Тыйым салынған билер" фильмі ел назарына ұсынылмақ

Кино /
«Тыйым салынған билер» фильмі ел назарына ұсынылмақ


Қазақстанда да көше билерінің көрермені көп. Әсіресе, тыйым салынған биді үйренуге үміткер басым. Бұл сұранысты елден бұрын ескерген «Жадо» продюсерлік орталығы жаңа кино түсірді. «Тыйым салынған билер» атты фильм — ел экранына таяу күндері жол тартпақ. Би жанрындағы отандық тұңғыш туындыны түсіруге аз қаражат кетпепті. Бастысы — «Орда» тобы мен кәсіби бишілердің басын қосып, заманауи өнер мен қазақтың қара домбырасының үнін үндестіре білген бұл фильмнің сапасы өте жоғары. Бұл туындының тұңғыш көрермені болып қайтқан Ирина Советжанқызы толығырақ баяндайды.
Каракурты возвращаются… Жанры — жаңа, стилі басқа бұл туындының трейлерінің өзі — өзгеше. Кәдімгі өнер сахналарында көріне қоймайтын, болмаса, би жанрындағы басқа қимыл.
«Махаббат үшін биле!» Фильм режиссері тосын туындының ұранын да үндеуге ұқсатыпты. Яғни жастардың бос уақытын жаман әрекеттерге бөлмей, бар дүниені ұмытып, би өнеріне ұмтылуға үндеу, әрі өнер, спорт түріне жұмылдыруға үндеу, деп түсіндіреді түсірушілер. Әрі қатып қалған қағидаға бағынбайтын еркін қимылды — көше стилін, тыйым салынған билер арқылы көрсетуге тырысыпты.
ЖАДЫРА САХИЕВА, «ЖАДО» Продюсерлік орталығының директоры:
-Жастарға қызық болсын деп, билемейтін жерде билесін деп… тақырыбын да осылай таңдадық.
ЕРБОЛАТ БЕДЕЛХАН, «Тыйым салынған билер» фильмінің режиссері:
-Мұнда тек қана махаббат емес, бәрі бар. Әсіресе би.
Әртістері де әйгілі топтан емес. Басым бөлігі — бишілер. О бастан билерімен ерекшеленген «Орда» тобының әні де биі де осында. Тек топтың стилі басқа. Ал, басты кейіпкері болған қыз — «Азиада аруы» атанған бойжеткен — Жулдыз Сапарғалиева. Туындының жанры да жан-жақты — мелодрама, әрі комедия, әрі би жанрларын қамтыған. Мазмұны да терең — бірі студент, бірі — аспазшы, енді бірі даяршы қызметтерін атқаратын топты — бір арнаға тыйым салынған би тоғыстырған. Және сол өнер жолында тап болған кедергілерді жұмыла шешеді.
Қазақстандық жан-жақты жанрда түсірілген тұңғыш туынды ел экранына осы айдың аяғына таман жол тартпақ.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.