Өзгеше Ретсензиа #1 | Жаңа Өрмекші Адам немесе Ескі Гуманоид Жәндік

Кино /
Бүгін қу тағдыр сыйлап, «Жаңа Өрмекші Адам» фильмінің қазақша тұсаукесеріне бару бақыты (?) бұйырды. Әңгіменің ашығы керек, бұндай жанр (өләәәә) өзіме онша ұнай бермейді, бәлкім патсан кезде сілем қатып отырып көргенде болармын:) Ретсензияны барлық киносарапшылардың 1500 жылдық әдеті бойынша, фильмнің жаман еместігін тіліме (нең бар, қызық па дейм?!) тиек етіп бастайын.

Сюжеті:
Не ғой, жаңағы… Енді, фильм алдыңғы керемет комикстен кезекті американдық жасөспірімдер туралы фильмге айналып кетейін, кетейін деп қалған. Ал, мен ондай фильмдерді зебраның етінен де жек көретінімді ескеретін болсақ, менің көңіліме кішігірім қаяу салып жіберген жері осы болды. Нақты айтқанда әулиелік қасиетім тап сол орнында ашылып кетіп, фильмнің соңы немен бітерін 111-інші минутта-ақ біліп отыра бердім (қоэээ?). Бірақ, соңы мен болжағандай болмай, «Режиссері – Пәленше», «Рөлде ойнағандар – Түгеншелер» деген ұзын сонар титрлермен аяқталды.
Фильмде қатты ұнаған нәрсе – әрине, арнайы эффекттер (спецэффекттер ғо). Жағдай көтермей «өлдім» дегенде GTA: VICE CITY ойнағандар болса, көк көйлекті жігітті теңіздің жағасындағы маяктан секіртіп, кезекті рет қорлап, жанының азайып, бейшараның қансырап жатып, әзер дегенде орнынан тұратын сәтіне мәз болып отыратын кездер есте шығар. Мінеки, «Өрмекші адамның» да эффекті пәшти сомен бірдей. Ощм, технологияларды жақсы қолдана білген.
Сүйісу бар ғой, енді...:)
Шыны керек, фильм сюжеті орташа деңгейде деп ойлаймын. Әсіресе, суицидке шабыттанғанымен өзінде батылдық таба алмай жүрген жандар үшін таптырмас дүние.

Актерлары:
Питер. «Әлеуметтік желі» фильмінде Марк Цукербергтің (Соқыр Берік) досы жылауық Эдуардо Саверин болып ойнап жаман әсер қалдырған мына жігітті «Өрмекші адам» деп қабылдау қиынға соқты. Ну, соңында қабылдағандай болды. Ал, қазір сол қабылдағанды қайта шығарып тастау үшін «Әлеуметтік желі» фильмін 6-ыншы рет қайталап көріп отырмын:)
Гвен. Қыз, қыз деген жақсы ғо, негізі. Пыросты, полицай ағаның қызына бірдеңе деуге аузым бармайды. Өйткені, шынымен де қыз жап-жақсы ақ. Америкалық мектептегі жастар туралы, ощм, сондай фильмдерде көп көріп үйреніп қалыппын. Алысқа баратын қыз деп ойлаймын.
Питер: — Сенің сүйіскенің маған ұнады?!
Гвен: — Хмм, маған да...
Доктор Курт Конорс. Доғдыр ағай жақсы ойнаған. Ол кісі Питердің әкесінің жақын досы болған екен (Ой, не дейсің маған?! Барып сұрап жүр дейсің ба?). Фильм барысында доғдырдың біздің ауыл жақтағы бір туысқанға ұқсайтынын байқадым. Бейшара-ай, жаным ашып қоя берді. Құдай-ай, бір жолға осы-ақ жеңе салсыншы?! Онсыз да жарып жүрген жоқ...:)

Аудармасы:
Аударма болғанда, кәдімгі аударма. Сәл-пәл кемшіліктері бар, әрине. Бірақ, соңғы кездегі қазақша аударылып жатқан фильмдердің көбейіп кележатқанына қарап отырып, тек қана қуанбасақ болмас. Осы саладағы достарымызға бұдан да сапалы аудармалар жасауына тілек білдіре отырып, оның үстінен жақсы табыстарды да қосып тілеп жібереміз. Еңбектері жансын! Ал, көрермендерге аталған фильмдерді ана-тіліміздегі аудармасын көріп, өзгеше әсерге бөленетініе сенімім мол.
«Жаңа Өрмекші Адам» фильміне рухани әңгімелер айтылып, бір жадырап отырған жерімізден көзді ойнатып, «сағызталастырып» қойып, мәһәббәт пен ғәдәуәттың сюжеттерінің ретін келтіре алмай қалған жерлерін қоспай есептегендегі, тамаша эффекттер мен көз жауын алатын көріністері үшін 10/8 деген баға беремін.
Көріңіздер! Бір сәттік жақсы көңіл-күй үшін жақсы фильм десек артық болмас.

16 пікір

MSHERIMBEK
Ощм, оқып көріңдерш:) Ұнамаса, өзімнің Үнді драмамды жазып жүре берейін:)))
qyrmyzy
вахаха, ұнады. Жаза бер, жаза түс ©. біржерден естіп қап ем қазақша аударылды деп. Көру керек кен ше
followme_alik
Ощм, оқып көрдім) _______ Ре(тс)ензияңның фишка`сы жатық жазылғандығында. Әдеби қуған ©, терминологиялық кәсіби мәтіндерді Біз де түсіне бермейміз.ал Мынау Біз-жарықтықтарға арналған пост) _ Көзқарасыңмен келіспекпін.Фильм норм.так себе)) _ :)
qyrmyzy
Кидым, кідәй келді Алматыға, ертең кездесеміз дегенбіз, нетписің ба? Сақал, кечроооң
Abylai
Alisherdi kutsender janbyrdyn astynda kalasyndar!
qyrmyzy
аноним болған түрін…
Korkem
ық-ық тақырыпқа не жын көрінген?
MSHERIMBEK
Өзгеше Ретсензиа
Ақыли қателік дейді оны:)
Рецензия дей салсаң, түк қызық қо:)
AKA
Жақында ғана мұғалім болып мектепке орналасып еді, қыркүйекте басталатын сабаққа іштей дайындалып жүр ғой, түсінші…
qyrmyzy
вахахаа, ресензиа :)
AKA
Маған ұнайды бұл фильм, бастан-аяқ көрген соң ба, әйтеуір жақында кинотеатрға барып көретінім сөзсіз. :)
torpedaip
Қазақтың Питер Джексоны — Ақан Сатаев та беделді режиссер, біраз қаржы болмай жатыр, әйтпесе Ақан блокбастер түсіруден тайынбайды!!!
kozy
Сақалы Қарам, айналайын, мені кинотеатрға апарып тұрсын ғой)))
makpal
Мен бұл фильмді қазақтар американдықтарға қарап жасаған екен дееп жүрсем. Тек аударып соны әлдеқандай қылып жатыр ма? Хотя бұл да болады. Блог ұнады!!!
Safi
Опшым, полный провал десеңізші ия))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.