Жаужүрек Мың бала

Кино /
Осыдан екі апта бұрын 2012 жылдың 3 мамарынан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіліп, алғашқы көрсетілімнен екі апта ішінде — 2 миллион долларға жуық қаржы жинаған Ақан Сатаевтың тарихи-шытырман оқиғалы «Жаужүре Мың бала» фильмімінің DVD нұсқасының тұсаукесері өтті.

Мәдени іс-шараға фильмде басты рөлдерді сомдаған — Асылхан Төлепов (Сартай), Аян Өтепберген (Таймас) және Құралай Анарбекова (Қорлан) қатысты. Ал Нью-Йорктың Кино Өнері Академиясында оқып жүрген Әлия Әнуарбекпен (Зере) тек онлайн-конференция арқылы сөйлесу мүмкін болды.



Кездесу барасында жас актерлер келген қонақтармен түсірілім алаңында орын алған қызықты оқиғалармен бөлісіп, суретке түсіп, қолтаңбаларын таратты.



Бүгінде «Меломан» дүкендерінде сатылып жатқан «Жаужүрек Мың бала» фильмінің DVD нұсқасы қазақ және орыс тілдерінде.

Жалпы тиражы: 5000 дана.
Бағасы: 1295 тг.

Қызықты мәліметтер:

  • 17 мамырда Канн фестивалі шеңберінде өткен кинонарықта «Жаужүрек Мың бала» фильмі көрсетіліп, нәтижесінде әлемдік прокатқа шығу мақсатында картинаны Канаданың «108Media» компаниясы сатып алған.

  • Республикалық деңгейде өткен кастингке басты және қосалқы рөлдерді сомдауға 22 мың 200 үміткер қатысқан.

  • Шамамен 500-ге жуық қазақстандық және шетелдің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері түсірілім алаңына барып, түсірілімнің кейбір эпизодтарын көріп қайтқан.

  • КезіндеBBC World News,Reuters, Time, Hollywood Reporter сынды көптеген батыстың әлемге әйгілі басылымдары мен телеарналары «Жаужүрек мың бала» фильмі қалың жұртшылықтың көзайымына айналып, прокатта үлкен табысқа ие болатындығына сенім білдірген екен.


Осы тақырып аясында:





Суретті түсірген: Қайрат Қонысбаев

25 пікір

Korkem
Зере? Үлкен көрінеді екен өмірде. Кинода кучкууунтай ғой.
erke_ky3
Иә, кинода мүлдем өзегеше көрінеді екен. Мүмкін жәй экранда солай көрініп тұрған шығар. Ал Қорлан екі жерде де әдемі :))
Korkem
оқымай жатып суретке қарап, сізге ұқсаттым))) ұқсайС
maulen_fire
Мына суреттерді қайдан алдыңыз? Құпия болмаса?
erke_ky3
Жазылып тұр ғой
Суретті түсірген: Қайрат Қонысбаев
деп :)
MSHERIMBEK
Қорланға шын өмірде де ғашықпын ше:))) Сындырывалам бәрібір:)))
qyrmyzy
Асылхан мен Әлия бір-біріне кучт қарап тұр ше… эххх, скайййййп
rauan
мухахаха енді байқадым
qyrmyzy
сен де сосын маған солай қарап тұрасын ба?
AKA
Маған Әлия ұнайды, молодееец қыз ғой :))
VVVWWW
Бағасы: 1295 тг.
Ол бағаны қойып жүрген кім екен?
erke_ky3
Білмедім, бірақ бұның алдында DVD-ге шыққан Қыз Жібектің бағасы да осындай болған.
Jako
Бұл киноны Қыз Жібекпен салыстыруға келмейді-ау менімше, жеке ойым ғой.
VVVWWW
Хех дұрыс айтасыз, ол киноның ерсі, үйлеспейтін жерлерін жазайын деп жур едім, тіпті құнт жоқ (мысалы: келіннің атасын (қайын атасын!!!???) құшақтап жылайтын жері, мән беріп қараған адамға ол сияқтылар толып жатыр)
Тіпті басынан аяғына дейін «аттар», «аттарды айдап келдік келе жатыр едік» т.б. деп айтылады, жылқы деген сөз ауыздарына түспеді ме шіркіндердің («ат» пен «жылқы» деген сөздің мағынасын айыра алмайтын не қылған қазақ)
Бұл жерде сын сценарий жазушылар мен режиссерлерге
Jako
Манас, дұрыс айтасың, актерларды да қайдан тапқан десеңші. Корей киносы сияқты беті жылтырағандарды жинаған,қазақ батырлары қақпақ жауырынды, орақ мұрынды, жүзі сұсты деп сипатталышы еді эпостарда, киімдерінің бәрі Жумонгтың киімдері, қазақ батырлары сақиналап тоқыған кіреуке киуші еді, ал мұнда бәрі басқаша. Корейлердің киносын көргендей болдым.Батырлары отыра қалып еңіреп жылайды, түсінбедім.Не дейсің енді ақша табумен беделі есептергеннен соң басқаша қалай болмақ.
erke_ky3
Шыны керек ондайларға көрермендердің көбі мән берген жоқ. Жаз жаз оқиық :))
tolebi
Сендер сияқты песимисттер осылай жүре беріңдер. Көре алмайсыңдар! іштерің күйсін. Алғаш шыққан кезінде де «Мыңбала фильміне барма, барғызба» деп жартылып едіңдер. Өздерің ауыздарың ашылып көрдіңдер. Маған СЖ-ның админі Ерболдан сол тақырыпта хат келген(ол барлықтарыңа барған да болар). Содан бері сендердің ішітар, мысықтілеу екендеріңді байқадым. Ондай іштарлықтан арылыңдар. Жалпы қазнеттегі көпшіліктерің көре алмаушылық ауруымен ауырады екенсіңдер. Менің СЖ-ға болған бір шабуылымды іштарлық дедіңдер, песимист дедіңдер, ультра патриот дедіңдер. Ал менің негізгі мақсатымды ешқайсысыың түсінбедіңдер. Сендердің үстеріңнен мен күлдім. Сендер тек өсек айтудан басқаға жарамайтын, жақсының жақсылығына іштарлық қылатын мысықтілеусіңдер. Осы әдеттеріңнен айнмымай көріңдер. Бір өкініштісі көре алмайтындай сендерде ештеңе де жоқ. Әттең!!!
Jako
Cаған не айтарымды білмеймін, мен кино туралы өз ойымды айттым, сен де айт, егер басыңда ой қорыта алар миың болса.Бізде нең бар.Егер сенің мақсатың өткендегідей пасықтық болса маған оны түсінудің көк тиынға керегі жоқ.Неге көре алмайсың дейсің, көре алмағаннан маған не түседі, мен Ақанның конкуренті ма едім. Мен айтсам онсызда көкми сен сияқтылар одан сайын уланбасын, сәл де болсын бұрмаланған жерлерін білсін деп айттым. Манас өте дұрыс айтты, «ат»-дегеніміз, жан-жағына елеңдемесін, тек қана арбаға жегу,қой бағуға міну үшін тарттырылған жылқы малы. Қазақ батырлары жауға күші бойында, азынаған айғыр мінген.Сен сияқты жетесіздер бүгін ат мінсеңдер ертең ешек мінесіңдер. Қазақтар ауыз екі әңгіменің өзінде ат деген сөзді қолданбаған «Жылқы»-деп атаған. Тек қана аталарының аты Жылқыбек, Жылқыбай болса ғана келіндері атап қоймау үшін жылқыны ат деп атаған.Ал не ол актерлардың бәрінің аталарының аты жылқыдан келе ма екен? Сен бостан босқа елге тиіспе, мұрыныңның астынан алысты көре алмайтын көрсоқыр, сәл алдыға шыққанды көре алмайтын көркеуде екеніңді өткенде бір байқаттың ғой.Сонда да сені осы халық кешірді, түсінді, кеудеңнен итерген жоқ.Ақылың болса соны түсіненр едің.Түбі қазақтың түбіне жететін өз халқының құндылығынан жұрдай сен сияқты мәңгүрттер.
Jako
Дұрыс түсін, мен кино шығуына, шыққанына еш қарсылығым жоқ.Бірақ қандай кино болса да бірінші орында қойылатын мақсыты фестивальдарда орын алу үшін өз халқынының құндылықтарын бұрмаламай, келер ұрпақ дұрыс тәрбие алатындай болуы керек.Дәл соны біз айтпасақ, өзің сияқты осы заман мәңгүрттері кейінгі ұрпаққа не айтарына күмәнім бар. Қазақта бір жақсы мақал бар:" Ақымақпен дос болма, ол саған достық жасадым деп-ақ,қастық жасап жүргенін түсінбейді"-деген, осы сөз саған арналған екен демеске не шара,өткендегі СЖ-дағы тірлігіңнен соң.
MSHERIMBEK
Киммен курешүп жүрупсың, тоғышқон боурым?:))))
zhurttyn_balasy
Мысықтілеу деп жатыр, қалайша қарап қалдың?
qyrmyzy
Сомен? Қандай ұсынысыңыз бар? Сіздің пікіріңізді тыңдауға оқуға дайынмын!
Ak123
Маған Әлия намайд, қазақша сөйлемейді ғой дым,Құралай молодееец!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.