2012 жылдың екінші жартысынан бастап көрсетілетін, мен күтіп отқан 5 киноның тізімі.

Кино /
қара батыр, қара батырдың оралуы, қара батыр 2
Шілде айынан бастау алатын бұл кино туындыларды жалғыз мен ғана емес бүкіл әлем бойынша фантастика және экшн жанырындағы бұл киноларды бүкіл әлем бойынша киносүйер қауып күтіп отқанына ешқандай шүбәм жоқ. Егер сізге примерасы шыққан күні көре алсаңыз онда сіз бақытты жандардың бірісіз. Себебі бұл кинолар шынымен де көруге тұрарлық кинолардың тізімі. Мен қазір осы кинолардың шығатын күні мен сипаттамасымен тізіп шығатын боламын.

1. Жаңа Өрмекші-адам / The Amazing Spiderman

Премьерасы: 5 шілде
Режиссёры:Марк Уэбб
Рөлдерде: Энди Гарфилд, Эмма Стоун, Мартин Шин

Алғашқы фильмнің сценрилеріне мүлдем ұқсамайтын бұл туында мені өте таң қалдырды. Кинодағы спецэфекттерге беретін бағам өте жоғары. Бұл киноға қатысты рецензиямды жазып қойғанмын. Сонда да осы киноны менің осы жылғы ең көп күткен киноларымның қатарында болғандықтан осы тізімге қосып қойды. Кино туралы рецензияны мына жерден оқыңыз.



2. Қара батыр: Аңыздың жандануы / The Dark Knight Rises

Премерасы: 26 шілде
Режиссёры: Кристофер Нолан
Актёр тізімі: Кристиан Бэйл, Том Харди, Гари Олдман, Энн Хэтуэй, Марион Котияр, Джозеф Гордон-Левитт, Морган Фримен, Киллан Мёрфи, Майкл Кейн, Лиам Нисон

Бұл киноға билетті қос-қостан көптеп сатып алсаңыз болады. Себебі Кристофердің кино туындылары қайта-қайта қайталап көруге тұрарлық болып келеді. Филмдерінің сюжеттерінің ерекшелігі, адамды бүкіл кино уақыты бойынша еш зеріктірмей, экраннан көз алмай тынысыңды ішіңе тартып отырып киноны тамашалап, кино біткен кезде ғана шынымен де Нолан өз ісінің маманы екені деген сөз аузыңнан қалай еріксіз шығып кеткенін байқамай қаласың. Бұл Қара батыр туралы туындының алдыңғысы сюжетінде Джокер атты зұлымнның Готтем атты қиялдан шыққан қаланы жоқ қылып жібере жаздайтындығы суреттеледі. Сонда Бэтман яғни Қара Батыр өзінің кішкене ғана елін құтқару, бұзақылардан тазарту мақсатындағы ерліктері көрсетіледі. Бұл фильмнің сюжеті бойынша Джокерден де өткен Зұлым Бэйн пайда болады. Ол бүкіл қаланы тас-талқан етпекші болады, бірақ жеті жыл бойы тыныш жатқан Қара Батыр қайта еліп құтқару үшін зұлымдармен айқасқа түсетін болады.

Не де болса, тиындарымды жинастырып басқа-басқа осы киноға міндетті түрде барамын. Себебі алғашқы 2008 жылы шыққан Қара батыр атпен шыққан алғашқы туындысы мен үшін үлкен әсер қалдырған.



3. Еске түсіру / Total Recall

Премьерасы: 9 тамыз
Режиссёры: Лен Уайзман
Актёрлар: Колин Фаррел, Кейт Бекинсейл, Джессика Бил, Итан Хоук, Билл Найи

Қазір кино тақырыбындағы жаңалықтарды қарайтын болсаңыз, қазіргі таңдағы көп кинолар баяғыда біз бала кезімізде теледидардан көрген кинолардың ремейктері яғни жалғасы. Тек сценариын сәл өзгертіп жазып, жаңаша 3D форматпен, қазіргі таңдағы толық сұранысты қанағаттандыратын жаңаша экзндармен толықтырылған кинолар. Тимур Бекманбетов та біраз кинолардың ремейкін түсіремін деген сыбыстарды да құлағымыз шалып қалды. Бұл кино бала кезімізде Арнольд Шварцнегр ойнаған Барлығын еске алу киносының ремейкі болып саналады.

Бұл күтулі кино көптеген экщн мен төбелестер толы болмақ.



4. Жанқиярлар 2 / Expendables 2

Премьерасы: 17 тамыз
Режиссёры: Саймон Уэст
Рөлдерде: Сильвестр Сталлоне, Арнольд Шварценеггер, Чак Норрис, Жан-Клод Ван Дамм, Брюс Уиллис, Джейсон Стэтем, Джет Ли, Дольф Лундгрен, Терри Крюc, Крис Хэмсворт

Киноға түсіп жатқан актерлардың құрамының өзінің аты айтып тұр киноның қандай болмағы. Әр қайсысы өз ісінің мамандары болып санады. Бала кезімізден киноларын сүйіп көретін актерларды бір кинодан көрдің өзі не тұрмақ. Бұл киноға тағы Жеки Чан қосылған онда кино сұмдық болып кететін еді. Киноның сюжеті бойынша Жан Клод Ван Дам атты зұлымға қарсы шығатын болады. Ұзын сөздің қысқасы трейлерін көретін болсаңыз, соның өзі киноның қандай болатындығын айтып береді. :)



5. Тұтқында 2/ Taken 2

Премьерасы: 5 қазан
Режиссёры: Оливье Мегатон
Рөлдерде: Лиам Нисон, Мэгги Грэйс, Фамке Янссен

Сол 2009 жылдары интернетте отырып торренттен бір кино көргім келіп, таратылымы өте көп кино болып тұр екен. Жүктеп алып көре салған болатынмын. Бірақ киноның қатты ұнағаны соншалық, агентке оытра қара осы киноны барлық достарыма ұсына бастадым. Себебі кино шын өмірден алғынғандай, фильмның сюжеті өте тартымды. Басталғаннан соңына дейін көз алдырмайтын кино туынды. Өзінің әкелік рөлін жақсы сомдаған Лиам Нисон осы киносынан кейін қатты сыйлайтын болдым. Енді міне араға аздаған уақыт салып киноның жалғасы көпшілік көрерменге жол тарпақшы. Бұл кинода қызын құтқарамын деген әкесі Францияда жүріп біраз мафиялық Албандарды қырып салады. Енді соның әкелері, бауырлары кек алмақ болады. Бірақ тіс қаққан, бұрынғы арнайы жасақта қызмет атқарған Брайн Миллс айтар сөзі басқаша.

Менің міндетті түрде көруге кеңес беретін кино. Кинодан маған ұнамады деп шықпайтыныңызға кепілдік беремін.



Бұлардан бөлек тағы да мен ұсынатын 5 киноның тізі бар. Оны тағы бір жазбамда толығырақ сипаттап берермін.

13 пікір

qyrmyzy
«Ледниковый период 4» 3Д нұсқасы шықты, бүгіннен бастап кинотеатрларда, соған барғыыым кеп жүр:) На кинолардың ешқайсысын көре алмайды екем…
yerbol89
Кеше жұмыста отырып Пираттық нұсқасын жартысына дейін көрген едім. Ой шегімнің қатқаны-ай. Көруге тұрарлық кино. Трейлеріндегі ана жерін көріп қалсам ой күле беремін. Да это же я Детка деген жеріне :)
qyrmyzy
хехе, трейлерін де көрмедім:) Әй, ертең кинотеатрға зытам-ау…
banzaika1990
Жанқиярлар2 — ні менде асыға тосып жүрмін. Сталлоне ең сүйікті актерім. Бірақ осы киноның бірінші бөлімінде Дольф Лундгренді өлтіріп тастап, екінші бөліміне қайта қосып қойғаны қызық екен.
yerbol89
Ал мен бірінші орында Қара батырды күтіп отырмын. АЛдыңғы екі бөлімін де көз алмай отырып тамашалаған едім.

Ия сонысы шынымен де қызық болып тұр. Бұл жолы зұлымның рөлі Ван Дамға бұйырыпты. :) Лундгренд ана дүниеден жақсы адам болып оралған ба!… )))(
pana
дәәә, провинцияда жатсаң осы,5 қазанға ғана үлгерем,
Kinostrov
Неудержимые, Бэтман нын да шыгатын куни жакындадады ма айтеуир
yerbol89
Аха күте күте ол күн де жақындап қалды. Енді сол Бэтмен Браттың қалай зұлымдарды машинә сәмәлетпен қиратқанын көргім келіп отыр. :)
torpedaip
Неге Властелин колец-ті үздіктердің қасына қоспадың Ереке?
yerbol89
Оларды келесі жазбамда қосатын боламын Сәке. Бұнда тек 5-еу деп бастаған едім. Келесі бестікте міндетті түрде болады. Жоспарда Борнның жалғасы т.б. 5 мықты деген киноны жазатын боламын.
ZaMaNbEk
Өрмекші адам, қара батыр, Жанқиярлар: осы киноларды 2011ден бері күтіп жүр едім. Өрсмекші адамды көрдім жақсы шығарыпты. енді қалған екеуін күтіп жүрм, мәәә Заложницаның 2ші бөлімі де шығады екенғо, оныда күтетін болам енді. Бірінші бөлімі маған қатты ұнады.Айтпақшы Ербол Бросок кобры 2 шығады бұйыртса:
Aida
биыл сумерки 5 көрсетіле ме екен?
MSHERIMBEK
иә, ужы трейлер шығып қойды)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.