Алты жасар Алпамыс немесе Алпамыс Мектепке барады

Кино /
Бұл фильмді Алпамыс бала туралы киноны көрмеген жан жоқ шығар. Бұл фильмнің сценарийі режиссер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қанымбек Қасымбековтің басынан өткен оқұиға негізінде жазылған. Режиссердің өзі негізі бұл фильмді; «Алты жасар Қанымбек» деп атауға да болатын еді, тап таза менің өмірім еді. Мен Қасымбек деген шалдың алпысқа келген шалдың баласымын. Шешеміз көпке дейін бала көтермей жүрген. Ерке болдық. Бес жасыма келгенде, күз айы келіп, ауыл балалары «оқып жүрміз» жеп бір жаққа кетіп қалады. Ауылда мен болсам, кешке дейін зерігем. Бұл не екен деп, сол жаққа жете алмай жалғызсырап жүрем. Оны байқаған әкем, баруға рұқсат берді. Ары қарай Валяның Маруся деген көрші неміс әйел бар, аңызға тола әңгімелерді айтып білетін шежіреші атаның бейнесі Мұнар ата болатын". Қ.Қасымбеков режиссер А.Кончаловскийге барлық оқиғаларын айтып береді. Оны қызығып тыңдағанымен, қолы тимейтінін айтып, осы әңгіме жайлы кино түсіруге кеңес береді. Ол Роза Хусниддинова деген шәкіртті ұсынады. Ол 1974ж Қаныбектің ауылында бір жарым айдай қонақ болып, сценарийін жазады. Дайын болған соң, басқа фильмнің шаруасымен жүргендіктен, бұл фильге шамасы келмейді. Ол түсіруге мүмкіндігі жоқ екенін айтып, Сценарийді А.Қарсақбаевтан басқа ешкімге бермеуін айтыпты.

суретБалалығын ұрлатқан Алпамыс
Фильмнің кейіпкерлеріне лайық актерлерді ұзақ уақыт іздеген. А.Қарсақбаев Алпамыстың рөлін ойнаған Ермек Төлепбаевты Ақ автомобиль деген қысқаметражды фильмнен тапқан. Режиссерге бастысы көзі ұнаған. Бала ермек мөлдір қара көздерімен көрермен жүрегінде отыз жылдан артық уақыт өтседе ұмытылмай келе жатыр. «Кино менің балалығымды ұрлады, балалық шақта менің өз өмірім болмапты. Кейіпкерлерімнің өмірін кештім. Абдолла аға болмаса киноға түспейтін едім» дейді.

суретӨмірден ерте кеткен "Қалихан"
Алпамысқа есеп, әріп үйретіп, өзіне өзі көңілі толғанда, "әй өзім ай" деп мақтанып қоятын тентек сары бала Қалихан, Ұлан Сарбасовты Қарсақбаев футбол алаңынан тауып алған. Ол өз рөлін жақсы ойнап шықты. Ермек Төлепбаев Қалиханды «ол өзін ойнап шықты, басқаша болмас еді» дейді. Ол өмірден өтіп кеткен азамат. Қайғылы өлімі туралы аңыз әңгімелер өте көп.

суретКөненің көзі Мұнар ата
Бір өзі алып таудай секілді төбешік үстінде шынтақтай жататын Мұнар атамыз ешкімге де ұмытыла қоймаған. Мұнар атаны ойнаған Қанабек Байсейітов. Бұл рөлді алғашқыда Қарсақбаевтың досы Кенебай Қожабековке берілген. Абдолла досы мүгедек болып, арбаға жатып қалғаннан кейін, Абдолла өз киноларынан ол кісіні тастамапты. Оны қайтесің дегендерде шеттеткендерде болған екен. Бұл жолы Қанабек Байсейітовке рөлі берілген.

суретАбдолла Қарсақбаев
Бұл А.Қарсақбаевтың соңғы фильмдерінің бірі.Канн фестивальдеріненде жүлделі орындар,үздік режиссер атанып, атағы 2 жыл кешігіп естігенде;" Өз халқымды әлемдегі ең үздік халық деп есептеймін, үздік халықтың ұл қыздары үздік шығармалар туындатпауы мүмкін емес. Көп болса мен де соның бірі шығармын. Қазағым аман болсын" деп айтқан екен.

7 пікір

kema
Talantty rejisser edi))) kazakh kino onerinin maitalmany))) Kaziregi rejisserler ulgi tutatyn pirdin biri osy kisi)))

Jaksy jazylgan post. kerremt)))
m170785
бұл біздің балалық шағымыздың кино, мақтанарлық кино
followme_alik
Минустаушы тұлға киноны көрмеген. Жақсы ақпарат, Мақсат.
m170785
Әлеке рахмет. Минустаса қытымырына тие қоймаған болуы керек. Әйтеуір ұнаған адамдар баршылық екен Әлеке
Zhanat
осы фильмдеги Алпамыстың даусы өте жарқын шығады, саңқ саңқ етіп. сонысы ұнайды
m170785
актерлардың оқыған дубляждары ғой. маған да ұнайтын саңқылдағаны
qaraqyz
ия оның өте көп кинолары бар. менің ең жақсы көретін режиссерлерімнің бірі. менің балалық шақта көрген фильмдердің көбін осы Қарсақбаев түсірген
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.