Тойдан сарқыт!

Кино /
Қазақтың тойына күнде барып жүрміз ғой, ал орыстың тойы көбімізге құпия. Олай болса, орыстың тойына баратын оңтайлы сәт келіп тұр. «Горько» киносы қарапайым екі жастың үйленуге деген жоспарынан бастау алады. Оның барлығын олар камераға жазады. Қыздың жоспары үлкен, ал ол арманды жүзеге асыруға жігіттің қиялы жеткенімен, қалтасы көтермейді. Ең қызығы, қыздың әке-шешесінің жағдайлары бар. Бірақ қыздың бүкіл жабдығын көтерген әке оны тек ескі көйлек, ұрлықы жолмен келген жүзік және ескі мейрамхана таңдайды. Өмірлерінде бірінші рет болатын тойды жасаймыз деген екі жас тағы бір теңіз жанындағы мейрамханамен келіседі. Той болатын күн белгілі. Ал жастар ренжісіп қалды. Аяғына дейін түгел айтпай-ақ қояйын, қызықтың бәрі алда, жалғасы кинотеатрда)!

1 пікір

Kan
орыс орыс ішеді борыш. ерікен
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.