«Жаңа Өрмекші адам» яғни «Новый Человек Паук» -тың қазақша нұсқасы көрермендерге жол тартпақ.

Кино /
жаңа өрмекші адам, өрмекші адам, питер қазақша
Бүгін 2 шілдеден бастап Астана қаласында алдын ала көрсетілімі таныстырылатын болады. Яғни 2 шілдеде сағат 15-40 Астанада «Жаңа Өрмекші адам» кезекті блокбастерінің қайырымдылық көрсетілімі болады деп «Болашақ» қауымдастығы баспасөз қызметі хабарлады.
Алдын мультфильмдер аударылған болатын, олар Көріктер 2 және Батыл жүрек көршілікке ұсынылды. Енді міне Қара киімділер 3-тен кейінгі қазақ тіліне аударылған екінші туынды Жаңа Өрмекші адамболды. Осы киноны енді Қазақстандағы барлық кинотеатрлардан 5 шілдеден бастап көрсетіледі бастайды. Шымкент қаласында да қазақ тілінде көрсетілсе игі болар еді.
Төменде киноның қазақ тіліндегі трейлерін көрсеңіздер болады!

5 пікір

Yasin
Жақсы болған екен бірақ дауыс сай келмейді қаһармандарға
followme_alik
Эмоциямен дыбысталғанда ғой (( ____ )
AKA
Ұнааайды, бұрыннан көріп жүргендіктен асыға күтіп жүрмін. Қызық! :)
konvict
Көріп келдім. Қазақша киноны кинотеатрдан көрген ерекше екен. Дегенмен дыбысталуы көңілімнен шыға қоймады
yerbol89
Ооо жақсы жақсы. Алған әсерің, негативті әсерің т.б. толығырақ жаза кетсең Абай. Қуана қуана оқып, баруға болады ма болмайды ма әсерленіп тұратын едік. Қалай залда адам көп болды ма? Фильмге деген бағаң? қазақша қалай аударылғандығы туралы бағаң?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.