"Әр адам да батыр бола алады..." ҚараБатыр киносына рецензия

Кино /

— Біз неге құлаймыз? Себебі қайта аяққа тұрып үйрену үшін. © Альберт

"Қара батыр: Аңыздың жандануы — бұл Бэтман батыр туралы үш бөлімнен тұратын киноның соңғы бөлігі болып саналады. Ата анасынан ерте айырылған Миллиардер Брюс Уэйннің өзінің қаласы үшін қалай күресіп, еткен ерліктері туралы хикаяның соңғы. Әрине алдыңғы бөлімдері секілді, бұл кино аяқталған соң Кристофер Ноллан рахмет саған деп қол шапалақтауға тұрарлық. Ноллан батырды демалысқа жіберіп, аңыз батыр туралы нүктені қойды. Біз де қимай Қара батырмен қоштастық!"

Кинотеатрдан жақсы кино көріп шықсаң, ризашылыңды айтып жүресің. Бұл жағдайда да қайта-қайта айтып жататын сөзім: «Рахмет саған-Кристофер Ноллан»


Бүгін Садық екеуміздің бұл киноның премерасы болған күні көру бақыты бұйырды. Зал адамға лық толы, барлық орындар сатылып кеткен. Шет жақтан ең соңғы болып екі орынды алып кино көру залына еніп кеттік. Кристиан Бэйл, Том Харди, Энн Хэтэуэй, Джозефа Гордон-Левитта, Марион Котийяр және Гари Олдман секілді өз ісінің мамандарын бір киноға біріктірсе ол кино емес, ол шедевр болатыны сөзсіз. Оны Ноллан түсірген «Начало» киносының өзі ақ айтып тұр. Ондағы Декабродан бастап ойнаған актерлардың атын тізіп шықпай-ақ қойайын :)

Киноның сюжетіне келсек.
Киноның сюжеті өте жақсы үйлескені соншалық, кино басталғаннан көзі айыру мүмкін емес. Барлы бір бірімен өте жақсы етене байланысқа. Бұл ретте Ноланның еңбегі зор. Психологиялық тұрғыда, жақсы үйлескен киноны көру бақыты күнде туа бермейді. Оқиға өте шықырмандығы соншалық, болып жатқан жағдайдың қалай туындағандығы туралы толық кинода ашып береді. Тек болашаққа ұмтылу үшін, қалай қайта өткен іске үңіліп өзіңді басқа қырынан тану мақсатындағы бастан кешкен оқиғалар баяндалады.


Қара батыр- Ол Бэтман. Брюс Уэйн батыр кебін шекеннен кейін, түрі келіспей аурушаң, аянышты күйде жүреді. Тіпті 8 жыл ішінде ешқайда шықпаған батыр жүдеп өзін-өзі жеп қоюға шақ жүреді. Ал оның жаңа қарсыласы тек физикалық тұрғыдан бөлек, психалогиялық тұрғыдан да өте мықты болып келеді. Бұл жолы да батыр жеңіліп бара жатып, өзіне жаңа күш тауып, жаңа қырынан танылып елін үлкен қауіптен құтқарып қалады. Бұл жолда қанша сағы сынатындай жағдай болса да, өзіне күш тауып адам шыға алмаған зынданнан өрмелеп шығады.
«Саған күш беретін ол сенің қорқынышың. Соны дұрыс пайдалан!» — зындандағы көзі ақи бұрынғы дәрігер.




Бэйн. Бұл зұлымның рөлін сомдаушы өзінің өте ерекшелігімен көзге бірақ ұрады. Зұлым деп қоямын, зұлымдықты бойына сіңіріп өскен бұл адам ешқандай аяушылықты білмейтін жан. Физикалық тұрғыдан да ешкімге есесін жібермейтін ірі денелі зұлым. Тома Харди өзінің рөлін өте жақсы сомдағаны соншалық, бұндай зұлым өмірде жоқ болса екен деп отырасын. Қорқыныш деген сөз оның санасына кіріп те шықпайтын секілді. Бір қолымен, өзінің қол астындағы адамды жанын жаханамға аттандырып жібереді. Бэтман екеуінің төбелесі мықты, бір бірінің сүйектерін сындырып жібереді ма кәйтеді деп қаласың. Алғашқы төбелесте Бэтманды жеңіп кетеді. Екінші төбелестері сәтті шыққан.


Альберттің осы және алдыңғы бөлімдерінде рөлін сомдаған Майкл Кейнге де қол соғып қойайық. Өзінің жанынан да жақсы көретін, Уейндер жанұясына берілген Альберттің өте саналы ақылдары, көзіне жас алып тұрып жаны ашып Бэйнді құтқарғысы келген қылықтары жақсы суреттелген. Оның сөздеріне тіпті көзіңе жас келеді екен. Өте жанашыр, өзінің басынан кешіргендерін Брюсқа айтып беріп отыратын недеген мейірбан жан деп ойлайсың.
Мен сені жерлегім келмейді. Уэйн жанұясының көбісін жерлегенмін. © Альбрет



Алдыңғы бөліктегі зұлымның рөлін сомдаған Хит Леджердің -ол Джокер. Әттең жастай көз жұмып кетті, айтпесе осы кинодан оның да орнын қатты іздедім. Себебі кинода соттың рөлін сомдап отқан СОтшыны көріп эээ мына Бэтманның алғашқы киносында ойнаған зұлым ғой деген сөз аузыма келе берді. Бірақ Бэйн зұлымдардың зұлымы ма деп қалдым. Шынымен де айтып жатқан сөздері, оның түр әлпеті шынымен де адамға қорқыныш үрейін үйлетеді екен.


Бұл бөлімде Мышық-қызды да кездестірлік. Бастапқыда зұлым, ешқандай аяушылық білдірмейтін көзқарас қалыптастыратын еді. Бірақ киноның соңғы жағында оған деген көзқарас өзгереді. Позитивті көқарас қалдырады. Өзінің ұтқыр айымен барлығын үйлестіре білген Нолланның еңбегі шығар.


Спецэфектке келетін болсақ. 100 пайыз өте сәтті шыққан. Қалай бір стадионды жарып жібергендігі, Бэтманның дөңгелектері шыр айналатын мотоцикл, қаланың ішінде қалқыр жүретін мәшинесі барлығы өте жақсы үйлескен. Мотоцкл үлкен жылдамдықта келе жатып, кішкене жерге қалай дөңгелектері айналып бұрылып кеткенін көріп ооооооооо деп аузың ашылғаны бір бөлек, үлкен ұшқыш манинаны көріп мінееее болашақтағы көліктер осындай болуы керек дейсің.


Джозефф Гордон-Левитт -ке менен жеке алғыс. Маладес деп айтып қойайынш, өзінің рөлін жақсы сомдап шықты, кинода көрінгеннен бастап мынау началада ойнайтын бала емес па деген көптеген дыбыстарды артқы қатардан естідім. Ия Ноллан бұл жігітке жақсы рөлдік орнын беріп, оның болашағын ашып берді. Детектив болып, өзінің балалар үшінде өсіп оның да өмірлік көзқарасы кинода қалыптасады. Соңында Бэтманның орынбасары ретінде киноны аяқтап қойды. Оның маскасын киген Джозефф Гордон-Левитт қаланың жаңа батыры атанатынын айтып қойған әсерде қалдырды.

Трансформеры үштігінен, асып түспесе де кем түспейтін Нолланның бұл үш бөлімнен тұратын киносы кинокөрермен қауымның есінде әлі ұзағынан сақталатын болады!


Кино туралы айтарым көп. Бірақ олардың барлығын сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Тек айтарым, оны тек барып көру керек!!! Кинопоиск сайтында 250 ТОП киноның тізіміндегі 10-дық орында тұрғанының өзі кино туралы айтып тұр

Киноға беретін бағам 10 балдық жүйе бойынша: 10 Тіпті 11 балл!

8 пікір

MSHERIMBEK
Үлгеріп қойдыңииии:) Рецензия тамаша етті:) Бір деммен оқыдым:)
yerbol89
Алған әсерім бұдан да жоғары. Тек сөзбен жеткізе алмадым. Кино 2012 жылдық ең үздік киносы. Сөз жоқ керемет. Биылғы жылы барлық марапаттауларға ие болса таң қалмаймын. Барып көруге кеңес беремін. Солай ма Садық )))
MSHERIMBEK
Менің ойымда таңертең көресің, енді:))) Маған да өте ұнады))
yerbol89
Аха барып міндетті турде көру керек. Киноның қатты ұнағандығы соншалық кейін тағы да бір барып көретін шығармын. Себебі киноның сюжетінің шытырмандығы өте жақсы, бір көргеннен түсініп кету қиын. Бір шетінен өте оңай қабылдайсың. Міндетті түрде менің киноколлекциямның төрінен орын алатыны айдан анық. Егер Алдыңғы бөліктерін көрген болсаңыз, бұл бөліктерінде де алдыңғы оқиғаларды жақсы байланыстырған. Арасында Лиам Ниссонның да көрінен жерлері бар :)
Ais_97
Керемет кино екен, рецензияңыз да тамаша!+1!
followme_alik
көру керек еді )) рецензияға бөлек эпитеттер
didi0393
күшті екен рахмет сізге! фотоларға қарап киноның шет жағасын көргендей болып қалдық.</мышық әлде мысықs>
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.