Вирт па? Вирт! (Шимайлардағы шимайым)

Кино /
Бос уақытыңда сымсыз желі еріксіз компқа байлап қояды. Инетке қосылсам, сағаттар жылдамдығын екі есеге көбейткендей болады маған. Уақыт дегенің зырылдайды-ау, зырылдайды. 5-ақ минут отырам деп, кейде сағаттап отыратынымыз тағы бар.

Виртуал! Санамызға сіңгелі көп болған жоқ. Бірақ жаулап алды бос орынды қалдырмай.

Виртта бәрі бір! Барлық адам тең! Бәрі әдемі. Қайда барғың келсе, сонда баруыңа болады. Әр түрлі достар… керек кезде қол ұшын созатын достар да қасыңнан табылады, әрине виртта!




Кейде айналаңдағылар бере алмаған жылулықты монитордың ар жағында отырған респондентіңнен сезінесің. Клавты тарс-тұрс ұрғылап, ішіңдегіні жайып салатының, еркелеп, назданып, жынданып алатының тағы бар. Тағы...әрине жүрегіңнің жартысын да табуың ғажап емес.

Әмір Қарақұловтың "Ғаламтордағы махаббат" фильмі осыларды қамтығандай. Фильм желісі бойынша, ебедейсіз жігіт сұлу әріптесіне ғашық болады. Иә… «Служебный роман»… Бірақ біржақты. Ал тәкаппар қыз әріптесін көзіне де ілмейді. Себебі ол — виртуалды өмірге байланған еді…



Мұны байқаған жігіт интернеттен мүлдем хабары жоқ болса да, махаббат үшін, махаббаты үшін әлеуметтік желілерге тіркеліп, қыздың жүрегін жаулауға тырысады. Таңнан кешке дейін ұласқан диалогтар махаббат диалогтарына ұласады. Бірақ реалда ара қатынастары басқаша. Жәй ғана әріптес, ал виртуалда ғашық жандар, бір — біріне ғашық жандар. Әрине, мұны тек жігіт қана білетін.

Жігіт қызға ұнайтын «подходтарды» реалда да жасай бастайды… Ал, қыздың ойына мүның бәрін істеп жүрген әріптесі екеніне кіріп те шықпайды. Жігіт болса сүйіктісіне титтей болсын қуаныш сыйлайтынына мәз. Виртуалда болсын, реалда болсын!

Ақыры жігіт діттеген мақсатына жетіп, сұлуын «сындырады». Енді кездесу керек! Жігіт қайтер екен… Ғашығы әріптесі екенін білгенде қандай көңіл-күйде болады екен…

Очм, бұйырғаны ма… ойламаған жерден бардым көрсетіліміне. Алғашында басты рөлдегі жігіт Ерболат Құдайберген деп ойладым. Бір қарағанда ұқсайды екен. Анықтап қарасам, орыс жігіт. Қараңғы болса да, пресс-релизге үңілдім. Ресейліктермен бірге түсірілген Қазақфильмнің туындысы екен.
Операторға басымды иіп, алғысымды айтып қана қайттым. Әйтеуір Сатыбалды Нарымбетовпен шәй ішіп, суретке түскеніме мәз болдым:)




Неге дейсіз ғой????

Орынды!

Фильмді көргендермен талқылаған жақсы:)

ПЫСЫ: жазба жазылған уақыты: 25 қараша 2012, 04:02

15 пікір

AKA
Ай, ай, ай, қызық жерін жазбай, қызықтырып жібердіңіз. Рахмет! :)
qyrmyzy
Намектадым ғой :) Жекеге жазамын, күтіңіз :)
mairosh
Мына әртіс «Елки» киносында ойнайды ғой)) Керемет әртіс. Бірақ атын білмеймін(( Жақсы жазылыпты. Оқып отырсам киноны көрген сияқтымын.
banzaika1990
аты — Артур Смольянинов. Керемет әртіс екені рас.
mairosh
Есте жүреді екен. Рахмет!:)
qyrmyzy
Алғашында Ерболатқа ұқсаттым. Ресейліктермен бірігіп түсірген соң, басты рөлге бір қазақ, бір орыс ұлтын алыпты:)
yesbolat83
Мені де қызықтырып жібергенің. Фильмнің аты сонда Служебный роман ба? Қыз қазақ сияқты?
qyrmyzy
Әмір Қарақұловтың "Ғаламтордағы махаббат" фильмі
иә, қыз қазақ. Бұл фильм кинотеатрларда қазан айында шыққан. Инетте бар шығар, қарап көріңіз
followme_alik
Прэдтимомым, көрер қызықтар көбейсін… попнугамды алдыма алдым… көрелік, рақа.
VVVWWW
Жұмысыңда свет өшкені қандай жақсы болды, бр фильммен танысып қалдық (жиі-жиі өшіп тұрсын!).
Енді жұмысыңда жылу болмай қалсын деп тілесек, қандай жазба оқыр екенбіз? (немесе су болмай қалса)
qyrmyzy
Бәәәрі алда :)
banzaika1990
Сеннен «Жылусыз, сусыз офиста (кабинетте, мекемеде) VVVWWW ның басынан өткендері» атты қызықты жазба оқу үшін жұмысыңда жылу немесе су болмай қалуын біз тілейтін сияқтымыз ғой.
STR
Осы кино шыққан кезде ультра хамелеон патриоттардың сынына ұшыраған еді. Нәп-нәрмальный кино. Как будто қазақ қыздары шетелдіктердің жанында сүйретіліп жүрмегендей лепірді. Қалды ғой.
Жақсы, өміршіл кино, интернетте бастары қалғыр қауым)))
Madi
Фильмді көрмедім…
Дегенмен, қыз бен жігіт реалда кездесіп жан сөздерін, шын сөздерін айтқаны дұрыс қой. Виртуал реалға айналғаны дұрыс. Қиялдана бермей.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.