Шынымен де бұл - Жаңа Өрмекші-Адам.

Кино /

Менің бұл Айтабер.кз блогында алғашқы кинотеатрдан көріп, алған әсерім туралы рецензиям.

Алғаш рет шет елдің кино туындысы ана тілімде сөйлеп тұрғанын көріп, көкірегімді бір бақыт кернеп кетті. Ана тілімізге кезекті бұл аударылған дүние Жаңа Өрмекші адам. Сапалы аударылған, әзілді жерлері де сәтті келтірілген. Барлық аудармаға берер бағам жоғары, тек айтатын сыным Питердің рөліндегі аударманы жүргізген жігіттің даусы өзінің сәйкесін таппаған ба деп қалдым. Себебі қызға қарағанда, баланың даусы жас баланың дауысы екендігі анық білініп тұрғандай ісер қалдырды. Бірақ оның өзі киноны барып, өте жақсы аударылған туындыны көруге кері әсерін тигізбейтіні анық.

Сонау 2002 жылдары Өрмекші адамның алғаш бөлімі шығып, сосын көпшіліктің ықыласына бөлігендіктен артынан Өрмекші адам-2 жәнеӨрмекші адам -3 шыққаны белгілі. Бала кезімізден бастап қанша көрсек те сүйіп көретін бұл туындының 4 нұсқасын күткен болатынмын. Бірақ бұл Жаңа Өрмекші адам туындының аты айтып тұрғандай шынымен де Жаңа Өрмекші-адам. Киноның сюжеті алдыңғы Питердің айырмашылықтары бар екендігі киноны тамашалап отқан адамға бірден әсер қалдырады.
Жас болса да бұл Марк Уэбб режисердің еңбегі қол соғуға тұрарлықтай. Марвел студиосынан өте тамаша кинолардың шыққаны белгілі, бұл жаңа туындысы да мен үшін жақсы әсер қалдырды. Себебі алдыңғы киноның жалғасы іспеттес деп айта алмаймын. Бұнда Питердің қалай Батыр болғандығы, өзі өрген өрмекте адасып қалмай, қалай жақсылық үшін күрескендігі баяндалады.
Менің байқаған жаңа кинодағы өзгерістер:
1. Питер журналист болып жұмыс істемейді. Қарапайым сүйрет түсірумен әуестенетін жігіт.
2. Оның Өрмекші адамға айналғанда, оның торы қолынан емес өзі арнайы істеген құрылғыдан шығады.
3. Кинода алып бара жатқандай жауыз адам жоқ. Тек әкесінің жолдас болған, ғалымның барша адамзатқа көмек қолын ұсынамын деп, өзінің іс әрекетін асыра пайдаланып жібергендігі болмаса.


Басты рөлді сомдаған актерлар жақсы таңжалынған, екеуі де бір біріне сай болғаны соншалық киноны жаңа қырынан аша түседі. Питер Паркердің рөлін сомдаған ағылшындық Эндрю Гарфилд пен Гвен Стейсидің рөлін сомдаған Эмма Стоунның қосындысы жақсы үйлесім тапқан. Питер әкесінің ағасы Беннің қаза болуына себепші болған бұзақыны іздеп, жолында кездескен бұзақыларды шетінен жазалап келе жатып өзінің іс-әсекеті кек алумен өзін өзі жоғалтып алайын деп қалғандығы және осы орайда оның өзін-өзі тауып шын Батыр бейнесін қалыптастыруға көмектескен Кесірткені жеңуі жақсы Жаңа Өрмекші адамды көрсетіп береді. Ал Гвенге келетін болсақ, ол өте ақылды, сүйкімділігімен адамды ерекще өзіне баурап алатындығы және де Питерге қарқоршы қыз ретінде жақсы өзінің рөлімен ерекшеленеді. Тіпті Өрмекші адамға еш Зұлым Кесірткеден қорықпастан көмек қолын ұсынып, басында достық ара қатынастан арты үлкен махаббатқа айналғандығы жақсы үйлесім тапқан.

Питердің жақсылығана риза болған адамдар да кішкене болса да өзінің көмек қол ұшын беріп қалуға тырысады. Фильмнің соңына таман үй соғатын краншы де өзінің баласын құтқарып қалғандығы үшін, өз көмек қолын ұсынып зұлымдықты жеңу үшін Өрмекші адамға қолынан келген көмегін ұсынған жері жақсы қарастырылған.
Киноны тамашалап отқан адамның іші пыспайтыны анық. Бұл туындыда барлығы өз деңгейінде барлық жағы қамтылған- Махаббат, Экшн, Достық, Сезім. Питердің әкесінің баласына деген сезімі, Беннің інісінің баласына деген қамқорлығы, жешесінің өте ғажап жан екендігі жақсы суреттелген. Менің актерлар құрамына беретін бағам өте жоғары, себебі олар өздерінің рөлдерін тамаша ойнап шыққан. Демімді ішіме тартып, кино басталғаннан соңына дейін көз алмай тамашалап отырдым.
Менің киноға беретін бағам 10 балдық шкала бойынша 8! 8/10
Киноның қазақша аудармасына 7! 7/10
Аударма өте жақсы сапалы болмаса да өз деңгейінде. Қарапайым қолданушыға түсінікті, айналамыздағы кішкентай балдарға дейін күліп отырып көргендеріне қарап беріп отқан бағам.

Менің бұл киноны көріп түйгендігім, бұл шын мәнісінде де ЖАҢА ӨРМЕКШІ АДАМ. Алдыңғы Питер мен бұл Питердің айырмашылығы жер мен көктей!
Төменде мен кино көріп жатып түсіріп алған екі сурет.



p.s. тағы да ескерте кетсем. Бұл менің алғаш кино тақырыбында жазып жатқан рецензим. Сондықтан ойым толық жеткізілмеуі мүмкін. Арғы жағындағы толықтыруларды пікірде жеткізуге тырыстаын боламын. Келесі жазбам ендігі өте қатты күтіп отқам кином Қара батыр! Аңыздың жандануы. Осы кино туындыға болмақ.

9 пікір

Ais_97
Рахмет рецензияңыз тамаша!
Yasin
Фейсбукте дыбыс жазу студиясынан түсірілім көріп едім Ербол айтқандай даусы дұрыс келмейді образға еніп кете алмаған
ZaMaNbEk
Фильм неше минут болады Ербол мырза???
Kinostrov
136 мин. / 02:16
ZaMaNbEk
kino.kz/movie.asp?id=3543 сайтында 100 мин деп тұрғоо?
Kinostrov


Мэрри Джейн
rauan
Ербол бро Kinopark 5 па? кинотеатр
MUZBALAK
Марк Веб бәрі бір Тимур Бекманбетовтын аса алмас.
4o4
АЛдыңғы өрмекшілер трилогиясының қасында бұл жаңасы тек бір рет қана көріп, кейін мүлдем ұмытып кететін еең тупой кино деп есептеймін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.