шығатын күнді асыға күтеді. Жас жігітке деген шынайы махаббаты өмірінің мәніне айналған. Жалпы кез-келген бойжеткеннің асыл арманы сүйікті жігітіне қосылып, отбасын құру, бірге балалы- шағалы болу.
Бірақ кездейсоқ оқыс оқиға осының бәріне балта шапты. Асқақ арманына құстай ұшып бара жатқан Фатмагүл күтпеген жерден шыңырауға тап болды.
Болашақ жарын шомылуға аттандырып шыққан күні, қарсы алдынан шарапқа тойып алған 4 жігіт кездеседі, олардың үшеуі ауқатты отбасынан еді. Қыздың әсемдігіне қызыққан жігіттер онымен әзілдесе бастайды. Ойыннан өрт шығып, өздерін ұстай алмаған үшеуі Фатмагүлді зорлап кетеді. Бұл іске полиция араласады. Түркия заңы бойынша зорлағандардың ішінен біреуі жәбірленушіге үйленетін болса, бұл іс жабылған болып есептеледі.
Міне, сондықтан, бұзақылардың ауқатты ата-аналары өз балаларын түрмеден құтқарып қалу үшін, жоспар құрады. Жарлы жігітті Фатмагүлге үйленуге мәжбүрлеп, бір жылдай некеде тұрып, кейін ажырасып кетесің деп кеңес береді. Осылайша, жас қызды зорлықшылардың бірі – Керімге күйеуге береді. Жастардың жаңа өмірі бір-біріне деген өшпенділік пен жек көру сезімінен басталады. Зорлаушылар қыздың денесіне жара салып қана қоймай, бүкіл өміріне балта шапты. Ар-ожданы аяққа тапталған Фатмагүл енді, Керімнің күңі ретінде өмір сүруге мәжбүр.

1 пікір

yerbol89
Бірде-бір сериалын үзбей көретін анама жақсы ақпарат болды бұл мақалаңыз. Алдағы уақытта 31 арнада орын алтын жақсы жақсы жаңалықтарыңызбен сайтымызда бөлсіп тұрады деген үміттемін. :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.