Дискжетекті (дисковод) қалай ашуға болады?

Компьютерлер туралы /
Ассалаумағалейкум достар! Менің Есімім Төлеби. "Айтабер" блогтұғырына өзімнің алғашқы сөзімді айтқым келді. Өздеріңіз байқағандай менің таңдаған тақырыбым ол комьютердің дискжетегін(дисковод) ашу жолдары жайлы болмақ. Сіздерге күлкілі көрінер. Мұның еш қиындығы жоқ қой. Дискжетектегі опен батырмасын бассақ шыға салады дерсіздер. Бірақ кейде дискжетек опен батырмасының көмегімен шықпай қалатын кезі бар. Мұндай келеңсіз жағдайға кезікпесеңіз, кезікпей ақ қойуыңызға тілектеспін. Бірақ кезігіп қалған жағдайда не істеу керегін «Айтып» көрейін. Сонымен дисжетек шықпай қалғанда не істеу керек?
1. Бірінші жолы ол «Мой компьютерге» кіріп дискжетегіңіздің үстіне оң жақ батырма басу арқылы шыққан мәзірден «Извлечь» пунктіін таңдасаңыз, қырсығып тұрған дискжетек әп-сәтте жылжып шыға қоюы керек.


2. Ал егер дискжетектің шықпай қоюы компьютеріңіздің Операциондық жүйесінің қателігінен болса, онда копьютеріңізді өшіріп қосқан (перезагрузка) жөн, тіпті кей жағдайда электр жүйесінен ажырату керек болып қалады.

3. Үшінщі жолы ол нағыз қазақбайша:))). Мұндай жолды өндірушілер қазақтардан үйренген болар. Бізге скрепка, не жуалдыз сиякты катты әрі жіңішке нәрсе керек. Оны алып дискжетектегі жаңағы опен батырмасының төңірегіндегі кішкентай ғана тесікшеге салып, ішіне сұғу керек. Сіздің құралыңыз тірелген тетікті қаттырақ итерсеңіз, дискжетегіңіз босап шыға келеді.

4. Төртінші жолы, дискжетекті арнайы бағдарламалық утилиттермен ашу. Мысалы мына бағдарлама және мына бағдарлама(автоматты түрде жүктеледі). Бағдарламамен жұмыс жасау сізге қиындық туғызады деп ойламаймын.
Осымен сөзімді тәмәмдаймын. Берген кеңесім қажет болса пайдаларыңызға жаратарсыздар. Егер пайдасыз болса, "Өз сөзім, өзімдікі!".

11 пікір

yerbol89
Өте жақсы ақпарат. Қазіргі таңда суреттегідей БлюРейде жаза алатын дискаводтар болса қатып кетер еді. Бір дискке 25 немесе 50 Гб ақпаратты басып жүре беретіндей :) 8 сынып оқып жатқан болуым керек ол кезде компьютерге енді отырып журген кезім. Бір диск салып катты зырылдап айналганда жаным калмаган еді. Есімнен алі кетпейді, сасканымнан шекемнен тер порша-порша болып шыққаны әлі есімде… )))
менің компьютерімнің жанында үнемі скрепка жатады, сонымен ашам…
kozy
ық ық ық… 3ші таза менің жолым ғой)) Бәрекелді!
qyrmyzy
Алғащқы сөзіңіз © пайдалы екен. Рахмет! Жалғысын күтеміз.
Рахмет! Жалғасы болып қалар:)))
rauan
Пайдалы ақпарат екен… Раха )) бірақ бұл сайтты да жойып жібермеңіз ))
Мазағын қарашы мұның!
Jako
Ой, Ерім-ой, сен кәдігімгі аты шулы Төлебимісің-ей? Азамммат((((
Мазағын қарашы мұның!!!
Jako
Одан аулақпын, басқаны қайдам әйтеуір өзімнің сасқаным анық.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.