Дежавю киносы - болған істі өзгертуге деген ұмтылыс.

Кино /


Аты: Дежавю
Слоганы: «Дежа вю — түйсіктің, сананың жаңылуы деп айтады… ал егер олай болып шықпаса ше?»
Шыққан жылы: 2006 жыл.

Жақсы киноны қайталап көруден шаршамайтын жандардың бірі мен шығармын. Егер жақсы кино көңілімнен шықса, оны достарым мен айналамдағы адамдарға жарнамалаудан шаршамаймын. Кешегі жексенбі күні Дензл Вашингтон басты рөлде ойнайтын Дежавю киносын көру мүмкіншілігі туды. Осы киноны алдын да бірнеше мәрте көрген болатынмын. Мен үшін өте жақсы киноға деген позетивті көзқарас қалдырып кеткен болатын.
Дежавю — бұл адамның психологиялық күйде болуы деген тұжырым айтады ғалымдар. Бұл кезде адам бір адам бір жағдайды көрген кезде, осы қазір көріп тұрған әрекет немесе істің болатынын алдын ала көріп қойғандай әсерде болатын күйді Дежа вю деп айтаймыз. Яғни ол әрекет өткен шақта болған жоқ. Нақты осы шақта болып тұрған көңіл күй.

Киноға келетін болсақ, киноны тамашалап отырған адамды бірденен өзіне баурап алады. Алғашқы кезде киноны тамашалап отқан адам киноны бір детектив жанырындағы кино екен деп ойлап отырады, бірақ ортасында киноға фантастика жаныры да қалай қосылғанын да байқамай қаласыз. Өте жақсы үйлесім тапқан. Актерлардың өте жақсы өздерінің рөлдерін сомдап шыққандығы. Өз басым Дензл Вашингтонның актерлық шеберлігіне қатты ризамын. Қандай кинода ойнаса да өзінің рөлін өте жақсы сомдап шығады. Бұл киноны көріп болған соң сөзімнің шындыққа жанасатындығын тағы да бір дәлелдеп бергендей.


Киноның сюжетіне келетін болса, өте жақсы әрі түсінікті баяндап береді. деміңді ішіне тартып кино аяқталғанша деміңді ішіңе тартып көз алмай көріп отырасың. Өткенде өзгертуге деген адамның талпынысы, актерлардың іс әрекеті барлығы жоғары деңдейде. Ойдан құрастырылмай физикалық тұрғыда қалай өткегді өзгертуге болатындығы теорияларды жақсы келтіреді.
Осы киноны тамашалап болған соң өз өміріңізге бір қайта үңілетініңізге шүбәм жоқ. Себебі бұл киноны көрген адам уақыттың қалай зымырап өтіп бара жатқандығы, оны қалай қадірлеп сауапты іс істеу үшін жанын қиюға дайын адамның іс әрекетін көретін боласыз.

Кинода ең қатты ұнаған сөзі.
Даг Карлин: Егер сен бір кісіге өте маңызды бірдеңке айтуың керек, бірақ ол сенбейтін болса. Сен не істейтін едің?
Клэр: Байқап көретін едім.

Кино өте әсерлі. Сондықтан өз ойымды толық жеткізе алмаған да болармын. Дензлдың тағы Ашу атты киносы бар. Келесі рецензим сол киноға арналуы мүмкін.

Ең тәттісін соңына қалдырдым. :) Киноны көремін деушілер мына сілтеме арқылы өтіп көре алады. Әрине мегалайнға трафик тегін.

7 пікір

Ais_97
Кино туралы жаңалықты паш ету де еңбекқой, рахмет, еңбегіңіз жемісті болсын!
qyrmyzy
Де жа вю менде көөп болады! Қызықтырып қойдың! Трафик саусақтарымды байлап қойған ше:)
rauan
Ия мендеде дежавю өтее көп боладыы )) Мына киноны түнімен көріп шықпасам =)
followme_alik
Соңғы уақытта ма-же-вюіміз көбейіп кетті ))
Көрелік, рақмет.
AKA
Кино туралы толық түсінбедім, сол түсінбеушілік бәлкім осы киноны көруге жетелер, рахмет!
Zhanat
өмірінде де жа вю болмайтын адам аз шығар
korwinin_kyzy
ЛАСтТАЙМ мен дежвюсыз омыр суре алмайтын болыппын
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.