31 телеарнада "Мезгілсіз сезім" телехикаясының жалғасы!

Кино /
Құштарлық құрсауында…
Бұл Бихтер және Бехлюл атты жастардың тыйым салынған махаббаттары туралы баяндайтын телехикая түрiк кинематографистерінің соңғы жыл iшiнде ең үздік туындылары болды.
Жаңа маусымда тыйым салынған махаббаттың құштарлық пен құмарлық қызуына бой алдырған Бихтер мен Бехлюл тым ашық кетеді… Сериалдың екiншi маусымында құштарлық пен сезім орын алады.
Бірге өмір сүрген екі жылдан соң бұл неке Бихтерді жалықтыра бастайды. Күйеуі Аднан екеуінің жас айырмашылығы тым үлкен екенін ол толық мойындайды, сондықтан оған деген сезімін махаббат деуге келмейді. Бихтер мен Бехлюл бір-бірінен алысырақ ұстануға қанша тырысқандарымен, кездейсоқ оңаша кездесулерден құтыла алмады. Уақыт өте екеуінің арасында тыйым салынған махаббат басталады…
Аднан мырзаның 18 жасар қызы Нихал Бихтердi жек көре бастайды. Оның ойынша, үйдегі ол жақсы көретін адамдардың барлығының кетулеріне себепкер Бихтер. Ақырында Нихалға анасын алмастырып, тәрбие берген әйел де кетіп қалады. Қызда басқа ешкім қалмады. Әкесіне қатты бауыр басқанына қарамай, одан қашқақтайды.
Бихтердің анасы Фирдевс Бихтер мен Бехлюльдің арасындағы құмарлықты байқап қояды. Осыған алаңдаған ол қызының отбасын сақтап қалу үшін Нихалды Бехлюлге ынтықтырып, екеуін бір-біріне жақындастырмақ болады. Жастар алғашқыда бұл жағдайды қалжың ретінде қабылдағанымен, уақыт өте келе ол шындыққа ұласады. Олар бір-бірін ұнатып қалады. Бихтер қызғаныш пен долылыққа бой алдырып, Бехлюл екеуінің арасындағы жағдайдың бәрін жайып салған соң Нихал мен Аднан ауыр соққы алып, есеңгіреп қалады…
Бұл жанұяны тағы не күтіп тұр?..

0 пікір

Автор, мақала соңына пікір қалдыруға тыйым салды!