Дениздің айтқаны...

Кино /








Махаббатсыз өткен өмiр елес екен.
Оны сезiмнiң соңынан жалаң аяқ жүгiргенде түсiндiм.
Жылағанда күлдiре бiлуде үлкен қасiрет екен.
Оны мен жылап отырып күлгенде түсiндiм.
Бiрақ ол үшiн төккен әр тамшы көз жасым,
Сол көз жасыммен қуанышым сап тиылғанда түсiндiм.
Жалған сөйлеу емес шындықты айтқан өлместiк екен оны бар сырын айтқанда тусiндiм.
Сен маған керексiн кетшi деп айту үшiн ерiк жiгеріңнің керек екенін сонытүсiндiм.
Мен саған кет дегенiмде кейiн қайтып келмейтiнiндi түсiндiм.
Өкiну кешiрiм сұрау емес
менi кешiр де жалыну емес екенiн түсiндiм.
Оны шынымен өкiнгенде түсiндiм.
Жалған намыс шарасыздықтың бет пердесi екен
ал сезiмге толы журекте намыс болмайды.
Оны жүрегiмнен махаббат тапқанда түсiндiм.
Бiреудi сую еңбек екен.
Еңбек болса одан бас тарта алмайсың
Махаббаттын алдында адам дәрменсiз екен.
Мен соны түсiндiм

16 пікір

marghan_84
Мағыналы екен. Тікелей аударма болған соң ғой ұйқаспай тұрғаны. Жалпы «Дениз» қашан бітеді? Түріктер де «Санта Барбара» құсатып созды ғой әбден. )))) +1 менен
calendula
Көрсем құсқым келетін Дениздің суреттерін толтырып тастапсызз…
Jako
Осы өзі сен қызға ұнайтын бір нәрсе бар ма, посттарға жазған пікірлеріңді қайталап бір қарап шықсы.Неге бүкіл дүниені жек көресің,құрбыларыңның көңіліне қарасаңшы.
calendula
Маған ұнайтын нәрселер бар. Адамның талғамы неғұрлым төмен болса, ұнататын нәрселерлі де көп болады. Біреу ұнатты екен деп ұната салмаймын. Ұнатамын ба, ұнатпаймын ба, ашық айтамын. Менн бүкіл дүниені жек көрмеймін, тек басқалардың жақсы көретін дүниелерін ұнатпаймын және әркімнің өз талғамы бар. Өтірік ұнайды дей салсам, барлығы мені жақсы көре салар еді ғой осы жерде, өз ойымды ашық айтып, ұнаса ұнады, ұнамаса ұнаған жоқ дегендігімнен мені көбі жақтырмайды. Өзіңіз де посттарға пікірлеріңді қарап шық дейсіз, пікірлерімнен ешқандай жаман немесе артық нәрсе көрмеймін және артық нәрсе көрсем жазбаймын!
Jako
Түсіндім, кешір.
VVVWWW
Осы «Дениз» дейтін телесериал жайлы көп айтылады, (сұрақ-жауапта да солай) сондай жақсы сериал ма не (немесе өте жаман (пікірлер әр түрлі), қай каналдан болады (біреулер айтып еді Қазақстаннан болады деп одан көре алмадым, қай уақытта болады екен), естуімше түрік сериалы сияқты ғой…
PycJIaH
Қазақстан телеарнасынан сағат 19-30 болады.
VVVWWW
Қайда әлгі Дниздерің 19-30 дан бастап күтіп отырмын ғой "Қазақстанның" алдында мөлиіп…
Кешірерсіздер бізде (Батыс облыстарда 18-30 екен ғой) ертең қарармын
Abylai
әәәә VVVWWW, батыстансың ба, жәйлап жәйлап көбейіп келе жатыр ақпарат!
Jako
Мағана мәнсіз,қазақ менталитетіне кереғар, жеңіл, елбұзар сериал деп ойлаймын.
qusbegi
Оттап кеткен сериал!
— Мәрт, Мәрт…
— Ұмыта алмаймын мен сені, Дениз!
хехе, ауылға барғанда шәйдің үстінде отбасыңмен қарайсың, әйтеуір:)
PycJIaH
Осы сериал Бразилияның сериалдары сияқты ұзап барады. Түріктерде қалыспайық деген болар:) Өлеңнің мағынасы жақсы, керемет айтылған!
meirambek95
Дениз осы 365 күн (1жыл)болады ғо дим, мағынасы жоқ киноны көрсетіп не керек
123456789
Ал менде оның 416 шы сериясы бар жарты сағаттық емес кәдімгілей 45 минуттай болады, қазақстаннан да сондай уақыт пен көрсетедіго.
aidarkaka
Барлығы 500 ау деймін. Бір жерден кордім соны
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.