Windows7-де сурет өзгерту

Компьютерлер туралы /
Ассалаумағалейкум Айтаберліктер!
Бүгінгі жазбада Windows7-де сурет өзгерту немесе қалаған суретіңді қалай қоюға болады? ,-сол турасында аздаған кеңесімді айта кетейін. Сіздер қандай сурет? Қай жердегі сурет? ,-деп ойланып жатырған боларсыздар. Міне, «Пуск» батырмасын басқан кездегі өзіңнің «Администратордағы» суретті өзгерту туралы болмақ:)



Ал, ендеше,қалай өзгертеміз?

1. «Пуск» батырмасын басамыз. Ашылған терезенің оң жақ бағанындағы «Панель управления» батырмасын басамыз.



2. Ашылған терезеден «Учетные записи пользователей» батырмасын басамыз.



3. Мынадай терезе ашылады.



4. Ашылған терезедегі «Изменение своего рисунка» батырмасын басамыз.



5. Ашылған терезеде көптеген суреттер тізімі көрсетіледі. Сол суреттерден қалағанын таңдап үстінен тышқанның сол батырмасын 1-ақ рет шертеміз.



6. Шертіп болғасын төмеңгі жағында «Изменение рисунка» батырмасын шертеміз. Сонда сурет ауысады.



7. Ал егерде өзіңнің суретіңді қойғың келсе немесе компьюетріңдегі өзің ұнататын суретіңді қойғың келсе… Жаңағы ашылған терезенің төмеңгі жағындағы «Поиск других рисунков» батырмасын басамыз.



8. Басқан мезетте жаңа терезе ашылады. Папкадан суретті таңдап…



9. Таңдап болғасын суреттің үстінен шертіп «Открыть» батырмасын шертеміз.



10. Сурет өзгерді.






Бұны білетіндеріңіз бар, білмейтіндеріңіз бар. Сіздерге көмегі тиді деп ойлаймын. Сау болыңыздар!:)

6 пікір

AKA
Аманшылық па әйтеуір, төрт рет жариялапсың, біреуін қалдыр енД.
pari
жаңа интернет загрузить етіп кетті, сонда жариялау дегенді басып едім қатып қалып 3-4 рет басылып кетіп.жарияланып кетіпті.Админдерге айтамғо,өшіріледі 3-еуі
SteVen_S_Sanzhar
Я төрт жариялапсың ғоо
SteVen_S_Sanzhar
аха
KalkanKulak
кіммен сөйлесіп отырсың?
Kinostrov
ol onai go menin 4 jastagi bratiwkamda biled oni luboi adam biled go kaidagi jokti jazganwa jaksi brdene jazbaisn ba
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.