Өзгеше Ретсензиа #2 | Қара Патсан: Аңыздың жандануы

Кино /
Если есть на земле рай — то это безусловно Шымкент :((( ©
Сонымен, Ербол қоймай реклама жасап жүрген ҚараБатыр туралы пильмді де көрдік. Қарсы болмасаңыздар, енді сол пильм жайынша біраз әңгіме тарқатып жіберейік.
— Садық аға, сіз кәдімгідей кинолог екенсіз ғой, иә?
— Кети, епті, өзің ит бағушы ©

Кристофер Нолан. Иә, бұл есімді білмейтін адам аз шығар. Әрине, Африка континенті мен Азияның үшінші дүние елдерін алатын болсақ, Антарктидадағы пингвиндермен қоса есептегенде жоғары да айтылған сөзіміз тіптен өтірік болып қалайын деп тұр. Сондықтан, адам деген аудиторияны, киномандар арасында деп ала салайық. Осылай, әділ болар, оқырманым.

Иә, Ноланды аттас фильмнің алдыңғы бөлімдерінен және былтырғы ең үздік фильмдерден бірі болған «Начало» фильмінен өте танитын болуларыңыз керек. Нолан өткен жылғы рекордын жаңартып, көрермендерін жаңа әсерге бөлеймін деген талпылысына өкінішке орай біз тосқауыл бол алмадық. Жоғарыда аталған фильм шынымен өте жоғары бағаға ие болғанын ескертіп өткім келіп отыр.
— Садыыыық, ішетін бірдеңе ішіп келейікші.
— Мына жерден тіке жүріп, оңға бұрылсаң туалет бар… Үйдегі судан таза...:)
Енді, не үшін мен бұл фильмге баруым керек/дискін алуым керек/торренттен жүктеуім керек/vk.comнан көруім керек деген сұраққа төменнен жауап іздеп көреміз.

Фильм сюжеті:
Фильмді көріп бастаудан алдын Ноланның есуас екенін есіңізге алыңыз. Алдыңғы фильмдерінен бір де бір сіздің ойлап отырғаныңыздай бітетін фильмін көрдіңіз бе?
(Типа, өздерін профессионалмыз, анау мынау деп ойлағандай дәл қазір іштей өзінен өзі «Иә» деді.)
Дұрыс айтасыздар, мен де көрген жоқпын. Фильм бойынша біздің қаһарманымыз қыз тойыс, қыл үстінде жүреді. Алдыңғылармен салыстырғанда қалған нұсқалар мүтпилм болып кетуге сәл ақ қалыпты. А так, қарапайым ғана миллардер жігіт маска киіп алып, қуып кетер деп кім ойлаған дейсің, иә) Өмір солай, амиго! 8 жыл өткен соң тағы да бастау, ну енді шерешшүр. Ощм, алдыңғы кездегідей де басты қаһһарман зұлым кейіпкермен бақталасады. Әрине, нысанасын талай уақыт алып жүрген Қара батыр, негізгі нысаны ол емес, басқа бір нәзір жанды болғанын білген кезде қандай ауыр күйде болатынын былай-ақ ойлай бересіз деп ойлаймын. Ощм, мәселе спойлер емес, фильмнің сюжетінің өте мықты жеңгейге тойыс, деңгейде жазылғанын айтуда еді.

Актерлық құрамы:
Кристиан Бэйл. Шыны керек бұл жігіт осы фильм арқылы ғана танимын. Қатты мақтамай ақ қояйын. Актерлық шеберлігі менің алдыңғы сүйікті актерларымның орнын басатын айқын жақтары болмағанымен, бірақ мына фильмде тамаша ойнап шыққанын айта кетейін. Түрі жескы жігітті ең алғаш рет көргенде Том и (Джерри) Кыруз еске түсе кетті. Эмоушн мен рухты жақсы жеткізеді екен. Қысқасы, кырасапчег:)
Морган Фриман. Бұл қара жігітті бұрыннан білем ғой. Ескі таныстығымыздың құрметіне оны осы фильмдегі құрмет тақтасына ілемін. Рөлдері қазақша айтқанда, өте четкий кісі. Мына фильмде қосалқы рөлді ойнаса да, менде өте жақсы әсерін қалдырды.


Жалпы айтқанда:
Жалпы кішігірім қортындылай келгенде, ескі кеңес фильмдерінің ярый фанатымын демесеңіз сіз міндетті түрде мына фильмді көруіңіз керек. Спецэффектілер, базар жоқ жасалған. Сюжеттің соңы адам күтпеген жағдайда бақытты бітетіні ұнжырғаңыз түсіп, кинодан шыққан соң ішіп кетем деп отырғанда шляпаңызды лақтырып, ауылыңда ат шаптырып жіберуге тұрарлық.
Қарын ашты… Үйлену керек © Zhanat
Фильмнің сеансын Ербол көтерген соң баа, өз ақшаға барғандай әсеріндей толыққанды адреналин алмасам да, бауырластық үшін фильмді көру барысында айтарлықтай жақсы әсер алдым.
Қайталап көруге болатын жақсы фильм болғандықтан сеансқа бір әдемі қыз құшақтап, ертесіне басқа қызды құшақтап келіп қайтуға болады.
Сондықтан фильмге берілетін бағам: 10/9,8827276234923498287236274349

6 пікір

MSHERIMBEK
Ывот и ывсе ©
Korkem
қойың, қойың енД
qyrmyzy
сомен? Бұзылмай ма екен?
qyrmyzy
на рецензиядан кейін "қара күнге" жинап қойған ақшаңнан алып болсын фильмді көргің келеді екен. Не го, фантастика көруге бола ма? Әлде мүлтпиліммен жүре тұрайын ба? Ық ық:)
Ademi
Қайталап көруге болатын жақсы фильм болғандықтан сеансқа бір әдемі қыз құшақтап, ертесіне басқа қызды құшақтап келіп қайтуға болады.


Қайталап көруге жақсы фильм екен. Бүгін бір жігітті, ертең басқасын құшақтап баруға бола ма бізге:)?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.