Трансильвания қонақүйі: келген ізіңмен кері қайт!

Кино /


Әдетте қалай? Әдетте былай. Бір топ жақсы адам болады. Оларға «көн шалбары көтіне қатқан» бір жалмауыз-құбыжық тыныштық бермейді. Малын ұрлайды, өздеріне қауіп төндіріп, қатер қыла жаздайды. Содан әлгі жақсы адамдар бірігіп жамандыққа қарсы тұрады. Жеңіп шығады. Сосын қара жер құшып жатқан құбыжықтың басын тепкілеп тұрып бұ дүниедегі күллі ғибадати-ғадауати қасиеттер туралы құшақ-құшақ құнарлы сөздер айтады.

Біз әлимсақтан бері көріп келе жатқан мультфильм атаулы осындай болатын. Жағымды кейіпкеріміз нар тұлғалы, бура санды, бұқа мойынды, көрікті де келісті болса, қарғыс атқыр қара ниетті неме бет-ауызы бүріскен, көрген адамның көзін де, көңілін де құсаға қалдыратын кейіпте еді.



Дженнди Тартаковски (тумысында мәскеулік Геннадий Тартаковский) бұл мәселеге басқа жағынан кіруге бел шешіпті. Бұрын біздің әңгіме-аңыздарымызда итатқырдың рөлін ойнайтын қанішер, қасқыр-адам, зомбилар «Трансильвания қонақүйінде» керісінше көрсетілген.

Фильм желісі былай: ғасырлар бойы ғұмыр кешкен граф Дракула алақанына салып аялап отырған, жүз он сегізге жаңа толған қызы Мэвисті адам атаулыдан аулақ ұстайды. Кішкентайынан «пендеге жолама, көрген жеріңде көкірегіңе сына қағып, басыңда шауып тастайды» дегенді құлағына құйып өскен Мэвис әкесінің құбыжық атаулыға тыныштық сыйлап, емін-еркін дем алуға жағдай жасайтын қонақүйіне қаңғалақтап жүріп келіп қалған Джонатанға ғашық болып қалады. Әрине, Джонатанның Франкенштейн секілді денесі құрастырмалы немесе Көрінбейтін адам сияқты қасиеті болса екі жас бақытты болып-ақ кетер ме еді, кім білсін, бірақ, жас саяхатшының қарапайым адам болғандығы күллі қонақүйдің апыр-топырын шығарады. Себебі, құбыжықтар… адамнан өлердей қорқатын.



«Трансильвания қонақүйі» жылдың үлкен-кішісі көріп, көңіл көтеріп қалуы тиіс туындыларының бірі деп есептеймін. «Мегами» мен «Жексұрын мен» секілді бер жағы адам төзгісіз, бірақ жан-дүниесі қайыр-мейірімге толы кейіпкерлері бар туындылар ұнаса, ойланбай кассаны тоқылдатып, тиын шығарып «Трансильвания қонақүйінен» «бөлме алыңыз».

Фильм бір жарым сағат бойы көрерменін қалт жібермей, қадағалап, уысынан шығармай ұстап отырады (Sony Pictures-тің анимациялық туындыны бұлай түсіре алғандарына өзімнің де аздап таңым бар).



Сюжеттің жылдамдығы бөлек әңгіме: диалогтар мен қалжыңдар тез ауысады және жалықтырмайды. Күтпеген «қорқынышты» сәттер өзге анимациялық туындыларда жоқ өзгеше бір әсер береді.

Кейіпкерлердің кескін-келбеттері мен киген киімдері де сауатты: дракулалық оқиғаға тән готикалық стиль мен қызылды-жасылды көңіл көтеретін түстердің өріле беруі фильмнің сапалық қасиетін күшейте түскен.



Сөз жоқ, «Трансильвания қонақүйі» сізге ұнайды. Себебі, қамқор әке Дракуланы, ақкөңіл Франкенштейнді, көзі мөлдіреген сүйкімді жарғанат қыз Мэвисті, көңілді Мумияны, топырлаған бөлтіріктерін жанындай жақсы көретін Қасқыр-адамды, тентек Көрінбейтін адамды сіз басқа фильмнен осы кейіптерінде көре алмайсыз. Әзірге деп үміттене отырайық…



Дінмұхамед Зиядин

Киностан

Суреттер: www.rottentomatoes.com

27 пікір

Jako
«Трансильвания» қонақ үйін қайдам, аленді мына теңеуің «көн шалбары көтіне қатқан» ұнады,өлтіргенсің.
qisyq
Батырлар жырынан ғой, біздікі сол қайталау, тыраштану.
baur79
жақсы бір жазба болды
qyrmyzy
Sony Pictures-тің анимациялық туындыны бұлай түсіре алғандарына өзімнің де аздап таңым бар
өйстіп қызықтырып қоясыңдар енді…
davidoff
Фильм бір жарым сағат бойы көрерменін қалт жібермей, қадағалап, уысынан шығармай ұстап отырады
дейсің ау, Бірақ бір қарағым осы фильмге баруға желанямды қашырып жіберді сірә!!!
qisyq
Енді, "әр кәллада бір қиял".
Aru_Sagin
Иә, бұл керемет мультфильм. Өте қызықты, қарап отырғанда жалықпайсың. Барлықтарыңды осы мультфильмді қарауларыңа шақырамын. Айтпақшы, осы мультфильм Оскар жүлдесін алушылардың тізімінде деп естідім.
Nursultan2002
Мен осыны кинотеатрдан көрдім 3Д
korwinin_kyzy
айтып қалу кереккко,,
Aru_Sagin
Қалай екен? Ұнады ма?
davidoff
3Д болса ұнаған шығар!!? ық ық
qyrmyzy
3д болса, бару керек
davidoff
қааап, бүгін ғана Алматыдан кетіп қалып ем. Сонда болсаң бірге барар едік ))))
qyrmyzy
қап-ай а! :)))))))))
davidoff
ай қырмызы ай. ти мне лстищ!!???
qyrmyzy
ық ық, не жаздым?
davidoff
Пашутил ғой!!!
qyrmyzy
не ғой, эстафета жазбасы небоватыр?
davidoff
Аыттым ғой бәрімізге тиесілі деп )))))
davidoff
Тем боле 2 ақ қатар шығады ғой, шыкса…
qyrmyzy
намек емес, талап етіп алдыңыз, енді жазыңыз майын тамызып суреттерімен.
davidoff
Уәәә.
сен маған көмектессей, ато менін дыыым уақытым болмай жүр.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.